10.07.2020

Валюта бағамы:

Жосалы кентінде Kaspi bank терминалы орнатылды

Жосалы кентінде Kaspi bank терминалы орнатылды

Жосалы кенті орталығындағы «Орда» сауда үйінде Kaspi bank терминалы орнатылды. Бүгін Қармақшы ауданы әкімі Мұса Қалдарбеков кент орталығындағы орналасқан терминалды арнайы барып көрді. Бұл қызмет түріне аудан тұрғындары өте мұқтаж екені белгілі және аудан басшысының халықпен кездесу есебінде тұрғындар тарапынан көтерілген болатын. Сонықтан да біраз уақыттан бері банктің басшылығымен аудан әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде аудан орталығына терминал қойылды. Көптеген қызмет түрлерін көрсететін Kaspi bankтің терминалын орналастырудың тиімділігі, тұрғындарға үйден шықпай ақ банк қызметінің бірнеше түрлерін алуға, тұтынушылық несие төлемдері мен коммуналдық төлемдер жасауға көмектеседі. Халықтың әл-ауқаты мен аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартудағы цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстардың жалғасы болып табылады.

  • Жарияланған күні: 29.06.2020 05:17
  • Жаңартылған күні: 09.07.2020 19:09
  • Көргендер саны: 263
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі