15.09.2019

Валюта бағамы:

ҰБТ

2018-2019 оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

2019 жылдың 21 маусымында ауданда екі ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан кейін - ҰБТ) өткізілді. 2018-2019 оқу жылының Ұлттық Бірыңғай тестке 484 мектеп бітірушіден 404-і ҰБТ-ге қатысып, орташа балл көрсеткіші- 76,3 балл болды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша ауданның орташа балынан 16 мектеп жоғары деңгейде болса, ауданның орташа балынан 12 мектеп төмен жинап, аудан көрсеткішін төменге тартты. Жоғары нәтижеге қол жеткізген №277 мектеп-лицей ұжымына ризашылығымды білдіремін. Жалпы ҰБТ-ге қатысушы оқушылардан ең жоғары 130 балл жинаған №26 орта мектептің оқушысы Жүнісова Гүлсезім. 100 және одан жоғары балл жинаған 54 оқушы болса, шекті балдан төмен жинаған 25 оқушы.


2017-2018 оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидаларына сәйкес 2018 жылғы 20-22 маусым аралығында ауданда екі ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан кейін-ҰБТ) өткізілді. ҰБТ ережесіне сәйкес елді мекендерден келетін бітірушілердің келіп қатысуы үшін оңтайлы жағдайлар жасалынды. Барлығы 652 оқушы мектеп бітірді. Оның 25 оқушысы «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» 17 оқушы иегер атанды. ҰБТ-ке 458 оқушы қатысып, орташа балл 83,8 болды. Қатысу пайызы 70,2. Олардың ішінде 43 бітіруші шығармашылық сынақ бойынша тапсырып, орташа балл-30,44 болды. ҰБТ-де жоғарғы балл 131 (№105 мектеп-лицейінен бітіруші) және 130 балмен (№80 мектеп-гимназиядан) 2 оқушы жинақтады.


2016-2017 оқу жылының ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Биылғы оқу жылын аяқтаудың жаңа форматына сәйкес ЖОО-на түсу үшін мектеп бітірушілер ҰБТ тапсырды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы ауданда 20-21 маусым аралығында 2 тестілеу пунктінде өткізіліп, оған 491 бітіруші қатысты, бұл барлық мектеп бітірушілердің 78,69 пайызы.
Қатысқан оқушылардың жалпы орташа баллдық көрсеткіші – 82,00 болды. Қатысқан 28 мектептің 16-сы (№183, 279,106, 28, 105,27, 109, 113, 277, 199, 85, 111, 185, 80, 26, 250) ауданның орташа баллдық көрсеткішінен жоғары болса,12 мектеп ауданның орташа көрсеткішінен төмен орналасты. Ең жоғары 101,38 балл жинаған № 183 орта мектеп бітірушілері.
"Алтын белгіге" ұсынылған 38 оқушының 31-і 100- ден жоғары балл жинаса, үздік аттестатқа ұсынылған 18 бітірушінің 14-і 100 ден жоғары балл жинады. № 250 мектеп-лицей түлегі, "Алтын белгі" иегері Отарбай Дәурен облыс бойынша ең жоғарғы 136 балл жинады.
Тестілеу қорытындысы бойынша 491 бітірушілердің ішінде 316 (64,36%) талапкер жоғары оқу орнына мемлекеттік білім грантын иелену үшін конкурсқа қатыса алады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде оқыс оқиға, ереже талаптарының бұзылу деректері орын алған жоқ.


2015-2016 оқу жылыныңы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Білім алушылардың білім сапасын бағалау ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанындағы тәуелсіз сырттай бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2015-2016 оқу жылында 594 оқушы мектеп бітірді.
Олардың 454-і (76,4%) ҰБТ-ге өтініш берді. (412-қазақ, 42-орыс сыныбы. Ақай ауылындағы орналасқан №73 филиалға 249 оқушы өтініш берсе, №155 филиалға 205 бітіруші өтініш берді.
Байқоңыр қаласындағы Қазақстан стандартымен білім алушы алты қазақ мектептеріндегі 209 бітірушіден 161-і (77,0%) , Қармақшы мектептеріндегі 385 бітірушіден 249-ы (64,7%) қатысуға өтініш берді.
Жалпы ауданның қатысу көрсеткіші-76,4 пайыз.
Оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау мақсатында филиал базаларында жыл басынан бері үш рет жалпы байқау сынағы ұйымдастырылды. 11 сынып оқушылары үшін облыстық, аудандық деңгейдегі ұйымдастырылған онлайн режиміндегі жоғары санатты, тәжірибелі ұстаздардың үлгілі сабақтарына тартылды.
Бітірушілер ішінен әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасының 100 оқушысына жергілікті бюджеттен ақпан - мамыр айларында аптасына 1 реттен тест тапсыру үшін тегін байқау кітапшаларына қаржы бөлінді.
Жанакорган ауданында орналасқан Талдысу тынығу лагеріндегі «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру» орталығындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындыққа 100 оқушыға 1 млн 656 мың тг қаржы бөлініп 13-23 наурыз аралығында барып қатысып қайтты.
ҰБТ Ережесіне сәйкес 50 шақырымнан жоғары қашықтықтан келетін 45 (№28,29,111,185,186) және 50 шақырымға дейінгі (№106,107,108,109,199,113) қашықтықтан келетін 53 бітірушіге 2 және 4 мезгіл тамақтану, тасымалдау және жатын орны үшін жергілікті бюджеттен 636,0 мың тг қаржы бөлінді.
Келіп қонатын оқушылар үшін Қармақшы «КZ-МВК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қонақ үйі, тамақтану үшін «Парыз» ЖШС-мен «Үміт» мейрамханасы, оқушыларды тасымалдау үшін ЖК «Б.Қалжанова» жеңімпаз деп танылды.
2015-2016 оқу жылында 594 оқушының ҰБТ-ға 454-і қатысып, орташа баллдық көрсеткіші – 83,01.
ҰБТ көрсеткішімен «Алтын белгі» иегеріне 19 оқушы атанса, «Үздік аттестатқа» 27 оқушы иеленді.


Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы 2015 жыл

Ауданда 427 бітірушінің 265-і ҰБТ-ге қатысты. Ауданның орташа баллы 83,1 құрап, облыста 2- орынға ие болды. 8 «Алтын белгі», 1 «Үздік аттестат» қорғалды. Биылғы оқу жылының қорытындысында ауданның №250 мектеп-лицейдің 7 оқушысы және №80 мектеп-гимназияның 1 оқушысы жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік грантын жеңіп алды. Оның ішінде №250 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Қ.Жанұзақов Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің «Санк-Петербург өсімдік полимерлеу мемлекеттік технологиялық университетінің», 6 оқушысы /С.Қыстауов, Н.Сақтапбергенов, Н.Шауханбай, З.Мұратбекова, Е.Қоянбеков, Қ.Жанұзақов/ Ресей Федерациясының Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетінің мемлекеттік грантына жоғарғы оқу орнына түссе, №80 мектеп-гимназиядан 11 сынып оқушысы Д.Төлегенов Республикалық «Ақберен» байқауының нәтижесімен Халықаралық А.Яссауи оқу орынының мемлекеттік грантын жеңіп алды.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 10.07.2019 10:54
  • Көргендер саны: 1350
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі