15.09.2019

Валюта бағамы:

Мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті

Мектептерде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті

Қармақшы ауданындағы білім беру ордаларында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жосалы кенті орталығындағы №30 орта мектебі мен №27 орта мектебінде өткен алғашқы қоңырау салтанатты жиынына аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы арнайы қатысып, білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен №30 орта мектебінің 4 оқу корпусының 2 оқу корпусы бүгінгі күні пайлануға беріліп отыр. Сонымен бірге №27 орта мектебінде де алғашқы қоңырау салтанаты өтіп, алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді қабылдады. Бүгінгі күні білім беру нысанының 2 корпусының 1-ші негізгі оқу корпусының құрылысы аяқталды. Сонымен бірге асхана мен ойын алаңы пайдалануға дайын. Атап айтатын болсақ, жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылма - жыл тиісті талап-деңгейге келтірілуде. Мектептерде жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ғимарат ішінде орналасқан бу қазандықтарын сыртқа шығару жұмыстарына 5 мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда №27,№29,№105,№28 мектептердің жұмыстары толығымен аяқталып қабылданды. Сонымен бірге Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің сұйық отын жылу қазандығын сұйытылған газге ауыстыру жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында білім беру мекемелері цифрландыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Барлық мектептер электронды күнделікпен жұмыс жасау үшін 200 дана планшет және 194 дана интернет таратушы /роутер/ құрылғылары беріліп, қағаз-журналдардан арылып, жыл бойы электронды күнделікпен жұмыс жасады. 2019 жылы жалпы орта мектепті 484 бітіруші аяқтаса, олардың 26-на «Алтын белгі», 15-не «Үздік аттестат» берілді. 2019 - 2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сыныптар толығымен көшірілетін болады.

  • Жарияланған күні: 03.09.2019 01:56
  • Жаңартылған күні: 03.09.2019 16:01
  • Көргендер саны: 60
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі