22.04.2019

Валюта бағамы:

Астана 20 жыл


6 маусым күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы, Қармақшы ауданының 90 жылдығына арналған Қармақшы ауданында «Қорқыттан қалған қоңыр үн - ІІІ» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты: Қазақ халқының жыраулық, күйшілік, әншілік дәстүрлерді дәріптеу, насихаттау. Ұрпақ санасына сіңіріп, осы өнер түрлеріне балалардың ынтасын ояту. Жас жеткіншектердің таланттарын оятып, талабына дем беру. Өнер бәйгесіне Қызылорда қаласынан, Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы, Жаңақорған аудандарынан 30 талапкер қатыстырылды. Қатысушы талапкерлерге Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі. Байқауға облысымызға белгілі ақын-жыраулар, күйші-сазгерлер қазылық етті. Қазылар алқасында Майра Сәрсенбаева - жырау, "Мәдениет саласының үздігі", Жарқынбек Тұрымбетов - ақын, сазгер, Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінің оқытушысы, Айдос Рахметов - ақын, жырау Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы, Алдияр Шағдатов - күйші, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, Серік Жақсығұлов - жырау, К.Рүстембеков атындағы "Жыраулар үйінің" директоры қатысушы талапкерлерге оң бағасын беріп нәтижесінде "Дәстүрлі күй жанры" бойынша кіші топтан Алтай Шыңғыс 1 орын /Қармақшы ауданы/, Камалиев Шәкәрім - 2 орын /Сырдария ауданы/, Ниязова Ұлжан - 3 орын /Қармақшы ауданы/, үлкен топтан Жасаңбаев Мадияр - Бас жүлде /Қармақшы ауданы/, Өткелбай Әли - 1 орын /Сырдария ауданы/, Мағмуров Азамат - 2 орын /Арал ауданы/, Мүсілімова Гауһар - 3 орын /Қармақшы ауданы/ иеленді. "Дәстүрлі ән-жыр" жанры бойынша кіші топ бойынша Рысбек Жанұзақ - Бас жүлде /Сырдария ауданы/, Мархабатова Шұғыла - 1 орын /Қармақшы ауданы/, Рысбек Ақтеңге - 2 орын /Сырдария ауданы/, Ибрагим Рабия - 3 орын /Қармақшы ауданы/, Үлкен топ бойынша Ерталапқызы Нұрайым - Бас жүлде /Қызылорда қаласы/, Өтеп Батырбек - 1 орын /Қазалы ауданы/, Әбенова Меруерт - 2 орын /Қармақшы ауданы/, Жанділдаева Ақдана - 3 орын /Арал ауданы/, Жалғас Ернар - арнайы жүлде /Сырдария ауданы/ иеленді. Қалған басқа талапкер қатысушылар арнайы Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.

  • Жарияланған күні: 19.06.2018 06:03
  • Жаңартылған күні: 19.06.2018 18:43
  • Көргендер саны: 1165
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі