17.08.2019

Валюта бағамы:

Жосалы кентінде "BIRGE - TAZA QAZAQSTAN" республикалық экологиялық акциясы өтті

Жосалы кентінде

Еліміз бойынша саябақтардың, скверлердің, демалыс орындарының, көл жағалауларының, су қоймаларының, өзендердің, бұлақтардың және автокөлік жолдарының аумақтарын тазалау мақсатында "Birge - Taza Qazaqstan" республикалық экологиялық акциясы бастау алғаны баршаға белгілі. "Birge - Taza Qazaqstan" республикалық экологиялық акциясына Жосалы кентінің тұрғындары белсенділікпен қатысты. Өткен сенбіде Сырдария жағалуынан 2 тоннаға жуық қоқыс жиналса, бүгінгі Жосалы кенті әкімі аппараты, аудан әкімдігінің ұйымдастыру және инспекторлық бөлімінің, жастар ұйымдарының жоғары дегейде ұйымдастыруының нәтижесінде Қараөзек теміржол көпірінен бастап теміржол өткеліне (переезд) дейінгі темір жолдың екі беті кент аумағындағы қоқыстардан тазартылды. Осы ретте әрбір тұрғынды өзі тұратын ауласына, жеке кәсіпкерлерді өздері иелік ететін кәсіпкерлік нысандарының аумағына тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Қоршаған ортаның тазалығы өз қолымызда екенін назардан шығармайық!

  • Жарияланған күні: 06.08.2019 03:59
  • Жаңартылған күні: 06.08.2019 17:09
  • Көргендер саны: 44
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі