18.11.2019

Валюта бағамы:

Хаттамалары

Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №5

Жосалы кенті 2018 жылғы 13 маусым әкімдігінің мәжіліс залы сағ 10:00

Төрағалық етуші: Аудандық Қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Есдаулетов.

Қатысқандар: аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, кент, ауылдық округ әкімдері, ҮЕҰ жетекешілері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VI заңы.

Күн тәртібіндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңы қоса тігілді.

ПІКІР БІЛДІРГЕНДЕР:

1. Нұр Отан партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов: Өзгерістермен толықтырулар енгізілген заңға сәйкес ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің мөлшері арттыма және бұрыңғы алынған жерлері бар азаматтар қайта конкурсқа түсема?

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Өтегенов: ауылшаруашылығымен айналысатын субьектілер үшін мал санына қарай артты және алдағы уақытта ауылшаруашылығы жерлерін жалға алу конкурстық негізде жүзеге асады, алайда бүгінгі таңға дейін жер телімі бар азаматтар қайта конкурсқа түспейді.

2. Ақтөбе ауылдық округі әкімі О.Мұнарбаев: конкурс негізінде жалға алынған жерлер неше жылға беріледі?

Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Өтегенов:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) қысқа мерзімі 10 жыл, ұзақ мерзімі 49 жыл

3. Ақжар ауылдық округінің әкімі Е.Бисембаев: Жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген заңға сәйкес жер қатынастары тарапынан елді-мекендерде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілсе?

Күн тәрібіндегі мәселе бойынша аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері ҚАРАР ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VI заңының 50-бабының 4-тармағындағы жалпыға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шекті мөлшері (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Б.Өтегеновтың ұсынымы мақұлдансын.

2. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Өтегенов Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 151-VI заңына сәйкес жұмысшы топ жасақтап елді-мекендерге кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.

3.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау және тиісті жұмыстарды ұйымдастыру кеңес хатшысы С.Айдаровқа жүктелсін.

Төрағалық еткен Қ.Есдаулетов

Қоғамдық кеңес хатшысы С.Айдаров


Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ № 2

Жосалы кенті 2018 жылғы 23 қаңтар

Аудан әкімдігінің мәжіліс залы сағ 11:00

Төрағалық етуші: аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы И. Айекенов

Қатысқандар: аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

1. Аудан әкімі С.Мақашовтың «Қармақшы ауданының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы» есепті баяндамасы

2. Аудандық мәслихат хатшысы М.Наятұлының 2017 жылғы аудандық мәслихаттың жұмысы жайлы хабарламасы.

3. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы И.Айекеновтың 2017 жылғы атқарылған жұмыстары туралы хабарламасы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша есепті баяндамалар қоса тігілді.

ПІКІР БІЛДІРГЕНДЕР:

1. Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Қ.Есдаулетов: ауданымызда 2017 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда Жосалы кентіндегі балабақшаларымыз бой көтерді. Аудан тұрғындарының 99,9 % пайызы ауыз сумен қамтамасыз етілді және кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыстары ауқымды түрде жүргізіліп жатқандығына көз жеткізіп отырмыз. Тыңдалған баяндамалар бойынша оң баға беретінін айтты.

2. Аудандық қоғамдық кеңес мүшесі А. Дауленбаев: Ақай ауылдық округіндегі мектеп, балабақшаларға және кәсіпкерлік обьектілеріне бірінші кезекте газдандыру жұмыстарына ықпал етсеңіз? - деп аудан әкімі С.Мақашовқа пікірін білдірді.

С.Мақашов: 2017 жылы Байқоңыр қаласындағы аудандық білім бөліміне қарасты алты мектеп, бір балабақшаға газдандыру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Жосалы кентіне газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Сіздің ұсынысыңыз бойынша Ақай ауылдық округінің мектеп, балабақшаларға және кәсіпкерлік обьектілерін газдандыру жұмыстары бойынша облыс әкіміне баяндалып тиісті қаржы көлемін сұрайтындығын жеткізді.

Қоғамдық кеңес төрағасы И.Айекенов: Сұлтан Ысқақұлы кеңес мүшелерінің білдірген пікірлері маңызды деп есептеймін.

Жалпы, өткен жылы аудан әкімінің басшылығымен жергілікті атқарушы органдардың тарапынан ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында айтарлықтай нәтижелі жұмыстар атқарылды. Биылғы жылға да бірқатар үлкен бастамалар көтеріп отырсыздар.

Ол туралы ауданның барлық кент, ауылдық округтерында берген есептеріңізде де айтып өттіңіз, аудан тұрғындарына жан-жақты ақпарат берілді. Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан пікір айтылып, сұрақтар қойылды. Оларға тұшымды жауап алынды.

Қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімі С. Мақашов пен аудандық мәслихатхатшысы М.Наятұлының есебі негізінде ҚАРАП ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың 2017 жылғы қызметіне оң баға берілсін.

2.Ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын тұрақты сақтап, оны дамыту мақсатында жоспарлап отырған жұмыстарыңыз мақұлдансын.

Қоғамдық кеңес төрағасы И.Айекенов

Қоғамдық кеңес хатшысы С.Айдаров


  • Жарияланған күні: 04.10.2017 06:00
  • Жаңартылған күні: 10.07.2018 12:26
  • Көргендер саны: 1250
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі