10.07.2020

Валюта бағамы:

Жосалы кентінде санитарлық – дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді

Жосалы кентінде санитарлық – дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді

Бүгін Жосалы кентінде СОVID-19 инфекциясының алдын алу мен қайталап залалсыздандыру мақсатында санитарлық – дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Жосалы кентіндегі А. Иманов, А.Құнанбайұлы, Е.Көшербаев, Т.Ізтілеуов, С.Ерназаров, Сегізов, М. Шоқай, Томанов, Мүсірбаев, М.Әуезов, Т. Рысқұлов т. б. көшелер мен Жастар саябағы орналасқан алаңдарда барлығы 20 –дан астам кент орталығындағы көшелерде санитарлық – дезинфекциялық жұмыстар атқарылды. Осы кезеңге дейін Қармақшы ауданында 1 456,1 млн шаршы метр көлемінде заласыздандыру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде әлеуметтік нысандарда, спорттық ойын алаңдарында, теміржол вокзалы, мектептердің жанында орналасқан спорттық-ойын алаңдарында санитарлық – дезинфекциялық жұмыстар атқарылып келді. Құрметті аудан тұрғындары, карантиндегі сақтық шараларын қатаң сақтап, бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.


  • Жарияланған күні: 25.06.2020 09:09
  • Жаңартылған күні: 26.06.2020 21:31
  • Көргендер саны: 352
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі