13.11.2019

Валюта бағамы:

"Құқықтық мәдениет және сана" атты дөңгелек үстел өтті

«Ақмешіт-адалдық алаңы» жобасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес түрлі форматта жұмыстар жүргізілуде. Төретам кенті, Ақжар ауылдық округі мен Жосалы ауылдық округтерінде «Құқықтық мәдениет және сана» тақырыбында жастармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен дөңгелек үстелдер өтті. Дөңгелек үстел барысында тұрмыстық жемқорлықты жою, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп отырған жұмыстар баяндалды. «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобасы бойынша ауылдық округтердегі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

  • Жарияланған күні: 05.09.2019 04:13
  • Жаңартылған күні: 05.09.2019 19:58
  • Көргендер саны: 141
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі