09.04.2020

Валюта бағамы:

Жосалы кентіндегі қоғамдық көлік мәселесі шешімін таба бастады

Жосалы кентіндегі қоғамдық көлік мәселесі шешімін таба бастады

Қоғам бар жерде көлік мәселесінің туындауы таңсық емес. Соңғы жылдары кент аумағы кеңейіп, мөлтек аудан қосылды. Сол мөлтектен жаңа мектеп салынды. Адам саны мен тұрғын жайдың көбейіп, қоғамдық көлікке деген сұранысты арттыра түсті. Мектеп оқушыларына арналған автобус болғанымен, ұстаздар мен өзге де қызметкерлер амалсыздан такси қызметін пайдалануға мәжбүр болатын. Одан бөлек, мөлтек аудан тұрғындарының орталыққа қатынауы да қиындық тудыратын. Мамандардың айтуынша нарықтық бәсекеде такси қызметін тұрғындар көп пайдаланды, сондықтан маршруттар шығынды ақтамайды десе екіншіден, аудан көлемінде бел шешіп кірісетін кәсіпкердің табылмауы болатын. Енді міне бүгінен бастап бұл түйіткілді мәселелер шешімін тауып, уақытылы әрі қажетті бағыттармен толықтай қамтамасыз ету үшін 4 автобус тұрғындарды тасуға кірісіп кетті. Маршрутты пайдаланатындар мектеп оқушылары мен зейнет жасындағы үлкендер. Оқушылар қосымша үйірмеге барса, үлкендер базарға, қонаққа, ауруханаға қатынауда.

  • Жарияланған күні: 18.03.2020 09:58
  • Жаңартылған күні: 19.03.2020 19:53
  • Көргендер саны: 81
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі