21.11.2019

Валюта бағамы:

Білім

Білім беру саласы бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы білім бөлімі Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" тақырыбындағы халыққа жолдауындағы білім саласына берген тапсырмаларын орындау бағытында жұмыс жасайды. Атап айтсақ, білім беру сапасын жақсарту, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу, қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасын теңестіру, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағыалдағы төрт жыл ішінде еңбек ақысын екі есе арттыру, яғни келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысын 25 пайызға көтеру, білім беру саласындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктерді қарастыру.

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Өткен оқу жылында 29 мектепте 755 сынып жиынтығында 14294 оқушы қабылданып 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 - ші сыныптардағы 10273 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алса, 2019-2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары кезеңдік жаңа бағдарлама жүйесіне көшеді.

2019-2020 жаңа оқу жылында 2019 жылдың ішінде 6 жасқа толатын бала 1 сыныпқа 1859 бүлдіршін қабылданды және барлығы 14807 оқушы мектеп партасына отыр. Биылғы жылысыныпқа қабылданатын балаларды мектепке қабылдау қызметі электронды түрде жүзеге асырылды. Оларға жалпы 1962 педагог дәріс берді. Ауданда 1962 педагог кадрдың 1-і педагог шебер, 235-і жоғары санатты және 135-і педагог зерттеуші, 632-і І санатты және 285-і педагог сарапшы – бұл педагогтардың 65,6 пайызын құрайды. (Ауданда 23 магистр бар.)

Педагог мәртебесін көтеру мақсатында ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 30%-ға көбейту тапсырмасына сай, 2018 жылдың қаңтарайынан жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы өсіп, 303 млн қаржы бөлінсе, 2019 жылы қаңтар айында 900324,0 мың теңге, маусым айынан бастап жалақы қорын 30 пайызға көтеруге 583927,0 мың теңге бөлінді.

Педагог категорияларының жаңа кестесіне сәйкесұлттық біліктілік тест арқылы жүргізілуде. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсуде. Жаңа формат негізінде аудан бойынша 177 педагог-модератор, 254 педагог-сарапшы, 112 педагог-зерттеуші санаттары бойынша тиісінше үстеме жалақы алуда.

10,11-сыныптардағы жаратылыстану-математикалық бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндердіағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастыру үшін 44 мұғалім тілдік курстардан өтіп, 33-і дәріс берсе, 11 мұғалім қазіргі таңда білімін жетілдіруде.

2019 жылы қажетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен 307456,0 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішіндесұйық отынға 286917,0 мың теңге, қатты отынға 20538,0 мың теңге қаралған. ІІ жарты жылдыққа жетіспейтін отын қорына 78000,0 мың теңге қаржы қажет.

Жалпы білім беру ұйымдарына 2019 жылы- 8 200 725,0 мың теңге, оның ішінде жалақы қорына - 5 845 685,0 мың теңге бөлінді. Жалпы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жылма жыл талап-деңгейге көтерілуде. Мектепте оқушылардың тығыздығына байланысты3 аусымдағы оқитын мектептер жоқ.

2019 жылы аудан орталығында орналасқан №27 мектепке РБ 129530,0 мың, ОБ 14392,0 мың теңге барлығы 143922,0 мың теңге қаржы бөлінді және №30 орта мектепке РБ 217511,0 мың теңге, ОБ 24168,0 мың теңге, барлығы 241679,0 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен №27 мектептің жеңімпазы болып "Өмірзақ" ЖСШ 124990,6 мың теңге, №30 мектептің жеңімпазы болып "КазКурылыс Сервис" ЖСШ 209699,5 мың теңгеге шарт жасалынды. Бүгінгі күні жұмыстар жасалынуда.

Ағымдағы жөңдеу жұмыстары:

275 орта мектебінің терезелеріне ағымдағы жөндеуге – 2479,7 мың теңгеге, сонымен қатар мектеп ғимаратының шатырына 6 380,7 мың теңгегежөңдеу жұмыстары жүргізілді.

№273 мектепке 8 008,0 мың теңгеге мектеп ғимаратын терезелер» ауыстырылды.

4 386,3 мың теңгеге Байқоңыр қаласында орналасқан №275 орта мектеп ғимаратының асханасына және 3 922,8 мың теңгеге мектеп ғимаратының спортзалын ағымдағы жөндеу жұмыстарынажұмыстарыжүргізілуде.

№277 мектеп - лицейіне газдың счетчигін орнатуға 1900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді. Биылғы жылы барлық мектептер өндірістік бақылаумен 100 пайыз қамтылса, мектеп асханаларының құрал-жабдықтарына 9497,0 мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.Мектептердің автоматты өрт дабыл қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге жәнеөртке қарсы қолдану балондарын толтыру, ғимараттардың шатырларын найзағайға қарсы сұйықтықпен қамтамасыз етугебарлығы 7000,0 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар жасалуда.

Мектептердің ғимарат ішінде орналасқан бу қазандықтарын сыртқа шығару жұмыстарына 5 мектепке 234200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ: №27 - 51600,0 мың теңге, №28 - 36300,0 мың теңге, №29 - 51800,0 мың теңге, №105 - 42400,0 мың теңге, №85 -52100,0 мың теңге. Қазіргі таңда №85, №28 мектептердің жұмыстары аяқталып, қабылданды, №105, №27 мектептердегі жұмыстары аяқталып, қабылдау жұмыстары жүруде, №29 мектепте құрылыс жұмыстары жүруде. Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің сұйық отын жылу қазандығын сұйытылған газге ауыстыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 23081,0 мың теңге бөлінген. Жоба сметалық құжаттарда көрсетілген жұмыстар толығымен аяқталған.

2019-2020 жылға оқулық алу үшін 2019 жылғы 17 мамыр Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №217 санды «Оқулықтардың, оқу- әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 4, 9, 10 сыныптарға оқулықтар толығымен алынды. 11 баспамен Қармақшы ауданы бойынша 50466 дана кітап 96375303 теңгеге, Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері бойынша 30159 дана кітап 54787055теңгеге келісім шартқа отырылып тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды.Барлық мектептерге оқулықтар таратылып берілді.

Былтырғы оқу жылында жалпыға міндетті оқу қоры есебінен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 3189 балаға 214 теңгеге бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, биылғы оқу жылынан бастап 315 теңге көлемінде көтерілетін болады.

Жалпы орта білім беру ұйымдарындабітірушілердің қорытынды аттестаттауы, жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын жүзеге асыратын Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бітірушілері өз білімдерін дәлелдей білді. 2019 жылы484 мектеп бітірушіден404-і (83,5%) ҰБТ-ге қатысып, орташа76.3балл көрсеткіш берді.Бүгінгі күні жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТсынағын тапсырған бітірушіден270 бітіруші ЖОО-ның мемлекеттік грант иегері, 116-і ЖОО-на ақылы негізде қабылданса, Арнаулы оқу орындарына гранттық негізде 67 бітіруші, ақылы негізде25 бітіруші қабылданды.2- оқушы денсаулығына байланысты ешқайда орналаса алмаса, 2 бітіруші әскер қатарына кетсе, 2 бітіруші басқа мемлекетке қоныс аударған.

«Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім»жобасын іске асыру жөнінде Қармақшы ауданы әкімі жанынан құрылған аудандық комиссия құрамы жұмыс жасауда. Аудандық комиссия шешімімен әрбір кент, елді мекендердемобильдіктоптарқұрылды. Мобильді топтар қатысушылардың тізімін жасақтап комиссияға ұсынады. (Бағдарлама қатысуға өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11 сынып бітірушілері, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, азаматтардың өзге санаттағы (Бағдарламадағы 9 пункт бойынша) адамдар үміткер болу қажет)). Қазіргі таңда155 үміткергежолдама берілді.

Бүгінгі күні ауданда 34 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, оның ішінде 8-і жекеменшік бұл жалпы балабақшалардың 23% құрайды. Мектепке дейінгі ұйымдармен аудан бойыншақамтылған бала саны - 2825 болса, соның ішінде жекеменшік балабақшада - 478 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудан бойынша 1-6 жастағы балаларды қамту 63%, 3-6 жастағы балаларды қамту 100% құрап отыр.

Қазіргі уақытта аудандағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары «электронды балабақша» жүйесіне қосылған.

Ауданда ерекше білімге қажеттіліктері бар бала саны 551. Оның ішіндемектепке дейінгі жастағы 89 бала (5-і балабақшада), 462 мектеп жасындағы. Оның ішінде 115-і (33%) арнайы сыныптармен қамтылса, 121-і үйден оқытылады, жалпы мектепте оқитыны 210 бала, денсаулығына байланысты оқытуға жарамайтыны 16 бала (аутизм,ДЦП).Қазіргітаңда, мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында Төретам кентіде №80 мектеп-гимназиясында арнайы сыныптарда 27 оқушы, №30 орта мектепте15 оқушы, №275 мектепте 5 оқушы инклюзивті оқумен, №80 мектептегі логопунктте 19 оқушымен жұмыс жүргізілсе, 2018-2019 оқу жылында №269 мектепте қосымша22 оқушықабылданыпарнайы 5 топ ашылды және Байқоңыр қаласындағы №275 мектепте 5 оқушы қабылданып 1топпен арнайы түзету сыныбы ашылды.2019 жылдың қаңтарынан бастап облыстық бюджеттен инновациялық мектептерге (№105, №250, №277) 3 дефектолог мамандары беріліп, бұл жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті біліммен қамтылуын27,5 пайызға жеткізді.

Осы мектептердегі ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға инклюзивтік білім алуға жағдай жасау мақсатында дефектолог мамандарына тиісті кабинеттерді құрал жабдықтармен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен886,5 мың теңге қаржы сұратылды.

Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі 2, 5, 7 сыныптарда үйден оқитын23 баланы оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 871,4 мың теңгеге бюджеттік өтінім тапсырылды.

Егеменді елеміздің ертеңгі болашағы -жас ұрпақ тәрбиесі. Тәрбиенің мақсаты – пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысыАдамды тәрбиелеу. Сондықтан баланың бойына жақсы қасиеттерді енгізу,рухани байлығын дамытудаотбасы, ұстаз, мектеп болып бірігей қызмет ету-парызымыз.

Қармақшы аудандық білім бөлімі,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылдың 5 шілдедегі №5364 хатына сәйкес, 3 шілде- 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Қазіргі таңда 609 оқушыға 3486 мың теңге көлеміндекөмек жасалды.

«Қармақшы таңы» газетіне23.07.2018 жылдың№56 (9808) сандынөмерінде«Мектепке жол»акциясының өтілуімен аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтікқолдаудықажет ететін отбасыбалаларына қолдаужасаухабарланды. Ауданда 2981 оқушы аз қамтылған отбасы балалары. Алдағы уақытта жалпыға бірдей білім беру міндетті оқу қоры тарапынан2981 оқушыға киім мен аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

Жаз – бала өміріндегі рухани, шынығу, ойлау қабілетідамуы мен демалуындағы ерекше уақыт. Каникул – тек демалыс қана емес, басты кейіпкер бала болатын үлкен әлем.Жалпы биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 13792 оқушының 11927 оқушысының (86 пайызы) арасында жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, 1-4 сынып оқушылары арасында 6612 бала. Оның ішінде, мектеп жанындағы күндізгі лагерьге 1365 бала (бюджет есебінен), 3365 бала (қаржыссыз).

5-8 сынып оқушылары арасында 5298 бала. Оның ішінде, 519 бала сыртқы лагерьге (Жаңақорған ауданындағы «Талды су» лагеріне ), 120 бала Қармақшы аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің есебінен лагерьге жіберілетіндер, 200 бала кәсіпкер, ата-ана демеушілігімен лагерьге жіберілетіндер, 700 балаҚорқыт Ата мемориалдық кешеніне экскурсияға қатысатындар және 1100 балааудандық оқушылар үйінің жанынан құрылған «Жас толқын» клубына, 436 дебат клубына,2217 бала мектептер жанындағы аулалық клубтарға тартылды.

9-10 сынып оқушылары арасында 1899 бала. Оның ішінде, 2019 жылдың 1-20 маусым аралығында 1286 бала мектеп ауласындағы көркейту-көгалдандыру бригадаларына (9 сынып оқушылары), 613 бала мектеп жанынан құрылған еңбек бригадаларына (оқу практикасы есебінен 10 сынып оқушылары) тартылды.

13 маусым - 23 маусым аралығында Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагеріне демеушілікпен 70 оқушы демалып қайтты. 23 маусым-2 шілде аралығында Тараз қаласындағы «Саяхат» лагерінде 16 оқушы демалуда. 24 маусым - 8 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Балдаурен-Қапшағай» лагеріне 14 оқушы демалып қайтты.

Сонымен қатар, барлық мектептерде адам өмірін қауіпті жағдайларының алдын-алу және қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушылар мен ата-аналар арасында жиналыстар, суға түсудің ережелері мен қауіпсіздікті сақтау жолдарыайтылып, түсіндірілді. Барлық сыныптарда «Су - тіршілік көзі, бірақ тілсіз жау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Дегенмен атқарылған жұмыстармен қатар өкінішті жағдайлар орын алып, биылғы жазда біроқушының суға кету фактісі орын алды.

Білімнің бастауы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде екендігін айта келе, бұл саланы жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектептегі білімнің сабақтастығыөзара ұштастырылып, мектеп пен балабақша арасында тығыз қарым-қатынастар орнауда. Осы жылы Төретам кентіндегі №22 «Гаухартас» балабақшасында инклюзивті білім беруді қолға алу мақсатында 1 дефектолог маман жұмыс жасайды. Барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндебалалардың қабылдауы«электронды балабақша» жүйесіне қосылған.Қазіргі таңда Байқоңыр қаласынан 2 және Тұрмағамбет аулынанжекеменшік 1 балабақша ашу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауданда балабақша тапшылығы жоқ.

Аудан білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап беру мақсатында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, ұлттық сараптама орталығы Қармақшы аудандық бөлімшесіне және Қармақшы ауданы төтенше жағдайлар бөліміне 2019 жыл 08 тамыз күні ұсыным хат жолданды. Мектептер бірлескен зерделеуден өтті.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялармен қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандырубүгінгі күні білім беру жүйесінде жаңашаізденісті қажет етсе, аудандық білім саласы осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.


Білім беру саласы бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жалпы білім беру ұйымдарына 2019 жылы- 8 200 725,0 мың теңге, оның ішінде жалақы қорына - 5 845 685,0 мың теңге бөлінді.

2018-2019 оқу жылы бойынша 14 294 оқушымен 29 жалпы білім беретін, 3 мектептен тыс, 34 мектепке дейінгі мекемелері жұмыс жасады. IV оқу тоқсаны бойынша 14 276 оқушы оқу жылын аяқтаса, олардың 8268-і "өте жақсы" және "жақсы" деген бағамен (58 пайыз) бітірді. Жалпы орта мектепті 484 бітіруші аяқтаса, олардың 26-на «Алтын белгі», 15-не «Үздік аттестат» берілді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазіргі таңда 431 педагог-қызметкерлер жұмыс жасайды, 2976 бүлдіршін балабақшада тәрбиеленеді.

Ауданда «Балапан» бағдарламасы бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 3-6 жас аралығында баланы қамту 100 пайызға орындалды.

Білімнің бастауы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде екендігін айта келе, бұл саланы жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім мен бастауыш мектептегі білімнің сабақтастығы өзара ұштастырылып, мектеп пен балабақша арасында тығыз қарым-қатынастар орнауда. Осы жылы Төретам кентіндегі №22 «Гаухартас» балабақшасында инклюзивті білім беруді қолға алу мақсатында 1 дефектолог маман жұмыс жасайды. Барлық мектепке дейінгі білім берумекемелерінде балалардың қабылдауы «электронды балабақша» жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда Байқоңыр қаласынан 2 жекеменшік балабақша ашу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауданда балабақша тапшылығы жоқ, мәселелер түпкілікті шешілген.

Мектептің жүрегі – мұғалім, білікті ұстаз. Сондықтан да ең маңызды міндеттердің бірі – педагог мәртебесін көтеру. Бүгінгі күні ауданда жалпы педагог саны 1962, оның жоғары санаты-234, І санаты-692 , ІІ санаты – 541, санатсыз-495 педагог бар. Педагог мәртебесін көтерумақсатында ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 30%-ға көбейту тапсырмасына сай, 2018 жылдың қаңтар айынан жаңартылған білім бағдарламасы бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы өсіп, 303 млн қаржы бөлінсе, 2019 жылы қаңтар айында 900324,0 мың теңге, маусым айынан бастап жалақы қорын 30 пайызға көтеруге 583927,0 мың теңге бөлінді.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырған. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы жүргізілуде. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсуде. Жаңа формат негізінде аудан бойынша 177 педагог-модератор, 254 педагог-сарапшы, 112 педагог-зерттеуші санаттары бойынша тиісінше үстеме жалақы алуда. 2019 жылдың 2-5 маусым аралығында педагог қызметкерлердің кезекті ұлттық біліктілік тестілеу қорытындысы бойынша қатысқан 499 педагогтың 350-і тестілеуден сәтті өтіп, 149 педагог өте алмай қалды. Қазіргі танда тесттен өткен педагогтардың құжаттары ІІ кезен - аттестациялық комиссиялардын қарауында.
Педагогтардың біліктілігін арттыру түбегейлі өзгерді. Аталған өзгерістерді Назарбаев Зияткерлік мектептері жанынан ашылған педагогикалық шеберлік және «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталықтары әлемдік тәжірибе негізінде жаңа формациядағы ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізу мақсатындамамандар дайындауда. Ең бастысы, әлемдегі үздік практиканы меңгерген бұл мұғалімдер орта мектеп жүйесіне жаңаша леп әкелді, білім беру қызметінің сапасын жаңа деңгейге жеткізді. 2019 жылы 329 мұғалім курстан өтті, 26 мектеп директоры басшылық-деңгейлік курстарынан өтті. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы физика, информатика, химия, биология пәндерді ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастыру үшін 44 мұғалім тілдік курстардан өтіп, 33-і дәріс берсе, 10 мұғалім қазіргі таңда білімін жетілдіруде. 2019 - 2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сыныптар толық көшірілетін болады.

2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3, 6, 8 сыныптарға 92 034 дана оқулық, 1, 2 сыныптарға 42 241 дана оқушы дәптерлері және 1780 оқушы оқулықпен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда мектеп кітапханаларына электронды ақпараттық білім беру жүйесі енгізілуде. Осыған орай кітапханаларға арналған МАРК-ОИЛ бағдарламасы енгізіліп, жұмыстар ұйымдастырылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында барлық білім беру мекемелері білім беруді цифрландыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Барлық мектеп электронды күнделікпен жұмыс жасау үшін 200 дана планшет және 194 дана интернет таратушы /роутер/ құрылғылары беріліп, қағаз-журналдардан арылып, жыл бойыэлектронды күнделікпен жұмыс жасады. Bilimland және т.б. электронды әдістемелік ресурстар арқылы пән мұғалімдері мен мектеп оқушылары мүмкіндіктерді тиімді пайдаланды. Осы тұста мектеп тарапынан ата-аналар арасында электронды күнделікті қалай пайдалануды, онын тиімділігін кенінен түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа модификациялық 15 кабинет/физика, химия, биология/және 10 мектепке робототехника кабинеті берілді. Сонымен қатар аудандық оқушылар үйіне 3D кабинеті мен цифрлы лабораториялық кабинеттермен қамтамасыз етілді.

Елбасының биылғы Жолдауында IT - технологияны дамытуға, Цифрлы Қазақстанды құруға басымдық берілген.

Осыған орай, аудандық оқушылар үйінен IT- парк ашылып, жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда үйірме жұмысы жандандырылып, үйірме мүшелері облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлдегерлер атануда.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білімге қол жеткізу мақсатында жалпы білім беретін мектептерде оқытуға рұқсат етілген мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті оқыту жүйесін енгізу ұсынылған. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында №80, №30, Байқоңыр қаласындағы №272, №275 мектептерде жұмыс жүргізіліп келсе, олардың қатарына №269 мектеп қосылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу үшін арнайы дефектолог мамандарымен 3 мектеп /№105, №250, №277/ қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта бұл бағытта арнайы дефектолог мамандармен мектептер кезең-кезеңмен қамтамасыз етілетін болады.

Аудан бойынша оқушыларымыздың жетістігі жыл санап артуда. Оқушыларымыз Халықаралық, Республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралып, гранттар ұтып алуда. 2019 жылы облыстық пәндік олимпиадаға 27 оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орындарды алды. Нәтижесінде, 6 оқушы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алып, 2 оқушы ( №80, №109) жүлделі орындарды иеленді.

1-7 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар «Зерде» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне ауданнан 16 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарды алып, ұстаздар қауымының берген бір ізді білімін дәлелдеді. Сонымен қатар аудан пәндік олимпиада қорытындысымен аудан облыста ІІ орынды иеленді.

Ауданның ардагер - ұстаздарын ұлықтау мақсатында №105 мектеп-лицей базасында математика пәнінен Ү.Қошалақов атындағы, Төретам кенті №80 мектеп-гимназия базасында математика пәнінен Қ.Игенбаев атындағы, Ақжар ауылындағы №28 орта мектептегі орыс тілінен Ш.Шоқбаров атындағы аудандық және осы мектептегі С.Нұртаев атындағы тарих пәнінен өткізілген облыстық және республикалық олимпиадалар шәкірттер арасындағы бәсекелестікті дамытуда.

Балаларымыздың жоғарғы білім биігінен көрінуге де мектеп ошағында өткен Республикалық, облыстық семинарларда үлкен көрініс тапты.

2019 жылы Республикалық «Тәжірибедегі Lesson stadu: сабақты зерттеуден мектеп мәдениетіне» атты тақырыпта №277 мектеп-лицейінде семинар өткізілсе, облыстық «Жалпы адамзаттық құндылықтар-мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі»атты өзін-өзі тану пәні бойынша №30 орта мектеп базасында ашық есік күні, №80 мектеп-гимназия базасында «Үш тілде білім беру-жарқын болашақтың кепілі» және№29 орта мектепте базасында "Тектісөздің төресі-терме"тақырыбында облыстық семинарлар ұйымдастырылды.

Егеменді елеміздің ертеңгі болашағы - жас ұрпақ тәрбиесі. Тәрбиенің мақсаты – пәнді керемет меңгерген оқушы тәрбиелеу емес, ең бастысы адамды тәрбиелеу.

Сондықтан да балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы - балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Баланың бойына жақсы қасиеттерді енгізу,рухани байлығын дамытудаотбасы, ұстаз, мектеп болып бірігей қызмет ету-парызымыз.

2018-2019 оқу жылында аудандағы жалпы білім беру мектептерінде балаларды тәрбиелеу жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері мен Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Патриоттық Актісіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Мәңгілік Ел» - еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құратын жаңа идеологиялық тұжырымдама болып табылады. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру барысында мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтері жүргізген жұмыстар көшбасшылық қасиеттері дамыған, білімді, таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдауға дайын, мәдениетаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасауға қабілетті, өз халқының тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталуда. Тәрбие салаларына байланысты 5 айлық, 9 апталық, 10 акция, 6795 тәрбие сағаты, 29 кездесу, 29 кеш, 10 онкүндік өткізілді. Сонымен қатар, аудандық жалпы ата-аналар жиналысы ауданда 2 рет, мектепшілік, сыныптық ата-аналар жиналысы тоқсан сайын өтіліп, түрлі мәселелер қамтылды.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қалыптастыру, жастардың бос уақытын ұтымды пайдалана отырып спорттық, патриоттық, мәдениетті тануға, салауатты өмір салтына баулу мақсатында іс-шара жасалып, жұмыстар жүргізілуде. 1100 оқушы оқушылар үйіне, 350 оқушы әуез мектебіне,1488 оқушы спорт мектебіне, мектепшілік спорт үйірмесіне 2908 оқушы, мектепшілік түрлі үйірмелерге 4382 оқушы қатысады. Барлық спорт секцияларына аз қамтылған оқушылар, жетім балалар тегін қатысады. №15 спорт мектебіне 1104 оқушы , №16 спорт мектебіне 718 оқушы , спорт клубына 196 оқушы, «Орда»әскери-патриоттық клубына 2800 оқушы, мүміндігі шектеулі балаларға арналған спорт секциясына 24 оқушы қатысады.

Қармақшы АІІБ- профилактикалық есепте тұрған4 оқушы (№30-2, №121-1, №106-1), Байқоңыр қалалық ІІБ-де профилактикалық есепте тұрған-12 бала. №273-3, №272-2, №277-1, №275-2, №274-4 оқушы. Мектепшілік бақылауда - 42 оқушы. Барлығы: 59 бала.

«Бақылау» тобына алынған оқушылар үнемі бақылауға алынып,түрлі үйірмеле Жаз – бала өміріндегі рухани, шынығу, ойлау қабілетідамуы мен демалуындағы ерекше уақыт. Каникул – тек демалыс қана емес, басты кейіпкер бала болатын үлкен әлем.

Жалпы биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 13809 оқушының 11927 оқушысының(86 пайызы) арасында жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.

Атап айтқанда, 1-4 сынып оқушылары арасында 6612 бала. Оның ішінде, мектеп жанындағы күндізгі лагерьге 1365 бала (бюджет есебінен), 3365 бала (қаржыссыз).

5-8 сынып оқушылары арасында 5298 бала. Оның ішінде, 525 бала сыртқы лагерьге (Жаңақорған ауданындағы «Талды су» лагеріне 2019 жылдың 25 маусым - 4 шілде аралығында 260 оқушы, 28 шілде-7 тамыз аралығында 265 оқушы жіберіледі), 120 бала Қармақшы аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің есебінен лагерьге жіберілетіндер, 200 бала кәсіпкер, ата-ана демеушілігімен лагерьге жіберілетіндер, 700 балаҚорқыт Ата мемориалдық кешеніне экскурсияға қатысатындар және 1100 балааудандық оқушылар үйінің жанынан құрылған «Жас толқын» клубына, 436 дебат клубына, 2217 бала мектептер жанындағы аулалық клубтарға тартылатын болады.

9-10 сынып оқушылары арасында 1899 бала. Оның ішінде, 2019 жылдың 1-20 маусым аралығында 1286 бала мектеп ауласындағы көркейту-көгалдандыру бригадаларына (9 сынып оқушылары), 613 бала мектеп жанынан құрылған еңбек бригадаларына (оқу практикасы есебінен 10 сынып оқушылары) тартылды.

13 маусым - 23 маусым аралығында Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагеріне демеушілікпен 70 оқушы демалып қайтты. 23 маусым-2 шілде аралығында Тараз қаласындағы «Саяхат» лагерінде 16 оқушы демалуда. 24 маусым - 8 шілде аралығында Алматы қаласындағы «Балдаурен-Қапшағай» лагеріне 14 оқушы демалып жатыр.

Сонымен қатар, барлық мектептерде адам өмірін қауіпті жағдайларының алдын-алу және қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушылар мен ата-аналар арасында жиналыстар, суға түсудің ережелері мен қауіпсіздікті сақтау жолдарыайтылып, түсіндірілді. Барлық сыныптарда «Су - тіршілік көзі, бірақ тілсіз жау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Дегенмен атқарылған жұмыстармен қатар өкінішті жағдайлар орын алып, биылғы жазда біроқушының суға кету фактісі орын алды (№272).

Аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті үнемі тығыз байланыста жұмыс жасауда. 2019 жылы 4 қаңтар - 29 наурыз аралығында білім қызметкерлері арасында аудандық "Спартакиада - 2019", 14 ақпанда "Ұлы даланың жеті қырлы жастары" атты аудандық жас педагогтар форумы, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Қай жерде, мейлі, қай елде, әлемнің мәні әйелде" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. 19 наурыз күні Білім қызметкерлерінің аудандық "ХІІ Наурыз шапағаты" жастар өнер фестивалі ұйымдастырылды. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арнап "Бейбіт күн жасасын әлемде" атты мерекелік салтанатты шара, 16 мамырда 35 жасқа дейінгі білім қызметкерлерінің "Мейірімді жүрек" жәрменкесі, 6 маусым күні арнайы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде жас сала қызметкерлеріне арналған "Open Talks" ашық аланы өткізілді.

Ағымдағы жөңдеу жұмыстары: Аудандық білім бөліміне қарасты 29 мектепке биылғы жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 39500,0 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Күрделі жөңдеу жұмыстары:

2019 жылы аудан орталығында орналасқан №27 мектепке РБ 129530,0 мың, ОБ 14392,0 мың теңге барлығы 143922,0 мың теңге қаржы бөлінді және №30 орта мектепке РБ 217511,0 мың теңге, ОБ 24168,0 мың теңге, барлығы 241679,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырушы Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы. Конкурс мамыр айында жарияланып, қорытындылары шілде айының басында белгілі болады.

Ағымдағы жөңдеу жұмыстары:

№275 орта мектебінің терезелеріне ағымдағы жөндеуге – 2479,7 мың теңгеге «Атамұра Жүсіп» ЖШС-мен шарт жасалынды. Сонымен қатар мектеп ғимаратының шатырына 11000,0 мың теңгеге және мектеп асханасына 5000,0 мың теңгеге ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізілетін болады және №273 мектепке 13800,0мың теңгеге ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіуде.

№277 мектеп - лицейіне газдың счетчигін орнатуға 1900,0 мың теңгеге келісімшарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді.

№85 мектепке 1200,0 мың теңгеге медициналық кабинеті әзірленсе, №106 және №26 мектептердің автоматтандырылған өрт дабыл орнату жұмыстарына 2200,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар жасалынды.

Биылғы жылы барлық мектептер өндірістік бақылаумен 100 пайыз қамтылса, мектеп асханаларының құрал-жабдықтарына 9497,0мың теңге қаржы бөлініп мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.Мектептердің автоматты өрт дабыл қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуге жәнеөртке қарсы қолдану балондарын толтыру, ғимараттардың шатырларын найзағайға қарсы сұйықтықпен қамтамасыз етугебарлығы 7000,0 мың теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.

18777,0 мың теңгеге 7 мектептің (№№108, 107, 106, 99, 105, 26, 121)спорт алаңдарына жәй жөңдеу жұмыстарының құрылыс заттарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып, тауарлар алынып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мектептердің ғимарат ішінде орналасқан бу қазандықтарын сыртқа шығару жұмыстарына 5 мектепке 234200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ: №27 - 51600,0 мың теңге, №28 - 36300,0 мың теңге, №29 - 51800,0 мың теңге, №105 - 42400,0 мың теңге, №85 -52100,0 мың теңге. Қазіргі таңда мердігерлер анықталып, құрылыс жұмыстары жүруде. Мектептердіңжоба сметалық құжаттары әзірленген ағымдағы жөңдеу жұмыстарына аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Олар: №80 - 18832,0 мың теңге, №250 - 21000,0 мың теңге. №27 - 16229,0 мың теңге, әуез мектебі - 39424,0 мың теңге.

Біздің жұмысымыздың басты нәтижесі - Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеу.

Мағжан Жұмабаев айтқандай «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнінде қай күйде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ», - ендеше, ұрпағымызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біздің басты міндетіміз бола бермек.


Білім беру саласы бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін орта мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тысмекеме жұмыс жасайды.

Барлық білім беру ұйымдарына қарасты жалпы педагог саны 1962, оның жоғары санаты-234, І санаты-692 , ІІ санаты – 541, санатсыз - 495 педагог бар.

Аудандық білім бөлімі жанынан мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшылары бос лауазымына конкурс жариялау және кадр іріктейтін конкурстық комиссия мәжілісінің 12.03.2019 жылғы №3 қорытынды хаттамасына сәйкес Оспанов Амантұр Жұмабайұлы 2019 жылдың 14 наурызынан бастап «Қармақшы аудандық білім бөлімінің №28 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып аудандық білім бөлімінің 14.03.2019 жылғы №08 бұйрығы негізінде тағайындалды.

Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес өткен оқу жылында ағымдағы оқу жылында 14294 оқушы мектеп партасына отырды. Қазіргі таңда, аудандағы барлық мектептер оқушылардың білім алуына қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған, үш ауысымдаоқылатын мектептер немесе оқушы орнының тапшылығы жоқ.

Ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша 14269 оқушы оқу жылының бірінші жартысын аяқтады. Жалпы баланың 7707-і оқушысы(54 пайыз) білім сапа көрсеткішін берді.ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жыл 11 шілдедегі №324 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру туралы қағидасы 2007 жыл 27 шілдедегі ҚР«Білім туралы» Заңының 5-бабының 46-14) тармақшасына сәйкес бекітілген.

Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алу тәртібі, тұрғылықты орны бойынша тіркеудің бар-жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын (тұрақты немесе уақытша) жасы 0-ден 18-ге дейінгі балалар есепке алуға жатады. Балаларды есепке алу тоқсан сайын ағымдағы жылғы наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында білім саласындағы уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық жүйесінен деректерді шығару арқылы жүзеге асырылады. Қолданыстағы ережеге сәйкес қыркүйек айында мөлтек аудандар бойынша есебі алынды.Аудан бойынша 0-18 жас аралығында 24193 бала бар.Олардың 14294-і мектепте,3913-і балабақша мен мектепалды даярлықта, 14-і арнаулы мектеп интернатта, 1223-і арнаулы оқу орында, 423-і жоғары оқу орында білім алып тәрбиеленсе 74 бала науқастығына байланысты оқуға мүлде жарамсыз деп танылған. Ай сайын сабаққа он күнкелмеген оқушылар туралы есеп алынып облыстық білім басқармасына беріліп отырады. Себепсіз сабақтан қалған оқушылар жоқ.Ауданда оралман балалары жоқ.

Қармақшы ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылында 484 оқушы мектеп бітіреді (олардың 255-і Жосалы кенті мен ауылдық мектептер болса, 229-ы Байқоңыр қаласы мен Төретам кент мектептерінен ).

Қазақстан Республикасы«Білім туралы» Заңындааталғандай «ҰБТ - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны » болып табылады. БұлЖОО-ға қабылдау шектік балы бар ҰБТ сертификатын ұсыну. Ағымдағы жылы:Орта мектептердің 11(12) сынып білім алушылары қатыса алады, ҰБТ өткізу пункттерінде 11 (12) сынып оқушыларын өз бетімен тіркеледі. ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз. Грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін бұрынғысынша маусым-шілде айларында ҰБТ тапсыру талап етіледі.

15-20 қаңтар, 24-29 наурыз және 17-20 тамызда тестке қатысушылар ақылы бөлімге түсетіндер және басқа мамандыққа ауысатындар үшін болса, 20 маусым - 5 шілдекүндері ағымдағы жылы және өткен жылдардағы мектеп және колледж бітіруші түлектері үшін тегін және гранттық оқу жүйесіне түсу үшін өткізіледі. Жаңа өзгеріс бойынша бітірушілер қаңтар айында тест тапсыру үшін ҚРҰТО –ның бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласы мен Қазалы аудандарына барды. 15-20 қаңтар аралығында өткен ақылы тестке Жосалы кентіндегі ҰТО арқылы 110 бітіруші өтініш, Ақай ауылындағы ҰТО арқылы 61 бітіруші өтініш беріп қатысты. 24-29 наурызда өткізілетін тестке Жосалы кентіндегі ҰТО арқылы 186 (68,9%) бітірушіден өтініш қабылданса, Ақай ауылындағы ҰТО арқылы 188 (82%) 374 бітіруші өтініш беріп 370 бітіруші қатысты.

Аудан бойынша мектебі жоқ елдімекендер мен кент орталықтарының шет аймақтарынан қашықтықтан мектепке қатынайтын оқушыларды қосқанда768 оқушы тасымалдауды қажет етеді. Оның ішінде 765 оқушыға ( 100%) тасымал ұйымдастырылған. Қармақшы ауданы бойынша «Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін №250 №80 №99 №269 орта мектептерде күнделікті тасымал, №185 орта мектепте алыс елді мекендерден тоқсан сайынғы тасымал ұйымдастырылған.

Қармақшы ауданы Жосалы кентінде орналасқан №250 мектеп-лицейден 124 оқушы, Төретам кентіндегі №80 мектептен235 оқушы, Төретам кентіндегі №269 мектептен 308 оқушы, Ақай елді мекеніндегі №99 мектептен 81 оқушы күнделікті тасымалмен қамтылса, Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің 16 оқушысы мектеп жанындағы интернаттан тоқсан сайынғы тасымалмен қамтылған.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білімге қол жеткізу мақсатында жалпы білім беретін мектептерде оқытуға рұқсат етілген мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті оқыту жүйесін енгізу ұсынылған.Даму бағдарламасының 2011-2015 жылдарға арналған бірінші кезеңіндеаудан бойынша №80, №30, №275 мектептерде ұйымдастырылды. Бұл жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті біліммен қамтылудың 14% құрайды. Бағдарламаның 2016-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде инклюзивті оқытумен қамтылған мектептер үлесі 2020 жылға 70% -ға жеткізу жолданған. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында Төретам кентіде№80 мектеп-гимназиясында арнайысыныптарда 27 оқушы, №30 орта мектепте 15 оқушы, №275 мектепте 5 оқушы инклюзивті оқумен,№80 мектептегі логопунктте 19 оқушы, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 45 баламен түзету жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаға сәйкес мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер үлесін дамыту мақсатында 2018-2019 оқу жылында №269 мектепте қосымша арнайы сыныптар 22 оқушықабылданып 5 арнайы сыныбы ашылды және Байқоңыр қаласындағы № 275 мектепте 5 оқушы қабылданып 1 сынып арнайы түзету сыныбы ашылды.

Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты білім қызметкерлерін біліктілік арттыру курсынан өткізу жүйелі ұйымдастырылуда. 2019 жылдың қаңтар айында 2 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып бойынша наурыз айында -25, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен -27, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен-30, ағылшын тілінен ақпан айында- 30, дүние жүзі тарихы пәнінен -27, химия пәні бойынша-25 педагог, 7 мектеп директорының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары, білім бөлімінің басшысы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, мектеп тренерлерінің курсы бойынша -10, робототехника және 3D принтинг бағдарламасы бойынша 5 педагог біліктілік арттырып, жаратылыстану бағытындағы пәндердің /физика, информатика, химия, биология/ ағылшын тілінде біліктілік арттыруға 10 педагог жіберілді.

«100 Нақты Қадам» Ұлт жоспарының 79-қадамындағы үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшу бағытында да ауданда жоспарға сәйкес жұмыстар ұйымдастырылуда. 2019 жылы 04 наурызда Байқоңыр қаласы, №272 мектепте «Үштілділік бастауы-бастауышта » тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Семинарда мектептің бастауыш сынып мұғалімдері және бастауыш сыныпқа сабақ беретін ағылшын, орыс тілі пәні мұғалімдері жұмыстар көрсетсе, мектеп директорының бастауыш және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары «Ток шоу» бағдарламасын келген қонақтармен бірге жүргізді. 18 қаңтарда №105 мектеп-лицейінде «Заманауи жағдайында үш тілде білім беру жобасы» тақырыбында оқыту семинары, 13 ақпанда №183 мектеп базасында «Үш тілді білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында бейне сабақ байқауы, 13 наурызда №121мектепте«Үштілділік-жаңғыруға бағыт алудың бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 4 ақпанда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №250 мектеп-лицейі базасында ағылшын тілі пәнінен бастауыш сынып оқушылары арасында ІІ кезең бойынша /2,3,4 сыныптар/ олимпиада өткізіліп,нәтижесінде жүлделі орындарды иеленді.

Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыруға бағытталған іс- шаралар жоспарына сәйкес "100 жаңа оқулық- болашаққа бастама" тақырыбында №183 мектеп кітапханасында аймақтық семинар өткізілді.

"Тәрбие және білім" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары Жас музыканттардың республикалық фестиваль байқауының 52-ші облыстық кезеңінен Қармақшы ауданынан домбыра-прима класынан Әбдімәжитова Марал бас жүлде алып, Республикалық «Жас музыкант» байқауына жолдама алды. Домбыра класынан Жалғас АйымІІІ орын , Карабдинов ҚайсарІІІ орын, Алтайұлы ШыңғысІІІ орын, Сәбитұлы Бағдәулет ІІІ орын, Тұнғышбай Айдын ІІІ орын ,баян класы Сәбитов Эльдар – ІІ орын, Қылышбаев Жомарт – ІІІ орын, Хабидулла Жібек – І орынмен марапатталып қайтты. Сонымен қатар «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль байқауының облыстық кезеңіне ауданнан қатысқан №26 мектеп жүлделі ІІ орынмен марапатталды.

"Менің кіші Отаным" атты облыстық жас тарихшылар байқауының "Менің туған өлкем" номинациясы бойынша қатысып І орын №272 мектептің 9 сынып оқушысы Ермаханова Аружан пән мұғалімі Асанова Жарқын, "Менің кішкентай Отанымның тарихы" номинациясы бойынша ІІ орын №109 мектептің 9 сынып оқушысы Өмірсеріков Нұрдаулет пән мұғалімі Байтанатова Ақмарал иеленді.

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының аудандық кезеңі өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, тұлғаны үйлесімді дамыту, өзін-өзі танытуға, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында өтті. Облысқа №26 , №105 мектептер жолдама алды.

2019 жылдың 18 қаңтары күні №30 мектепте жалпы білім беру ұйымдарының 10-17 жастағы оқушылар арасында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің аудандық байқауы болып өтті. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің дипломдармен марапатталып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

2019 жылы қаңтарайында №250 мектеп-лицейі базасында «Рухани жаңғыру-ұлттық құндылықтарды ұлықтау» тақырыбында технология пәні мұғалімдері арасында шеберлік сыныптары өткізілді. Шеберлік сыныпта мұғалімдер ұмытылып бара жатқан жұмыс түрлерін қайта насихаттауға байланысты шебер сыныбын көрсетті.

Қазіргі таңда білім беру саласында«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландыру шараларын жүзеге асыру қызу жүргізілуде.

Барлық мектеп интернетке қосылған, 29 мектептенқазіргі таңда интернет желісі КЖИ (Кең Жолақты Интернет): 4-8Мбит/с; жұмыс жасауда. «Электронды күнделік» білім беруді басқару ұйымдарына арналған. Күнделік KZ – онлайн – мониторинг құралы және мекемегеқарасты ұйымдарды жедел хабарландыру жүйесібілім беру саласыбойынша мектеп- ата-ана – оқушы арасындағы үштік байланыс құралы және өте тиімдіжүйе. Өйткені ата-ана баласының үлгерімін Интернет арқылы біліп отырады. Қазіргі таңдаауданның 29 мектебі «Электронды күнделік» бағдарламасына қосылған,жұмыс жасауда.

Осыған орай Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты 29 мектепке 200 планшет, 197 WiFi роутер модем, 24 мектепке 936 компьютер, 10 мектепке робототехника кабинет алынып аудандық оқушылар үйіне 3 D кабинет 1 комплекталынғандығынхабарлайды.

ҚР Білім және ғылым министрілігінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі№486 санды және облыстық білім басқармасының 01 қараша 2018 жылғы №149-нқ/1 бұйрықтарына сәйкес 2019 жылы 4-5 қаңтар күні Қызылорда қаласы №264 мектеп-лицей базасындаөткен облыстық пәндік олимпиадаға 27оқушы қатысып, 14 оқушы жүлделі орындарды алды. Нәтижесінде, 6 оқушы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне жолдама алып, 2 оқушы ( №80, №109)жүлделі орындарды иеленді.

1-7 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар «Зерде» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне ауданнан 16 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарды алды.

2019 жылы 20 ақпанда аудандық«Жастаржылын»атап өту мақсатында жастарға кәсіби бағдар берудегі «Білімбиігінебізбен бірге»аттыжастар форумы ұйымдастырылды.Онда 9-11 жоғары сынып оқушылары арасында мамандықты дұрыс таңдау бағытындағы болды. Сонымен қатар,«Үздікорынбасар-2019» облыстық байқауына №183 орта мектептің бейінді-бағдарлы орынбасары Ж.Жалғасбаева қатысты.

Аудандық “Ғылым жолы - ізденісте”атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Онда«Білім берудегі заманауи зерттеулер: іс-әрекеттегі зерттеу және нәтижелер» атты баяндама,« Дарынды бала-даналықтың, адамгершіліктің кәусар бұлағы»пікір талас жүргізілді.

2019 жылы 1-12 ақпан аралығында аудандағы барлық білім беру мекемелеріне аудандық білім бөлімінің 2019 жылы 25 қаңтар 2019 жылғы №84 бұйрығымен «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік өткізу және іс-шаралар жоспары құрылды.Аудандағы№26, №27, №185, №272, №273, №274, №85, №277, №121, №109, №79, №99, №108, №107 мектептерінде «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауларын өткізу. Сонымен қатар,№186, №111, №29, №28, №107, №106, №199 мектептерде «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттары, жоғары сынып оқушылары арасында патриотизм, адамгершілік, қайырымдылық тақырыптарында пікірсайыстар, дебаттар ұйымдастырылды.

2019 жылы25-30 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне (қоғамдық-гуманитарлықпәндер) ауданда іс-шаралар жоспарыжасалынды. Онда Н.Бекежанов атындағы театрына қолөнер көрмесін,Қорқыт ата мемориалды кешеніндегі шараны ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Қармақшы аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» N 591 Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» N 789 қаулысын басшылыққа ала отырып, мерзімінде тиістіжұмыстар атқаруда.

2019 жылдың 3 айында комиссияда 8 отырыс өткізіліп, 11 мәселе қаралды.

2019 жылы комиссияға 1 өтініш түсті.

1.Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Қосназаров Бекзат Берікұлының денсаулық жағдайы туралы мәселесі қаралды. Нәтижесінде Б.Қосназаровтың емхана дәрігерлері Б.Қосназаровтың құлағы ауыр еститіндігін, көз көруі нашар екенін және бас ауыратындығын, ойлау қабілетінің төмен екендігін анықтап, облыстық жүйке жүйесі аурулары ауруханасына жолдама берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітіліп жыл көлемінде жұмыс жасалып келеді. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы аптасына бір рет тәрбие сағаттары, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады.

Аудан көлеміндегі білім беру ұйымдарында діни сипатта киім киетін оқушылардың жоқ екендігі және ғибадат үйлеріне діни рәсімдерге қатысу үшін жұма намазға баратын 10 оқушы, атап айтатын болсам №108, №121 орта мектептері бойынша 8,9,10 сынып оқушылары анықталды және №99 орта мектебінен Христиан діні , протестанттық бағыттағы 1 оқушы анықталып түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл оқушылар діни дәстүрлі емес жат ағымдарға түсіп кетпеу мақсатындасынып жетекшілері, тәрбиесі жөніндегі орынбасарлары, теолог мамандары және бас имандар өз тараптарынан түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жоспар бойынша жүргізіліп отырады.

4 қантар күні №250 мектеп-лицейінің спорт залында аудан мектептерінің білім қызметкерлерінің спартакиада бағдарламасына сәйкес спорттың шағын футбол, үстел теннисі және шахмат түрлерінен аудандық жарыс өткізілді.Жарысқа білім бөліміне қарасты 29 мектептің мұғалімдері қатысып, қорытындысы бойынша 1 орынды №250 мектеп-лицейі, 2 орынды №274 мектеп, 3 орынды №26 мектептің мұғалімдері жеңіп алды. Үстел теннисінен І орын №277 мектеп, ІІ орын №105 мектеп-лицейінің, ІІІ орын № мектептердің, Шахматтан І орын №250 мектеп-лицейі.Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен білім бөлімінің ұйымдастыруымен ақпан айының 10-11 күндері Жосалы кентіндегі №26, №30 мектептерінің спорт залдарында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алу мақсатында мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиада жарысы спорттың жеті және үш әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткізілді. Жарыс қорындысы бойынша жекелей түрлерінен: гір тасын көтеруде І орын №108 мектеп оқушылары, ІІ орын №186, ІІІ орын №183 мектептерінің оқушылары иеленді. Қол күресінен І орын №85, ІІ орын №30, ІІІ орын №108 мектептерінің оқушылары жеңіп алды. Тоғызқұмалақтан І орын №85, ІІ орын №105, ІІІ орын №30 мектептер. Үстел теннисінен І орын №№30, ІІ орын №108, ІІІ орын №186 мектептер иеленді. Дойбы І орын №113, ІІ орын №121, ІІІ орын №279 мектептер. АК-74 қаруының оқжатарын жарақтау сайысында І орын №26, ІІ орын №108, ІІІ орын №183 мектептер. АК-74 қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтауда І орын №26, ІІ орын №183, ІІІ орын №108 мектептер. Пневматикалық винтовкадан атуда І орын №183, ІІ орын №113, ІІІ орын №27 мектептердің оқушылары иеленді. Волейболдан ұлдар арасында І орын №185, ІІ орын №30, ІІІ орын №113 мектептер, қыздар арасында І орын №185, ІІ орын №26, ІІІ орын №113 мектеп. Баскетболдан ұлдар арасында І орын №109, ІІ орын №250, ІІІ орын №121 мектептер, қыздар арасында І орын №250, ІІ орын №109, ІІІ орын №108 мектептерінің оқушылары иеленді. Жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте №30 мектептің оқушылары женімпаз атанса, ІІ орынды №26 орта мектеп оқушылары, ІІІ орынды №250 мектеп-лицейінің оқушылары иеленді.

5-11 ақпан күндері аралығында мектеп оқушыларының «Ұлттық мектеп лигасының» спорттың баскетбол, волейбол, шахмат, гандбол, шағын футбол түрлерінен аудандық кезеңдері өткізілді.

6 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай аудан мектептерінің оқушылары арасында «Әскерге шақырылушы» әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс өткізілді.

19 ақпан күні Жосалы кентіндегі №26 орта мектептің базасында мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар-рухани байлығымыз» ұлттық спорт түрлерінен аудандық кезеңі өткізілді.

20 ақпан күні мектептердің 10-11 сынып қыз оқушылары арасында 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Мерген Ару-2019» пневматикалық винтовкасынан ату жарысы өткізіліп, І орынды №108, ІІ орынды №107, ІІІ орынды 30 мектептерінің қыздары иеленді.

26 ақпан – 1 наурыз күндері аралығында аудан мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» байқауының аудандық кезеңі өткізіліп бас жүлде №250 мектептің мұғалімі Байшылықов Мадияр, І орынды №277 мектептің мұғалімі Оспанов Жасылбек, ІІ орынды №272 мектептің мұғалімі Өтенісов Мұрат иеленді.

27 ақпан күні 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда қаласында өткен «Мерген Ару-2019» пневматикалық винтовкасынан ату жарысының облыстық кезеніне қатысып 4 орын иеленді.

2 наурыз күні №250 мектеп-лицейінің базасында мектеп оқушылары арасында «Нашақорлыққа Жоқ-Бәріңде жарысқа» атты ауданды эстафеталық жарысы өткізілді.14-15 наурыз күндері«Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» байқауының облыстық кезеңіне №250 мектептің мұғалімі Байшылықов Мадияр пен №277 мектептің мұғалімі Оспанов Жасылбек қатысып номинациямен марапатталды.

15 наурыз күні Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде өткен мектеп оқушылары арасында «Нашақорлыққа Жоқ-Бәріңде жарысқа» атты облыстық эстафеталық жарысына қатысып келді.

25-27 наурыз күндері мектеп оқушылары арасында «Ұлттық ойындар-рухани байлығымыз» атты ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада жарысына қатысып жалпы командалық ІІІ орынды иеленді.


Білім беру саласы бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

2018-2019 оқу жылында Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды.29 мектепте 755 сынып жиынтығында 14294 оқушы білім алуда. Оларға 1962 педагогтар дәріс береді, педагогтардың 1777 - і жоғары білімді, 185 - ы арнаулы орта білімді.Біліктілік санаты бойынша: 57 педагог-зерттеуші, 235 жоғары санатты педагог, 135 педагог-сарапшы,632 І санатты педагог, 99 педагог-модератор, 417 ІІ санатты педагог және 387 санатсыз педагог еңбек етеді. Жаңа біліктілік санаты бойынша тестілеуден өткен 291 педагог қызметкерлерге біліктілік санаттары бойынша жалақыларына тиісті пайыздық үстемақы а.ж.01 қыркүйек күнінен бастап қосылды. Биылғы оқу жылында жаңартылған оқу бағдарламасымен 3, 6, 8 сынып оқушылары білім алуда. Бүгінгі таңда ауданда 35 мектепке дейінгі мекемесі, 32-і балабақша болса, 3-і шағын орталықта 165 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы бөбекжай балабақшаларында 2-3 жас аралығында 267 бала бар. Облыстық бюджеттен 2 балабақша құрылысы үшін, яғни Төребай би ауылындағы №15 балабақшаға 132860,0 млн теңге, Иркөл ауылындағы№12 балабақша құрылысы үшін 137410,2 млн теңгеқаржы бөлініп жұмыстары толық аяқталды.3-6 жас аралығындағы бала санын балабақшаға қамту 2018 жылы100пайызға жетеді. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық әдістерді енгізу, оның ішінде «Монтессори», «Восковович», «Триз», «Зайцев», «Визиборд» технологиялары іске асырылып, бүлдіршінде заманға сай тәрбиеленуде. Ата-анасы жастардың бала тәрбиесіне дұрыс қарау, уақытының болуы немесе жұмыс кезінде балаларының қараусыз қалмауына қазіргі таңда барлық жағдай жасалынған. Соның бірі, бөбекжайлар ашу. Аудандағы «Аққайың», «Тоғжан», «Толғанай»,№5 «Айгөлек», №17 «Алақай» балабақшаларында 2-3 жас аралығындағы яслитоптарыашылған.

Құрылыс.

2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 567503,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 56,795 млн қаржыбөлініп, 2018 жылы облыстық бюджеттен 21805,0 млн теңге, респбубликалық бюджеттен 139495,0 мың теңге бөлініп 2018 жылдың 27 мамыры күні жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді.

Жаз-қыс мезгіліндегі 300 орындық балалар демалысы үшінлагерь нысанының жалпы құны 1 292,2 млн теңге болатын құрылысы 2017 жылы басталып, 2019 жылы құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Қармақшы ауданы бойыншаүш ауысымда оқытылатын мектептер жоқ.

Күрделі жөндеу.

Ауданда жалпы білім бойынша 3 мектепке яғни№27, №30, №107 күрделі құрылыс жұмыстарына ЖСҚ дайындалып, экспертизадан өткен. №107 мектепке 196471,2 мың теңгеге , №30 орта мектепке 241679,2 мың теңге , №27 орта мектепке 143925,5 мың теңге барлығы 582075,9лн теңгеге ЖСҚ әзірленген. Ауданымыздағы №27,№28,№29,№85,№105 мектептерінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес және белгіленген тәртіпте техникалық көрсеткіштерімен бекітілгеняғни 2017 жылғы 4 тоқсанның ағымдағы баға бойынша 2018 болжамды деңгейдегі құрылыстың жалпы сметалық құны№27 -51652,489 мың теңге,№28 -36520,593 мың тенге,№29 - 51852,106 мың тенге, №85 - 52099,872 мың, №105- 42412,032 мың теңге болып анықталып мемлекеттік сараптамадан өтті.

Ағымдағы жөндеу.

Аудан орталығындағы №183 орта мектептің жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты , ескі ғимаратқа әуез мектебін көшіру мақсатында жыл басында нақтыланумен күрделі жөндеу жұмыстары үшін 39760,0 мың теңгебөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін әлеуетті өнім беруші ағымдық жөндеу жұмыстарын толық аяқталып құжаттары рәсімделуде.Және №106 мектептіңсыртқы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10 510,0мың теңгеқаржы бөлініп қазіргі таңда жеңімпаз мердігер жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Байқоңыр қаласындағы №274 мектептің терезелерін ауыстыруға 3774,0 мың теңге қаржы бөлініп жеңімпаз мердігер терезе ауыстыру жұмыстарын толық аяқтап құжаттары рәсімделді, №275 мектептің шатырын күрделіжөндеуденөткізуге жалпы сипаттағы трансферт есебінен 60685,0 мың теңге қаралған, қазіргі таңда №275 орта мектебінің жұмсақ шатырын жаңа шатырға (чердачный) ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша бас жобалаушы мекемемен келіспеушіліктер туындап, келіспеушіліктерді жоюға байланысты жұмыстар атқарылды.

Мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу барысында өртке қарсықауіпсіздігі бойынша отқа төзімділігін өңдеу, өрт сөндіргіштерді қайта толтыру, автоматтандырлыған өрт жүйесін жөндеу жұмыстары үшін2 706,8 мың теңге жеңімпаз деп танылған өнім берушімен 19.03.2018 жылы шарт жасалыныпжұмыстар атқарылды.477,6 мың теңге – Байқоңыр қаласында орналасқан мектеп ғимараттарына өртке қарсы дабыл жүйелеріне техникалық қызметін сатып алу мақсатындажұмыстар атқарылды. 3 393,0 мың теңге – шатырларды өртке қарсы сұйықтықпен өңдеу қызметін сатып алуға конкурс жарияланды мемлекеттіік сатып алу қызметі арқылы әлеуетті өнім беруші анықталыпнәтижесіндесұйықтықпен өңдеу жұмыстары атқарылды.

Материалдық-техникалық базамен жарақтандыру

Білім бөлімінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстықбюджеттен трансфертпенпәндік кабинеттерге 98859,0 мың теңге қаржы бөлінді ашып айтқанда: 39 192,0 мың теңге - химия кабинетін (6 комплект - №29, №85, №107, №108, №109, №279); 42 566, 0 мың теңге физика кабинетін (6 комплект - №28, №29, №107, №108, №109, №269); 17 101,0 мың теңге биология кабинетін 3 комплект (№269, 279 және№85). Қазіргі таңда аталған кабинеттермен білім ұйымдары оқу процесінде жұмыс жасауда.

Цифрландыру

Барлық мектептерге 174 дана вай-фай модем, 200 данапланшет және 10 комплект (№99, 269, 85, 108, 107, 26, 27, 30, 121, 183 орта мектептерге) робототехника кабинеті сатып алынып берілді. Елбасы жолдауында айтылғандай оқушылар үйі жанынан IT парктер ашу үшін 1 комплект 3 D және 1 комплект цифрлы лабораториялық білім беру кабинеті пайдалануға беріліп, қазіргі таңда бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Кең жолақты интернет желісіне мектептердің 27-і қосылған, №185, №186 мектептер 2019 жылдың қаңтар айында спутникті байланыс арқылыинтернет желісіне қосылатын болады.

Бүгінгі күні электронды күнделік» - бірыңғайақпараттық жүйесіне барлық мектептер қосылған. Негізгі мақсаты – қағаз тасымалдаушыларынан бас тарту және бағалау әдісін жеңілдету мен ата-аналармен кері байланысты орнату.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары толық "электронды балабақша" бағдарламасына енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде.

Оқулықтар.

156 935,9 мың теңге оқу жылына 147616 дана оқулықтар сатып алуға 10 баспалармен (Келешек, Арман-ПВ, Назарбаев зияткерлік мектебі, Бөбек, Көкжиек Горизонт, Алматы кітап, Атамұра, Мектеп, Оксфорд, Экспресс) тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалынды. Шарт бойынша 30 пайыз қаржысы аударылып,26 тамыз күні жалпы білімнің 95936 дана кітабы ауданға жеткізіліп сұраныстары бойынша мектептерге жеткізілді, 51680 дана кітапБайқоңыр қаласына жеткізілді.

Ыстық тамақ

Аудандық білім бөліміне қарасты 29 білім беру ұйымдарында 3189 баланы ыстық тамақпен қамтамасыз ету толыққанды жүзегеасырылды.

Тасымалдау

Аудандықбілім бөліміне қарасты 4 мектепте яғни №80 мектеп гимназиясында, №269 орта мектепте, №279 орта мектепке және 250 мектеп- лицейіне, мектепке дейін және кері қарай күнделікті тегін тасымалдау ұйымдастырылған.Тасымалдаудағыпроблема бұл биылғы жылықолданысқа беріліп отырған №183 орта мектепаудан орталығынан шет жерде орналасуына байланысты автобус көлігін сатып алу үшін аудандық экономика және жоспарлау бөліміне 9864,0 мың теңгеге 26 маусым 2018 жылы №01-7/291 –іқш санды бюджеттік өтінім жолданған болатын. Әзірге оң шешімі жоқ.

«Мектепке жол» акциясы.

Қармақшыаудандықбілімбөлімі,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 13 шілдедегі №3-15-3/2530-И хатына сәйкес, 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі жарияланды.

«Мектепке жол»акцияны ұйымдастыру менөткізу туралыбілім бөлімінің18.07.2017 жылдың №512 бұйрығы шығып, іс-шара жоспарыәзірленіп , бекітілді.«Қармақшы таңы» газетіне28.07.2018 жылдың№56 (9713) сандынөмерінде«Мектепке жол»акциясының өтілуімен аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтікқолдаудықажет ететін отбасыбалаларына қолдаужасаухабарланды. Қамқоршылықтағы, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалыотбасыбалаларынакцияғақатыстыру мақсатындатізімі жасалынды. «Қармақшы таңы» газетіне«Қайырымдылық- ең қайырлы іс» тақырыбында мақала жарияланды. Барлығы тамыз айында 289 оқушыға 1 млн 897 мың 800 теңге көлемінде көмек жасалды. Балалардың себепсіз сабаққа бармау фактілерін болдырмау мақсатындақұқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, сауда орындарына, вокзалдар, көңіл көтеретін орындарға рейдттер ұйымдастырылуда.

Мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиада6 аймақ бойынша ұйымдастырылып,жүлделі орын алған мектеп оқушылары мен командалароблыстық спартакиадаға жолдама алды. Нәтижесінде жекелеген спорт түрлерінен командалар қатысып, тиісті орындарды иеленді. Атап айтсақ, баскетболдан ауданның ұлдары ІУ, қыздары У орын; үстел теннисінен УІІІ орын, футболдан ұлдар І , қыздар У орын; шахматтан УІ орын; тоғызқұмалақтан УІ орын; волейболдан ұлдар мен қыздар УІІІ орын; гандболдан ұлдар мен қыздар УІІ орынды алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне1511 оқушы қатысты. І турдан 1364 оқушы өтіп,аудандық кезеңге 691 оқушы қатысты. Және облыстық олимпиадаға 28 оқушы жолдама алды.

2018 жылдың 24-29 желтоқсан аралығында аудан мектептерінде Жаңа Жылдық іс-шара ұйымдастырылды. Тақырыптық кездесулер, көгілдір от кештері, балмаскарадтарөткізілді.


Білім беру саласы бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

1. Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Өткен оқу жылында 29 мектепте 739 сынып жиынтығында 13972 оқушы білім алды. Оларға 1907 педагогтар дәріс берсе, педагогтардың 1738 - і жоғары білімді, 169 - ы арнаулы орта білімді. Біліктілік санаты бойынша 161 педагог жоғары санатты, 683 педагог І санатты, 528 педагог ІІ санатты педагог қызметкерлер еңбек етті.

2. Бүгінгі таңда ауданда 36 мектепке дейінгі мекемесі, 32-і балабақша болса, 4-і шағын орталықта 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы бөбекжай балабақшаларында 2-3 жас аралығында 1264 бала бар. Облыстық бюджеттен 2 балабақша құрылысы үшін яғни Төребай би ауылындағы №15 балабақшаға 132860,0 млн теңге, Иркөл ауылындағы №12 балабақша құрылысы үшін 137410,2 млн теңге қаржы бөлініп жұмыстары толық аяқталды. 3-6 жас аралығындағы бала санын балабақшаға қамту 2018 жылы 100 пайызға жетеді. Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық әдістерді енгізу, оның ішінде «Монтессори», «Восковович», «Триз», «Зайцев», «Визиборд» технологиялары іске асырылып, бүлдіршінде заманға сай тәрбиеленуде. Ата-анасы жастардың бала тәрбиесіне дұрыс қарау, уақытының болуы немесе жұмыс кезінде балаларының қараусыз қалмауына қазіргі таңда барлық жағдай жасалынған. Соның бірі, бөбекжайлар ашу. Аудандағы «Аққайың», «Тоғжан», «Толғанай», №5 «Айгөлек», №17 «Алақай» балабақшаларында 2-3 жас аралығындағы ясли топтары ашылған.

Құрылыс. 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 567503,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 56,795 млн қаржы бөлініп, 2018 жылы облыстық бюджеттен 21805,0 млн теңге, республикалық бюджеттен 139495,0 мың теңге бөлініп 2018 жылдың 27 мамыры күні жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Жаз-қыс мезгіліндегі 300 орындық балалар демалысы үшін лагерь нысанының жалпы құны 1 292,2 млн теңге болатын құрылысы 2017 жылы басталып, 2018 жылдың аяғына бітіру жоспарланған, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүруде. Қармақшы ауданы бойынша үш ауысымда оқытылатын мектептер жоқ.

Күрделі жөндеу. Ауданда жалпы білім бойынша 3 мектепке яғни №27, №30 , №107 күрделі құрылыс жұмыстарына ЖСҚ дайындалып, экспертизадан өткен. №107 мектепке 196471,2 мың теңгеге, №30 орта мектепке 241679,2 мың теңге, №27 орта мектепке 143925,5 мың теңге барлығы 582075,9 млн теңгеге ЖСҚ әзірленген. Ауданымыздағы №27,№28,№29,№85,№105 мектептерінің жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес және белгіленген тәртіпте техникалық көрсеткіштерімен бекітілген яғни 2017 жылғы 4 тоқсанның ағымдағы баға бойынша 2018 болжамды деңгейдегі құрылыстың жалпы сметалық құны №27 -51652,489 мың теңге, №28-36520,593 мың тенге, №29 - 51852,106 мың тенге, №85 - 52099,872 мың, №105- 42412,032 мың теңге болып анықталып мемлекеттік сараптамадан өтті.

Ағымдағы жөндеу. Аудан орталығындағы №183 орта мектептің жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты, ескі ғимаратқа әуез мектебін көшіру мақсатында жыл басында нақтыланумен күрделі жөндеу жұмыстары үшін 39760,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу арқылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін әлеуетті өнім беруші ағымдық жөндеу жұмыстарын толық аяқталып құжаттары рәсімделуде және №106 мектептің сыртқы ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10510,0 мың теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда жеңімпаз мердігер жөндеу жұмыстарын толық аяқтады. Байқоңыр қаласындағы №274 мектептің терезелерін ауыстыруға 3774,0 мың теңге қаржы бөлініп жеңімпаз мердігер терезе ауыстыру жұмыстарын толық аяқтап құжаттары рәсімделді, №275 мектептің шатырын күрделі жөндеуден өткізуге жалпы сипаттағы трансферт есебінен 60685,0 мың теңге қаралған, қазіргі таңда №275 орта мектебінің жұмсақ шатырын жаңа шатырға (чердачный) ауыстыруға жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша бас жобалаушы мекемемен келіспеушіліктер туындап, келіспеушіліктерді жоюға байланысты жұмыстар атқарылды. Мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу барысында өртке қарсы қауіпсіздігі бойынша отқа төзімділігін өңдеу, өрт сөндіргіштерді қайта толтыру, автоматтандырлыған өрт жүйесін жөндеу жұмыстары үшін 2706,8 мың теңге жеңімпаз деп танылған өнім берушімен 19.03.2018 жылы шарт жасалынып жұмыстар атқарылды. 477,6 мың теңге – Байқоңыр қаласында орналасқан мектеп ғимараттарына өртке қарсы дабыл жүйелеріне техникалық қызметін сатып алу мақсатында жұмыстар атқарылды. 3 393,0 мың теңге – шатырларды өртке қарсы сұйықтықпен өңдеу қызметін сатып алуға конкурс жарияланды мемлекеттік сатып алу қызметі арқылы әлеуетті өнім беруші анықталып нәтижесінде сұйықтықпен өңдеу жұмыстары атқарылды.

Материалдық-техникалық базамен жарақтандыру. Білім бөлімінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен трансфертпен пәндік кабинеттерге 98859,0 мың теңге қаржы бөлінді ашып айтқанда: 39 192,0 мың теңге - химия кабинетін (6 комплект - №29, №85, №107, №108, №109, №279); 42 566, 0 мың теңге физика кабинетін (6 комплект - №28, №29, №107, №108, №109, №269); 17 101,0 мың теңге биология кабинетін 3 комплект (№269, 279 және №85). Қазіргі таңда аталған тауарлардың 65% жеткізілді.

Цифрландыру. Облыстық бюджеттен трансфертпен 1392,0 мың теңге вай-фай модем 174 дана (барлық мектептерге) сатып алуға, 6998,2 мың теңге - планшет 200 дана, 33540,0 мың теңге - робототехника кабинетін 10 комплект (№99, 269, 85, 108, 107, 26, 27, 30, 121, 183 орта мектептерге) сатып алуға конкурс жарияланып, жеңімпаз әлеуетті өнім беруші тауарларды шарт бойынша толық жеткізіп мектептерге жеткізіліп берілді. 3 442,0 мың теңге - 3 D кабинет 1 комплект (оқушылар үйіне) сатып алуға конкурс 22.04.2018 жылы жарияланып, жеңімпаз өнім беруші тауарды жеткізіп берді. 4 772,2 мың теңге - цифрлы лабораториялық білім беру кабинетін 1 комплект (оқушылар үйіне) сатып алуға конкурс 22.04.2018 жылы жарияланды, Жеңімпаз өнім беруші тауарды жеткізіп берді. Мектептерді 25 -і кең жолақты интернет желісіне қосылған, қалған №79, №111 мектептерге тамыз айында Қазақтелеком АҚ арқылы радиокөпір желісіне қосылады, сонымен қатар №186, №185 мектептерге Астел компаниясы арқылы интернет желісі берілетін болады. 4 334, 937 мың теңге - 36 бала бақшаны "электронды балабақша" бағдарламасына қосуға шарт жасалды, өнім берушіге көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жолданды.

Оқулықтар. 156 935,9 мың теңге оқу жылына 147616 дана оқулықтар сатып алуға 10 баспалармен (Келешек, Арман-ПВ, Назарбаев зияткерлік мектебі, Бөбек, Көкжиек Горизонт, Алматы кітап, Атамұра, Мектеп, Оксфорд, Экспресс) тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалынды. Шарт бойынша 30 пайыз қаржысы аударылып, 26 тамыз күні жалпы білімнің 95936 дана кітабы ауданға жеткізіліп сұраныстары бойынша мектептерге жеткізілді, 51680 дана кітап Байқоңыр қаласына жеткізілді.

Ыстық тамақ. Аудандық білім бөліміне қарасты 29 білім беру ұйымдарында 3158 баланы ыстық тамақпен қамтамасыз ету толыққанды жүзеге асырылды.

Тасымалдау. Аудандық білім бөліміне қарасты 4 мектепте яғни №80 мектеп гимназиясында, №269 орта мектепте, №279 орта мектепке және 250 мектеп- лицейіне, мектепке дейін және кері қарай күнделікті тегін тасымалдау ұйымдастырылған.Тасымалдаудағы проблема бұл биылғы жылы қолданысқа беріліп отырған №183 орта мектеп аудан орталығынан шет жерде орналасуына байланысты автобус көлігін сатып алу үшін аудандық экономика және жоспарлау бөліміне 9864,0 мың теңгеге 26 маусым 2018 жылы №01-7/291 –іқш санды бюджеттік өтінім жолданған болатын. Әзірге оң шешімі жоқ.

«Мектепке жол» акциясы. Қармақшы аудандық білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылдың 13 шілдедегі №3-15-3/2530-И хатына сәйкес, 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясының өткізілуі жарияланды. «Мектепке жол» акцияны ұйымдастыру мен өткізу туралы білім бөлімінің 18.07.2017 жылдың №512 бұйрығы шығып, іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді. «Қармақшы таңы» газетіне 28.07.2018 жылдың №56 (9713) санды нөмерінде «Мектепке жол» акциясының өтілуі мен аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасау хабарланды. Қамқоршылықтағы, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын акцияға қатыстыру мақсатында тізімі жасалынды. «Қармақшы таңы» газетіне «Қайырымдылық - ең қайырлы іс» тақырыбында мақала жарияланды. Барлығы тамыз айында 289 оқушыға 1 млн 897 мың 800 теңге көлемінде көмек жасалды. Балалардың себепсіз сабаққа бармау фактілерін болдырмау мақсатында құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, сауда орындарына, вокзалдар, көңіл көтеретін орындарға рейдтер ұйымдастырылуда.


Білім беру саласы бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп,1 негізгі мектеп - барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды.

Елбасының Ұлт Жоспары «100 Нақты Қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастыру, деңгейлік бағдарлама бойынша педагог қызметкерлердің біліктілік арттыру курстарын оқыту жұмыстары жүргізілуде.

Қармақшы ауданы бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 3, 6, 8 сыныптарға оқулықтар,1,2 сыныптарға оқушы дәптерлері және 1-ші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным Қазақстан» оқу құралын алуға 36453,0 мың теңге қосымша жергілікті бюджет есебінен 68718,0 мың теңге барлығы 105171,0 теңге бөлінгендігін хабарлайды. Байқоңыр қаласы бойынша 2018-2019 оқу жылына оқулықтар алуға 56889,0 мың теңге қаралған. Аудандық білім бөлімі 2018-2019 оқу жылында оқулық алуға 100 пайыз қаржы жеткілікті. Білім беру ұйымдарының сабақ беру мен оқытудың халықаралық «TALIS-2018» зерттеуінің негізгі кезеңіне қатысуы және «ICILS-2018», «PISA-2018» халықаралық зерттеулері бойынша жүргізілген жұмыстары 2018 жылы 21-24 сәуір аралығында «PISA-2018» халықаралық зерттеуіне 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалауда №108-26 (1-уі үйден оқылады), №85-25 (1-уі үйден оқылады), №279-31 оқушы қатыстырылды.

Халықаралық «TALIS - 2018» зерттеуінің негізгі кезеңі Жосалы кентіндегі №105, №250 мектеп базаларында ұйымдастырылды. Оған 5-9 сынып оқушыларына сабақ беретін (105-20, №250-20) мұғалімдер қатыстырылды.

Аудандық білім бөлімінің 16 наурыз 2018 жылғы №220 бұйрықтарына сәйкес 2018 жылы 18 мамырда «ICILS-2018» халықаралық зерттеуі Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназия базасында өткізілді.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында жүргізілген оқу жетістіктерін сырттай бағалау жұмыстары

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 7 наурыздағы №88 «2018 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрығына және «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның 16 наурыз 2018 жылғы №15-10-7/1-550 санды хатына сай жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі–ОБ ОЖСБ) 2018 жылы 11-17 сәуір аралығында ұйымдастырылды. 2018 жылы 11 сәуірде компьютерлік онлайн-тестілеу тапсыратын №121 (4 сынып-53 оқушы), №99 (4 сынып-28 оқушы) орта мектептерде, бланкілік тестілеу әдісі 13 сәуірде №27 (4 сыныпта-24 оқушы, 9 сыныпта-11 оқушы), №113 (4 сыныпта-16 оқушы,9 сыныпта-6 оқушы,11 сынып-6 оқушы) 16 сәуірде №99 (9 сынып-34 оқушы,11 сынып-10 оқушы) орта мектепте және 17 сәуірде №121 (9 сынып-40 оқушы, 11 сынып-19 оқушы) орта мектепте өткізілді.

2018 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 02 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізу» қағидаларына сәйкес 2018 жылғы 20-22 маусым аралығында ауданда екі ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан кейін-ҰБТ) өткізілді. ҰБТ ережесіне сәйкес елді мекендерден келетін бітірушілердің келіп қатысуы үшін оңтайлы жағдайлар жасалынды. Барлығы 652 оқушы мектеп бітірді. Оның 25 оқушысы «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» 17 оқушы иегер атанды. ҰБТ-ке 458 оқушы қатысып, орташа балл 83,8 болды. Қатысу пайызы 70,2. Олардың ішінде 43 бітіруші шығармашылық сынақ бойынша тапсырып, орташа балл-30,44 болды. ҰБТ-де жоғарғы балл 131 (№105 мектеп-лицейінен бітіруші) және 130 балмен (№80 мектеп-гимназиядан) 2 оқушы жинақтады.

Бітіруші түлектермен жұмыстар туралы: Қармақшы аудандық білім бөлімінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізілетін жұмыстар іс-шарасы 2018 жылы қаңтар-ақпан айларында құрылды. Жоспар бойынша мектептерде арнайы кәсіби бағдар беру кабинеттері мен бұрыштарын жасақтаужәне семинар-практикумдар «Біздің білім-болашаққа бастар сәтті жол» (№26, №27, №121, №105, №183, №250, №30, №113, №79), «12 жылдық білім беру жағдайында оқушыларға бейін алды даярлық барысында жаңа технологияның тиімділігі» (№199, №106, №107, №108, №109 мектептер), «Алуан, алуан кәсіп бар...» (28, №29, №111, №185, №186 мектептер), «Керек кәсіп бәрі де...» (№80, №85, №269 мектептер), «Мамандық таңдау-табыстың кілті» (№99, №279 мектептер), «Мамандық таңдау-болашаққа бастау» (№272, №273, №275, №277 мектептер) атты кездесу кештері, дөңгелек үстелдер, семинар-практикумдар ұйымдастырылды. Оқушыларға кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу үшін барынша сұранысқа ие кәсіптер бойынша жүргізу, баспа беттерінде, мектептегі «Түлектер тақтасы» жобасы тұжырымдамасымен мамандықтарға қатысты стенділер ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың 13 мамыр 2018 жылғы №4359 санды хатына сай «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасы аясында еліміздің еңбек күші артығымен орналасқан 5 өңірден еңбек күшіне сұранысы жоғары 9 өңірдегі оқу орындарынан 21 мамырда №250 мектеп-лицейде (№250, №183, №30, №121, №27, №26, №199, №113, №106, №79 мектептер) кездесу-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. ҚР-ның білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер үшін облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан құрылған «Талапқа талғам-таразы» атты кәсіби бағдар беру керуені 2018 жылы 17 мамырда аудандық мәдениет үйінде өткізілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қармақшы ауданы бойынша 2000 адамды оқытылуға қамтылу жоспарланды. Аудан тұрғындарын цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша қоса тіркелетін негізгі цифрлық және электронды үкімет дағдыларын оқыту семинары өткізілді. 2018 жылы 14 -15 мамырда негізгі цифрлық дағдылар курсы бойынша ауданның 29 мектебінде 700 адам оқытылды. 2018 жылы 16-18 мамыр аралығында ашық үкімет бағдарламасы бойынша ауданның 29 мектебінде 1300 адам оқытылды. Барлығы 2000 адам оқып, өз білімдерін жетілдірді.

Жазғы демалысты ұйымдастыру туралы. 2018 жылғы жазғы тынығу лагерлерінің ұйымдастырылуы мен өткізу жайлы білім бөлімінің 15.02.2018 жылы №132 бұйрығы шығарылған. 2018 оқу жылында 1-10 сынып аралығында 13322 оқушының 11543-ның (86 пайызы) жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асырылуы жоспарлануда. 355 оқушы сыртқы лагерьге (4-8 сынып оқушылары) қамтылады. Тамақсыз лагерьге 3200 оқушы қамтылды. Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 1380 оқушы (1-4 сынып оқушылары) маусым айында қамтылды. Жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп жанындағы лагерьге 13 млн 604 мың, сыртқы лагерьге 9 млн 555 теңге барлығы жазғы тынығуға 23 159 мың қаржы бөлінген. 1655 оқушы еңбекпен (1126 көркейту-көгаландыру бригадаларында 9 сынып оқушылары, 529-і еңбек бригадаларында оқу практикасы есебінен 10 сынып оқушылары қамтылған.Мектеп жанынан құрылған аулалық клубтарда 2335 оқушы, 483 оқушы дебат үйірмесіне, оқушылар үйінің жанынан құрылған «Жас толқын» аулалық клубқа 1100 оқушықамтылған. Аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 30 оқушы , ата-ана, кәсіпкерлердің демеушілігімен 109 оқушы қамтылды. АІІБ-де Байқоңыр қалалық есепте тұрған 3 (№272-1, №273-2), мектепшілік есепте 23, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 15. Лагерьге қамтылған бала 14, үйірмелерге қамтылған бала 8, аулалық клубқа қамтылған 18, шатырлы лагерьге 1. «Бақылау» тобына алынған оқушылар үнемі бақылауға алынып, түрлі үйірмелерге тартылады. Алматы қаласына «Бөбек» Ұлттық практикалық сауықтыру кешеніне демалуға 30 мамыр-20 маусым аралығында 15 бала 5-7 сынып оқушылары қамтылды.17-19 маусым Астанаға саяхат 7 оқушы, 8-14 маусым Көкшетауға саяхат 8 оқушы, 18-23 маусым Астана қаласына шатырлы лагерь 12 оқушы қамтылды.


Білім беру саласы бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды, оның 32-сі балабақша болса, 4-уі шағын орталықтар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазіргі таңда 476 педагог-қызметкерлер жұмыс жасайды. Оның жоғары білімдісі 298, арнаулы орта білімді 173, аяқталмаған жоғары 5. Аталған педагог-қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 1, І санатты – 82, ІІ санатты – 123, санатсыз – 270 педагог еңбек етеді. Жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымында 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес ІІІ оқу тоқсанын 13962 оқушы аяқтады және үлгерім сапасы 57 пайызды құрады.

Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап-деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 161, І санатты – 683, ІІ санатты – 528, санатсыз – 535 мұғалім еңбек етеді.

Ауданда 3 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасайды. Елбасының «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250, №277 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар, шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 3 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері жұмыс жасайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында рухани жаңғыру жобасы әзірленіп, аудандық бюджеттен 1 млн 12300 теңге қаржы сұралды.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Ауданда екі ұлттық тестілеу орталығы бар. Олар, Ақай ауылындағы орналасқан №155 және Жосалы кентіндегі №73 филиалы.

2017-2018 оқу жылында да 11 сыныпты 654 оқушы бітіргелі отыр. ҰБТ-ге дайындық жүйелі жүргізілуде. Соңғы алынған сынама тест қорытындысы бойынша қатысқан 476 бітірушінің орташа балы 72,7 пайызды құрады.

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ү.ж. 3 наурызы күні ІІІ Интернационал аулындағы №108орта мектепте оқу сауаттылығынан аудандық әдістемелік кабинет әдістемелік көмек көрсету бағытында "Оқу сауаттылығы мәтіндерінің сұрақтарын шешу жолдары", кент орталығындағы №27 орта мектеп базасында мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау барысына сәйкес Қазақстан тарихы пәнінен "Ұлттық Бірыңғай Тест - білім сапасының басты көрсеткіші", Т.Көмекбаев аулындағы №185 орта мектеп базасында мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау барысына сәйкес математикалық сауаттылығынан "Математикалық сауаттылық бойынша ҰБТ-ге дайындық барысы" тақырыптарында семинар-практикумдар ұйымдастырылды.Онда а.ж. ақпан айының сынама тест қорытындысы бойынша орташа балл негізінде төмен балл жинаған мектептерден мұғалімдер қатыстырылып, жоғары балл жинаған мектептердің мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелері ортаға салынып, пікір алысу ұйымдастырылды. Семинар соңында пән мұғалімдері өздерінің ойларында жүрген ұсыныс-пікірлерін айтты.

Сонымен қатар Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ү.ж. 13-17 наурыз аралығында ҰБТ-ге қатысатын 499 бітірушімен Байқоңыр қаласындағы №275, 274,275, Төретам кентіндегі №269, Жосалы кентіндегі №250, №26, №30, Ақтөбе аулындағы №109 және Тұрмағамбет аулындағы №29 орта мектеп базаларында мектеп бітірушілердің математикалық сауаттылықтағы білім сапасын арттыру мақсатында ҰБТ-ге дайындық жұмысы жүргізілді.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылған Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне ауданнан 7 оқушы жолдама алып, қатысуда.

Халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 38 оқушы жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу орталығының хаттары мен бұйрықтары және берілген тәртіптемеге сәйкес жыл басында жоспарланып, жыл көлемінде педагогтар біліктілік арттыру курстарына жіберіліп отырады. 2018 жылдың І тоқсаны бойынша ауданның 30 педагог білімін арттырды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес аудандық білім бөліміне 2017 жылдың 08 желтоқсанына дейін барлығы - 89 арыз-шағым келіп тіркелді. 88 арыз-шағымға жауап беріліп, қазіргі таңда 1 өтінішке жауап беру жұмысы жүргізілуде.

Қармақшы аудандық білім бөлімі алдағы 2018 жылы білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша №30 және №269, №272 орта мектептерден 1 және 5 сыныптардан инклюзивті сыныптар ашу, сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептеріне арналған педагогика-психологиялық түзету кабинетін ашуды жоспарлап отыр.

Аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорлағынсыз қалған бала саны – 56. Оның ішінде 38-і қорғаншылықта, 16-ы қамқоршылықта, 2-і патронаттық тәрбиеде.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатында Төретам кентіде №80 мектеп-гимназиясында арнайы сыныптарда 29 оқушы, №30 орта мектепте 13 оқушы, Байқоңыр қаласындағы №272 мектепте 5 оқушы, №275 мектепте 5 оқушы инклюзивті оқумен, №80 мектептегі логопунктте 19 оқушы, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 45 баламен түзету жұмыстары жүргізілуде. Барлығы мүмкіндігі шектеулі 355 баланың 115-і (33%) арнайы оқумен қамтылса, 135-і үйден оқытылады. Ал қалған 105 баланың 68-і 0-6 жас аралығындағы мектепке бармайтын және 37 бала денсаулығына байланысты оқытуға жарамайды (Детский церебиальный паралич- 30, РОПЦНС- ақыл-есі дұрыс дамымаған-6, аутизм - 1 ).

Ыстық тамақпен қамтылған бала саны – 3154, 2018 жылға қаралған қаржы 82231,0 мың теңге.

Компьютерлік техникамен жабдықтауға келсек, бүгінгі күні аудан мектептерінде 1425 компьютер бар. Ол 5 оқушыға 1 компьютерден келеді. Барлық 29 мектеп Интернет жүйесіне қосылған, оның 19-ы (66%-ы) кең жолақты интернетке қосылған. Алдағы уақытта цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Шалғайда орналасқан №186, №185, №111, №28, №79,№279 орта мектептердегі интернет желісінің ауқымын кеңейту қолға алынды.

№105, №250 мектеп-лицейлері Білім берудің және оқытудың TALIS халықаралық зерттеуіне қатысты.


Білім беру саласы бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 негізгі мектеп, 3 мектептен тыс және 36 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасайды, оның 32-сі балабақша болса, 4-уі шағын орталықтар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазіргі таңда 476 педагог-қызметкерлер жұмыс жасайды. Оның жоғары білімдісі 298, арнаулы орта білімді 173, аяқталмаған жоғары 5. Аталған педагог-қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 1, І санатты – 82, ІІ санатты – 123, санатсыз – 270 педагог еңбек етеді. Жалпы мектепке дейінгі білім беру ұйымында 2823 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13972 оқушы білім алуда. Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап-деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 161, І санатты – 683, ІІ санатты – 528, санатсыз – 535 мұғалім еңбек етеді.

Ауданда 3 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасайды. Елбасының «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250, №277 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар, шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 3 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері жұмыс жасайды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында рухани жаңғыру жобасы әзірленіп, аудандық бюджеттен 1 млн 12300 теңге қаржы сұралды.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Ауданда екі ұлттық тестілеу орталығы бар. Олар, Ақай ауылындағы орналасқан №155 және Жосалы кентіндегі №73 филиалы.

Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылында мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%)-зы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа балл 82,00 құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Және мектеп бітірген 624 оқушының 2-уі әскер қатарына алынса, 2-уі денсаулығына байланысты оқуға бара алмады. Жалпы 2016-2017 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектер 100 пайыз орналастырылды.

Аудан мұғалімдері ҰБТ-де жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек етті. Осы орайда ауданда ғана емес, облыс көлемінде №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәурен ең жоғарғы 136 балл жинады. 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды. Жалпы аудан бойынша 273 оқушы грант иегері атанды.

2017-2018 оқу жылында да 11 сыныпты 651 оқушы бітіргелі отыр. ҰБТ-ге дайындық жүйелі жүргізілуде. Соңғы алынған сынама тест қорытындысы бойынша қатысқан 561 бітірушінің орташа балы 80,8 пайызды құрады.

2016-2017 оқу жылында 9-11 сынып оқушыларымен ауданда кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру мақсатында атқарылатын жұмыстардың іс-шарасы 2017 жылы 28 ақпанда құрылды. Онда ЖОО-ы мен АОО-ы , «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша жұмыстарды арттыру, ұйымдастыруда әр түрлі тақырыптағы еңбекте жетістікке жеткен азаматтармен кездесулер, кәсіби бағдар беруде өндіріс орындарына саяхат жасауды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мектептердегі бітіруші түлектердің жан-жақты ақпаратты толығырақ, нақты бетпе-бет кездесулер мен түсіндірме жұмыстары барысында ЖОО-ы мен АОО-ы оқытушылары мен студенттерімен кездесулер ұйымдастырылды. Аудандағы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі оқытушыларымен, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға » әлеуметтік жобасын іске асыру барысында ЖОО және АОО орындары өкілдерімен кездесулер өткізді.

Өткен оқу жылында Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орын алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен 5 оқушы жолдама алып, нәтижесінде: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқытылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі 2017 жылдың желтоқсан айының 7-8 күндері өткізілуде. 867 оқушы олимпиаданың І турына қатысты. ІІ турға 269 оқушы өтіп, қорытындысы шығарылды. Жүлделі І орын алған 27 оқушы облыстық пәндік олимпиадаға жолдама алды.

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 128 оқушы жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту» туралы 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің, облыстық білім басқармасы мен облыстық оқу орталығының хаттары мен бұйрықтары және берілген тәртіптемеге сәйкес жыл басында жоспарланып, жыл көлемінде педагогтар біліктілік арттыру курстарына жіберіліп отырады. 2017 жылы Қармақшы ауданы бойынша барлығы 550 педагог біліктілігін арттырды және 2018 жылы ауданның 562 педагог білімін арттырады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес аудандық білім бөліміне 2017 жылдың 08 желтоқсанына дейін барлығы - 89 арыз-шағым келіп тіркелді. 88 арыз-шағымға жауап беріліп, қазіргі таңда 1 өтінішке жауап беру жұмысы жүргізілуде.

Қармақшы аудандық білім бөлімі алдағы 2018 жылы білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша №30 және №269, №272 орта мектептерден 1 және 5 сыныптардан инклюзивті сыныптар ашу, сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептеріне арналған педагогика-психологиялық түзету кабинетін ашуды жоспарлап отыр.


Білім беру саласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Биылғы оқу жылында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын дамыту бағытында аудан бойынша 32 білім ұйымы, атап айтқанда 28 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс және 45 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс жасады. Аудан бойынша білім берудің жалпыға міндетті оқу стандартына сәйкес 13973 оқушы білім алды. Барлық мектептер оқушылар сұранысына жауап бере алатын материалдық-техникалық базамен жабдықталған, ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1738 жоғары білімді, 169 арнаулы орта, барлығы 1907 білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 149, І санатты – 654, ІІ санатты – 508, санатсыз – 511 мұғалім еңбек етеді.

Қай кезеңде де білім сапасының көрсеткіші болып табылатын, жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу барысында ұстаздарымыз түлектердің теориялық, психологиялық дайындығын басты назарда ұстай отырып, сындарлы сында аянбай, талмай еңбек етті. Әрине, нақты жоспарланған, үздіксіз жұмыс нәтижесі өзінің оң бағасын берді. Аудан бойынша мектеп бітіруші 624 түлектің 491-і (79,17%)-зы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысып, жалпы орташа балл 82,00 құрап, ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Аудан мектептерінен орташа балл қорытындысы бойынша 16 мектеп - №183, №279, №106, №28, №105, №27, №109, №113, №277, №199, №85, №111, №185, №80, №26, №250 мектептер ауданның орташа балдық көрсеткішінен жоғары болып топ бастаушылар қатарында болса, №30, №121, №99, №269, №107, №108, №29, №186, №272, №273, №274, №275 сияқты 12 мектеп 80,40 – 63,33 балл аралығымен төменгі орынға орналасты. Мектеп бітіруші түлектер арасынан 38 оқушы «Алтын белгі» (№250 мектеп-лицей – 13, №183 мектеп – 1, №30 мектеп – 2, №26 – 2, №27- 1, №105-1, 29-4, №107-3, №85- 1, №279- 1, №272- 1, №273- 1, №274- 3, №275-2, №277- 2, ), 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. (№250 мектеп – лицей - 3, №26 мектеп – 2, №28 мектеп – 1, №199-2, №80-1, №274-3, №275-1, №277-5). 100-109 балл аралығында жоғары балл жинаған 43 оқушы, 110-119 балл аралығында - 33, 120-129 балл аралығында – 15, 130-140 балл аралығында -2, барлығы 93 бітіруші көрсеткіш берсе, 175 оқушы /35,4%/ шекті баллдан өте алмады (№105 – 1, №107 – 5, №108 – 7, №109 – 2, №121 – 5, №185 – 4, №199 – 2, №250 – 32, №26 – 6, №27 – 1, №29 - 10, №30 мектеп – 5, №80 – 9, №85-3, №99-4, №269- 5, №272- 12, №273- 18, №274- 15, №275- 20, №277- 8, №279-1).

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен 38 бітіруші «Алтын белгіге», 18 бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды.

Биылғы жылы да аудан оң нәтиже, лайықты көрсеткіштерге жетті. Бұл - білікті де білімді пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, ата-аналардың өзара тығыз байланысы, әр оқушының білімі мен таным қабілетін танып білудегі ұстаз еңбегінің шынайы жемісі деп атап өтуге болады. Осындай өз уақытын аямай, өзгенің баласына білім беріп жоғарғы балл жинап, аудан мәртебесін жоғары көтерген алдыңғы үштікте тұрған мектептерді ерекше атап өтуге болады. Математикалық сауаттылықтан алдыңғы үштікте тұрған Төретам кенті Ақай аулындағы №279 және №99, кент орталығындағы Ү.Томанов атындағы №183 орта мектептер.Оқушылар 34 балл жинаған №279 мектептің математика пәні мұғалімі Құлжан Манат, 36 баллмен №183 орта мектептен Наукебаева Гүлшат, №99 орта мектептен Нұржанова Мадиналарды атап өтуге болады.

Оқу сауаттылығынан алдыңғы үштікте тұрған №113, №183 және №279 орта мектептер.Оқушылары 20 балл жинаған №113 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ізімова Жазира, 20 баллмен №183 орта мектептен Есжанова Мөлдір, 20 баллмен №279 орта мектептен Жиенқұлова Шынарларды айту керек.

Қазақстан тарихынан алдыңғы үштікте тұрған №80, №27 және №85 орта мектептер.Оқушылары 20 балл жинаған №80 мектеп-гимназияның тарих, құқық пәні мұғалімі Айтжанова Салтанат, 20 баллмен №27 орта мектептен Қауысов Дәулет, 20 баллмен №85 орта мектептен Жалғасбаев Әділеттерді атап өту қажет. Бірінші таңдау пәні бойынша алдыңғы үштікте тұрған №183, №279 және №106 орта мектептер.Оқушылары химиядан 37 балл жинаған №183 орта мектептен химия пәні мұғалімі Көбекова Манат, биологиядан 30 баллмен Жалғасбаева Жұлдыз, математикадан 34 баллмен Аширова Гүлнара, физикадан Хасенова Маруся, №279 орта мектептен биология пәнінен 36 баллмен Нұржанова Сафура, физикадан 31 баллмен Бердібаева Гүлзия, №106 орта мектеп бойынша физикадан 32 баллмен Жаханова Жанышкүлдерді атап өту қажет. Екінші таңдау пәні бойынша алдыңғы үштікте тұрған №183, №27 және №28 орта мектептер.Оқушылары химиядан 36 балл жинаған №183 орта мектептен химия пәні мұғалімі Көбекова Манат, физикадан 33 баллмен Жақпанова Гүлмира, математикадан 33 баллмен Аширова Гүлнара, №27 орта мектептен құқық пәнінен 33 баллмен Қауысов Дәулет, №28 орта мектептен дүние жүзі тарихынан 37 баллмен Мырзабекова Жаңагүлдер өз үлестерін қосты.

Аудан мұғалімдері ҰБТ-де жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек етіп, әр бітірушінің талап-деңгейін таразылай отырып игі жұмыстар жүргізіп келеді. Арнайы белгіленген кесте, жан-жақты дайындық, қатаң жауапкершілік, ұстаздарымыздың өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілігі мен аса жауапкершілігі - ауданымыздың облыс көлемінде ҰБТ-ден айшықты орын алуына септігін тигізді. Осы орайда ауданда ғана емес, облыс көлемінде ең жоғарғы 136 балл жинаған Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітірушісі Отарбай Дәуренді аса мақтанышпен атаймыз.

Өткен оқу жылынан бастапаудан бойынша 1-ші сыныпқа келген 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны - 12 жылдық білім беру жүйесімен оқытылды. Білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулу, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Математикалық сауаттылық, сауат ашу, көркем еңбек, ағылшын тілі пәндердің деңгейлік тапсырмаларды қамтыған, логикаға басым жазу дәптерлері арқылы критериалды бағалау – электронды күнделік негізінде оқушылардың білімі сараланып, қорытындыланды. Жыл басында мектепке қабылданған 1860 оқушының 1658 оқушысы 1 сыныпты аяқтады. «5»-ке 552, «4» пен «5»-ке 928, барлығы 1480 оқушы жақсы деңгейде, яғни барлық оқушының 89 пайызы білім сапасын берді. Ал биылғы оқу жылында 1 сыныпқа қабылданатын 1815 оқушы қабылданады деп жоспарлануда. Ол 157 балаға өсіп, 9,4 пайызды құрап тұр. Және 2016-2017 оқу жылында 13659 оқушы 728 сынып жиынтығында оқыса, биылғы оқу жылында 13973 оқушы мектеп партасында отыр.

Биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сыныптар оқытылатылып жатыр. Осыған орай аталған сыныптар бойынша дәріс беретін мұғалімдер арнайы білім жетілдіру курсынан өтті. Ол сабақ беретін мұғалімдердің 83,5 пайызын құрап отыр.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшуге дайындық негізінде «Өрлеу» біліктілік арттыру институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылға 2,5,7-сыныпқа сабақ беретін 715 педагогты оқыту жоспарланған болатын. Оның ішінде 2016-2017 оқу жылында 296 педагог біліктілігін арттырды ( ол 41,3 %).

Осы уақытқа дейін ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп аудан әкімінің қаулысымен мектеп- лицей бағытына ауыстырылды.

Жылма-жыл білім сапасының көтерілуі, үздіксіз білім беру қағидаттарының орындалуы, бір сөзбен айтқанда болашағы бағдарлы, келешегі келісті ұрпақ тәрбиелеу үшін ұстаздарың педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзіреттілігі айқын мәнге ие. жылы аудан мұғалімдерінен біліктілік санатына құжат тапсырған 529 мұғалім өз біліктіліктерін қорғады және 394 қызметкер өз білімін жетілдірді.

Елімізде жүзеге асырылып жатқан мектепке дейінгі білім берудің жаңа стандарты - Қазақстан балаларының жаңа ұрпағын дамыту мен тәрбиелеу жолындағы мәнді қадам болып отыр. Осы орайда, ауданымызда 57 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. Оның 24-і мемлекеттік, 8 жекеменшік, 25 шағын орталықта 3845 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы 0-6 жас аралағындағы 6771 баланың 3845-і балабақшаға тартылып, бұл 93,2 пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылында ІІІ ИНтернационал аулынан 100 орындық «Бадинур», Төребай би аулынан 25 орындық «Кенженұр» жекеменшік балабақшалары ашылды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға өсті.

2016 жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге, ал 2017 жылы құрылысын аяқтауға 456,7 млн.теңге бөлінді. Жаңа мектеп қазіргі таңда пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға 567,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны 798,9 млн.теңге. 2017 жылдың маусым айында өзіңіздің қатысуыңызбен №183 орта мектептің алғашқы іргетасын қалады.

2016 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн.теңге) балабақшалары құрылысын бастауға 10,0 млн.теңге, ал 2017 жылы құрылысты аяқтауға – 487,8 млн.теңге (№5 «Айгөлек» балабақшасына – 241,3 млн.теңге, №3 «Ертөстік» балабақшасына – 246,5 млн.теңге) облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа оқу жылына аталған балабақшалар қолданысқа беріледі деп жоспарлангып отыр.

2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн.теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).

Жосалы кентінде орналасқан білім бөлімі ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай салуға 59,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан «Аудандық оқушылар үйіне» пайдалануға берілді.

2017 жылыЖосалы кентінде жаз-қыс мезгіліндегі балалар демалысы үшін лагерь құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге бөлінді.

Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту мәселелерінде ауданда іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»бағдарламасының ролі ерекше. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық және аудандық бюджеттерден 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 104,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 19 адам уақытша жұмысқа тартылды (Ақтөбе ауылында орналасқан №16 «Перизат» балабақшасының ғимаратына 25,7 млн.теңге, Төретам кентінде орналасқан №4 «Күн нұры» балабақшасына ғимаратына 78,4 млн.теңге).

Ұлттық қордың қаражаты есебінен ауданның 8 балабақшаның, бір мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2016 жылы 6 млрд 646 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылға 6 млрд 797 млн. теңге қаралып отыр.

2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 89 млн 500 мың теңге қаралып отыр. Оның ішінде №26 және №250 мектеп жанындағы интернаттарға қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1854 мың теңге, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге 2956 мың теңге, мектептерді қажетті оргтехникалармен (компьютерлермен) қамтамасыз етуге 23078 мың теңге, қажетті қатты заттармен (тақта, парта, орындықтар, асхана жабдықтары) қамтамасыз етуге 22969 мың теңге, №30 мектептің инклюзивті кабинетіне қажетті жабдықтар сатып алуға 3417 мың теңге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинетке қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен дидактикалық оқу-құралдармен қамтамсыз етуге 5422 мың теңге, «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге 13416 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16388 мың теңге бөлінді.

Тәуелсіз мемлекетіміздің шынайы қамқорлығын сезініп, ұстаз, мектеп сенімін ақтаған оқушыларымыз жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындар алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Олар: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.

Еліміздің қарқынды дамуы жаңа қоғам талабына сай адам санасы мен білімінің жоғары дамуынының айғағы десек, өркениетті елдер қатарына көш түзеп келе жатқан тәуелсіз елдің тізгінін берік ұстау – Қазақстан азаматтарының еншісінде. Олай болса, сол азаматтарды біліммен қалыптастыратын, тәрбиемен қаруландыратын күш – мектеп. Аудандық білім бөлімі 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алынып, жылдық жұмыс жоспары жасалып, мектепте оқушыларға мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, азаматтыққа, төзімділікке, рухани- өнегелікке, салауатты да саналы белсенді тұлғаны қалыптастыру ісінде жұмыстар жүргізілуде. Аудан бойынша 739 класс комплектісі бар. 1907 мұғалім 13973 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 29 мектепте қазіргі уақытта 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 50 психолог маман жұмыстар атқаруда. Тәрбие - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек, 2016-2017 оқу жылында тәрбие бойынша 9 семинар, 9 айлық, 20 акция, 87 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, 2 рет аудандық ата-аналар жиналысы, 57 тәрбиелік кештер, 2 тақырыптық форум, 15 апталық, 15 кездесу ұйымдастырылды.

Мектептерде әскери-патриоттық клуб құрылып, құрамына жоғары сынып оқушылары сайланды. Бекітілген жұмыс жоспары бойынша мектепішілік есепте тұрған, қолайсыз отбасында тәрбиеленіп отырған оқушылар мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылып отырады. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қалыптастыру, жастардың бос уақытын ұтымды пайдалана отырып, спорттық, патриоттық мәдениетті тануға, салауатты өмір салтына баулу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Мектеп.Қоғам. Отбасы арасындағы тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған ынтымақтастықты, қоғамның әрбір мүшесінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тақырыптық семинар өтілді. Тақырыптық сынып жетекшілерінің апталығы, айлық шаралар, әр түрлі тренингтер, тағы басқа да үздіксіз атқарылып жатқан тәрбие жұмыстары әр оқушышының таным деңгейін, шығармашылық потенциалын, өзіндік дүниетанымын кеңейту мақсатын көздейді.

Жалпы аудан білім алатын 13973 оқушының 335-і аудандық әуез мектебіне, 1166 оқушы оқушылар үйіне, 1408 оқушы спорт мектебіне қатысады.

Аудандық білім бөлімінің мектепте діни қақтығыстар мен діни эктремизмнің алдын алу, жергілікті жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтау мақсатында, терроризмге қарсы және діни ахуалға қатысты, дәстүрлі емес діндердің қоғамға қауіптіліг туралы 9-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқушылардан сауалнама алу, аудандық мешітке баратын оқушыларды анықтау бағытында тиісті жұмыстар атқарылды және аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Ауданымызда жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары жетімін жылатпаған, қамыққанға қол ұшын беретін кеңпейіл де жомарт халқымыздың қайырымдылығы мен жан жомарттығын танытатын шара болып отыр, тұрмысы төмен отбасыларға аудандағы барлық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, жекелеген санаттағы адамдар демеушілік жасап, алғыс арқалауда. Аудан бойынша демеушілік пен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 147 оқушыға 2 млн 793 мың теңге көлемінде көмек берілді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 2051 оқушыға 17 млн 197 мың теңге көлемінде, 2886оқушысына 107 70,06 мың теңге көлемінде ыстық тамақ берілді.

Қызылорда облысының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс- қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі облыстық ведомствоаралаық штабының 2016-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жылдық жоспар жасалалып, жұмыстар жүргізіліп келеді. аудандағы 29 мектепте «Наркобекет» жұмысы нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында жұмыс жасайды.

Аудан оқушылары арасында жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстары жылма-жыл өз дәрежесінде ұйымдастырылып келеді. Қазіргі таңда 11243 бала ішкі және сыртқы тынығу лагерінде дем алды. Ол 86 пайызды құрайды. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуда мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы зор белсенділік танытуда. Атап айтқанда, Халықаралық көрмеге 1005 және 1105 оқушы «ЭКСПО-2017»-ні тамашалап қайтты.

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді, мазмұнды ұйымдастыру, оларды патриоттық, спорттық, эстетикалық бағытта тәрбиелей отырып шығармашылық бағытқа жетелеу, салауатты өмір салтына баулу мақсатында аудандық оқушылар үйі мен Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аудандық оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелерге 1166 оқушы, әуез мектебіне 335 оқушы, спорт мектебіне 1408 оқушы қатысады. Аудандық «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігіне 10560 оқушы тартылған.

Жас музыканттардың 50-ші Республикалық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, пианистер арасында үздік өнер көрсеткені үшін Н.Байғараев, Я.Ким Алғыс хатпен марапатталды / мұғалімі Н.Бижанов, И.Пак /, Қ.Р.Еңбек сіңірген әртісі Қаракөз Ақдәулетова мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қ.Р.Мәдениет қайраткері, күйші, композитор Төлепберген Тоқжанов атындағы І облыстық балалар конкурсынан М.Жасаңбаев І, М.Әбдіразақұлы ІІ орынды иеленді / мұғалімдері Б.Мәденова,А.Жағалова/, Республикалық «Әсеттің әсем әндері-ай» атты Ғұмырдария конкурсынан Ж.Асылбек және Л.Есхановалар І орын және Қ.Әбдірайымов Бас жүлде иегері атанды / мұғалімі А.Ысқақова /, «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты облыстық байқаудан М.Ұзақбаева Бас жүлде иегері атанды / мұғалімі Ж.Тұрымбетов/. Республикалық ХУІІІ «Абай және Шәкәрім оқулары» байқауынан №80 мектеп-гимназияның 6 сынып оқушысы А.Жантанова «Сөз зергері» номинациясымен марапатталды /мұғалімі М.Жүнісова/.

Ауданда жалпы кітап қоры – 509054, оның ішінде мектеп оқулығы 372943, көркем әдебиет 131913, элкетронды оқулықтар 4198. Оқырмандар саны – 15306, оқырмандардың кітапханаға келу саны – 80415, кітап берілімі – 122982. Қордың өсуі – 71853. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сынып оқулықтары 100 пайыз алынды. Ол үшін барлығы 134 407,0 теңге қаржы қаралды.

Мектеп бітірушілер арасында жылма-жыл ұйымдастырылып отыратын Ы.Алтынсарин атындағы республикалық пәндік олимпиадаға қатысқан №250 мектеп-лицей мен №26 орта мектептің 5 оқушысы білім грантын жеңіп алса, №105 мектеп-лицейдің 2 оқушысы Санкт- Петербург мемлекеттік өндірістік технология және дизайн университетіне, №277 мектеп-лицейдің 5 оқушысы К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне, №277 мектеп-лицейдің 1 оқушысы Ресей Федерациясының И.М.Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ университетіне, №108, №250 мектептерден 3 оқушы Москва ұлттық технологиялық зерттеу университетіне, №250 мектеп-лицейдің 2 оқушысы Қ.А.Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне грант иегері атанып, білім биігіне шықты.

2016-2017 оқу жылының қорытындысымен халықаралық, республикалық байқауларда, ғылыми жоба жарыстарында 128 оқушы жеңімпаз атанды.

Облыстық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2017» байқауында №279 мектептің мұғалімі ІІ орын алса, «Үздік өзін-өзі тану пәні мұғалімі-2017» байқауында №29 мектеп мұғалімі І орын, «Үздік география пәні мұғалімі-2017» байқауынан №111 мектеп мұғалімі ІІІ орын, республикалық «Үздік психолог» байқауында №250 мектеп-лицей психологы ІІ орын иеленді. Аудандық оқушылар үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі С.Ускеленов Қосымша білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткізілген «Үздік үйірме жетекшісі -2017» облыстық байқауына қатысқаны үшін сертификатпен марапатталған. Облыстық «Үздік математика пәнінің мұғалімі-2017» байқауынан №250 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Э.Абатова дипломант, «Жаңа үлгідегі үздік биология сабағы-2017» байқауынан №108 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі М.Сағымбаева І орын алса, «Үздік авторлық бағдарлама-2017» байқауынан №274 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі А.Срымбетова ІІ орын алды.

Ауданның құрметті ардагер ұстаздарын еске алу және ұлықтау мақсатында жыл сайын математика пәнінен Ү.Қошалақов атындағы және Қ.Игенбаев атындағы олимпиадалар дәстүрлі түрде өткізіледі.


Білім беру саласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептер мен мектептегі сынып комплектілер саны артып келеді. 2016 жылы 29 мектепте 728 сынып жиынтығында қазіргі таңда 13659 оқушы білім алуда. Ұстаздардың сандық-сапалық құрамы талап деңгейінде. Олардың ішінде 1674 жоғары білімді, 169 арнаулы орта білімді педагог қызметкерлер оқушыларға сапалы білім беруде жемісті еңбек етіп келеді. Аталған педагог қызметкерлердің біліктілік санаты бойынша жоғары санатты – 114, І санатты – 690, ІІ санатты – 455 мұғалім еңбек етеді.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында бітірушілердің қорытынды аттестаттауы және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіре отырып жүзеге асыратын Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша аудан бітірушілері өз білімдерін дәлелдей білді. 2017 жылы 624 мектеп бітірушіден 491-і (79,17%) ҰБТ-ге қатысып, орташа балл 82,00 болып сапалық көрсеткішті сақтап дәлелдеді. Ауданымыз облыс бойынша төртінші орынға орналасты. Бұл - аудан ұстаздары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін үлкен еңбектің жемісі, сапалы білім көрсеткіші болды. Аудан мектептерінен орташа балл қорытындысы бойынша 16 мектеп - №183, №279, №106, №28, №105, №27, №109, №113, №277, №199, №85, №111, №185, №80, №26, №250 мектептер ауданның орташа балдық көрсеткішінен жоғары болып топ бастаушылар қатарында болса, №30, №121, №99, №269, №107, №108, №29, №186, №272, №273, №274, №275 сияқты 12 мектеп 80,40 – 63,33 балл аралығымен төменгі орынға орналасты. Мектеп бітіруші түлектер арасынан 38 оқушы «Алтын белгі» (№250 мектеп-лицей – 13, №183 мектеп – 1, №30 мектеп – 2, №26 – 2, №27- 1, №105-1, 29-4, №107-3, №85- 1, №279- 1, №272- 1, №273- 1, №274- 3, №275-2, №277- 2, ), 18 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. (№250 мектеп – лицей - 3, №26 мектеп – 2, №28 мектеп – 1, №199-2, №80-1, №274-3, №275-1, №277-5). 100-109 балл аралығында жоғары балл жинаған 43 оқушы, 110-119 балл аралығында - 33, 120-129 балл аралығында – 15, 130-140 балл аралығында -2, барлығы 93 бітіруші көрсеткіш берсе, 175 оқушы /35,4%/ шекті баллдан өте алмады (№105 – 1, №107 – 5, №108 – 7, №109 – 2, №121 – 5, №185 – 4, №199 – 2, №250 – 32, №26 – 6, №27 – 1, №29 - 10, №30 мектеп – 5, №80 – 9, №85-3, №99-4, №269- 5, №272- 12, №273- 18, №274- 15, №275- 20, №277- 8, №279-1).
Білім саласында биылғы оқу жылындағы ерекшелік 1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім алуда.1-сыныпқа арналған қажетті оқулықтар жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 82 педагог арнайы даярлықтан өтті.
2016-2017 оқу жылынан бастап 1 сыныптар бес күндік оқу жүйесіне көшсе, келесі жылы 2,5,7 сыныптар әрі қарай кезең-кезеңімен бес күндік оқыту жүйесіне көшеді.
Осы уақытқа дейін ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса, оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп аудан әкімінің қаулысымен мектеп- лицей бағытына ауыстырылды.
Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Бейіндік пәндерді тереңдетіп оқыту үшін жыл көлеміндегі 1500 сағат негізіндегі факультативтер мен оқушылардың таңдауы бойынша қосымша 4 сағаттық курстар , шығармашылық және зерттеушілік әрекетінің негіздері бойынша 4,5 сағаттық үйірмелерді жоғарғы оқу орындарының біліктілігі жоғары мамандарымен келісімшарт негізінде саясаттану, физика-математика, филология және педагогика ғылымдарының 9 кандидаты, 2 жаратылыстану, 2 педагогика ғылымдарының магистрлері қазіргі таңда жұмыс жасауда.
Инновациялық мектептер қатарын дамыту мақсатында Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектепке Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы №391 қаулысына сәйкес мектеп-лицей статусы берілді. Қазіргі таңда жаңа аталған мектеп-лицей құжаттары мемлекеттік тіркеуге Әділет басқармасына тапсырылды.
№277 орта мектепте сыныптар бөлініп оқушылар талапқа сай іріктеліп, ІІІ оқу тоқсанынан бастап мектеп-лицей бағдарламасына сәйкес өз жұмысын бастайды. Ауданнан бір жылда 2 мектеп-лицейдің ашылуы үлкен жетістік.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, биылғы жылы аудан мұғалімдерінен біліктілік санатына құжат тапсырған 529 мұғалім өз біліктіліктерін қорғады және 394 қызметкер өз білімін жетілдірді.
Ауданымызда 57 мектепке дейінгі балалар мекемесі жұмыс жасайды. Оның 24-і мемлекеттік, 8 жекеменшік, 25 шағын орталықта 3845 бүлдіршін тәрбиеленуде. Аудандағы 0-6 жас аралағындағы 6771 баланың 3845-і балабақшаға тартылып, бұл 93,2пайызды құрап отыр. 2016-2017 оқу жылында ІІІ Интернационал аулынан 100 орындық «Бадинур», Төребай би аулынан 25 орындық «Кенженұр» жекеменшік балабақшалары ашылды. Аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға өсті.
2016 жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы мектеп құрылысын бастауға 20,0 млн. теңге, ал 2017 жылы құрылысын аяқтауға 456,7 млн.теңге бөлінді. Жаңа мектеп қазіргі таңда пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы Жосалы кентіндегі 300 орындық №183 мектеп ғимаратының құрылысын бастауға 567,5 млн.теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны 798,9 млн.теңге. 2017 жылдың маусым айында аудан әкімі №183 орта мектептің алғашқы іргетасын қалады.
2016 жылы Жосалы кентінде 90 орындық 2 балабақшаның (№3 «Ертөстік» (5,0 млн.теңге) және №5 «Айгөлек» (5,0 млн.теңге) балабақшалары құрылысын бастауға 10,0 млн.теңге, ал 2017 жылы құрылысты аяқтауға – 487,8 млн.теңге (№5 «Айгөлек» балабақшасына – 241,3 млн.теңге, №3 «Ертөстік» балабақшасына – 246,5 млн.теңге) облыстық бюджеттен бөлінді. Жаңа оқу жылына аталған балабақшалар қолданысқа беріледі деп жоспарлангып отыр.
2016 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13,2 млн.теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).
Жосалы кентінде орналасқан білім бөлімі ғимаратын қайта жаңғырту және жапсаржай салуға 59,0 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан «Аудандық оқушылар үйіне» пайдалануға берілді.
2017 жылы Жосалы кентінде жаз-қыс мезгіліндегі балалар демалысы үшін лагерь құрылысын бастауға 100,0 млн.теңге бөлінді.
Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту мәселелерінде ауданда іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының ролі ерекше. Биыл осы бағдарлама аясында республикалық және аудандық бюджеттерден 2 балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстарына 104,1 млн. теңге қаржы бөлініп, 19 адам уақытша жұмысқа тартылды (Ақтөбе ауылында орналасқан №16 «Перизат» балабақшасының ғимаратына 25,7 млн.теңге, Төретам кентінде орналасқан №4 «Күн нұры» балабақшасына ғимаратына 78,4 млн.теңге).
Ұлттық қордың қаражаты есебінен ауданның 8 балабақшаның, бір мектептің жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан бюджетінің қомақты бөлігі білім беру мекемелерінің еншісінде. Атап айтқанда, білім саласына 2016 жылы 6 млрд 646 млн. теңге бөлінсе, 2017 жылға 6 млрд 797 млн. теңге қаралып отыр.
2017 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 89 млн 500 мың теңге қаралып отыр. Оның ішінде №26 және №250 мектеп жанындағы интернаттарға қажетті төсек-жабдықтармен қамтамасыз етуге 1854 мың теңге, аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебіне қажетті музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге 2956 мың теңге, мектептерді қажетті оргтехникалармен (компьютерлермен) қамтамасыз етуге 23078 мың теңге, қажетті қатты заттармен (тақта, парта, орындықтар, асхана жабдықтары) қамтамасыз етуге 22969 мың теңге, №30 мектептің инклюзивті кабинетіне қажетті жабдықтар сатып алуға 3417 мың теңге, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық кабинетке қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен дидактикалық оқу-құралдармен қамтамсыз етуге 5422 мың теңге, «Робототехника» кабинеттерімен қамтамасыз етуге 13416 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге физика пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етуге 16388 мың теңге бөлінді.
Аудан оқушылары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі пәндік олимпиадаларда, білім байқауларында алдыңғы қатардан көрініп, аудан мерейін асқақтатып келеді. Атап айтсақ, Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне ауданнан 13 мектептен 23 оқушы қатысты. Нәтижесінде 9 оқушы жүлделі орындар алды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 4 мектептен жолдама алған 5 оқушының 2-уі жүлделі орынмен оралды. Олар: №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина қазақ тілінде оқылатын мектептегі орыс тілі пәнінен І орын, №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек Қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын алды.
Аудан бойынша 728 класс комплектісі бар. 1843 мұғалім 13659 оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. 29 мектепте қазіргі уақытта 35 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, 29 тәлімгер, 50 психолог маман жұмыстар атқаруда. Тәрбие - үздіксіз жүргізілетін процесс екенін ескерсек, 2016-2017 оқу жылында тәрбие бойынша 9 семинар, 9 айлық, 20 акция, 87 рет АІІБ- нің қызметкерлерімен кездесу, 2 рет аудандық ата-аналар жиналысы, 57 тәрбиелік кештер, 2 тақырыптық форум, 15 апталық, 15 кездесу ұйымдастырылды.
Жалпы аудан білім алатын 13659 оқушының 335-і аудандық әуез мектебіне, 1166 оқушы оқушылар үйіне, 1408 оқушы спорт мектебіне қатысады.
Аудан бойынша демеушілік пен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 147 оқушыға 2 млн 793 мың теңге көлемінде көмек берілді. Жалпыға міндетті оқу қорынан 2051 оқушыға 17 млн 197 мың теңге көлемінде, 2886 оқушысына 107 70,06 мың теңге көлемінде ыстық тамақ берілді.
Биылғы жылы 1-10 сынып аралығында 13659 оқушының 11243-н, яғни барлық оқушының 86 пайызын жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.
Мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 1-4 сынып оқушылары арасынан 1499 оқушы қамтылып отыр. Қазіргі уақытқа дейін 2131 оқушы дем алды.
Аудандық бюжеттен 6 млн 381 мың теңге бөлініп, 219 оқушы Астана қаласына «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне 80 бала барды. Сонымен қатар 986 оқушы ата-ана демеушілігімен бару алдағы уақытта жоспарлануда.
Салауатты өмір салтына баулу мақсатында аудандық оқушылар үйі мен Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебі жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Аудандық оқушылар үйіндегі түрлі үйірмелерге 1166 оқушы, әуез мектебіне 335 оқушы, спорт мектебіне 1408 оқушы қатысады. Аудандық «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігіне 10560 оқушы тартылған.
Ауданда 28 орта, 1 орталау меткепте 39 кітапханашы қызмет етеді. Ауданда мектеп кітапханашалырының сандық және сапалық құрамы: жоғары білімді 28, арнаулы орта білімді 11, кітапхана мамандығы бойынша 31, педагог мамандар 8.

Ауданда жалпы кітап қоры – 509054, оның ішінде мектеп оқулығы 372943, көркем әдебиет 131913, элкетронды оқулықтар 4198. Оқырмандар саны – 15306, оқырмандардың кітапханаға келу саны – 80415, кітап берілімі – 122982. Қордың өсуі – 71853. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 2,5,7 сынып оқулықтары алынады. Ол үшін барлығы 134 млн теңге қаржы қаралған.


Білім беру саласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп, 1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Биылғы оқу жылында 13637 оқушы мектеп партасына отырды(оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4848 бала). Олардың 2755-і үздікке,5018-і екпіндіге үлгереді. Үлгерім сапасы 58 пайыз. 9-сыныпты негізгі мектепті 1062 оқушы бітіреді.
Білім саласында биылғы оқу жылындағы ерекшелік 1-ші сыныпқа келген 1642 оқушы жаңартылған оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша білім алуда.1-сыныпқа арналған қажетті оқулықтар жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 82 педагог арнайы даярлықтан өтті.
Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін 28 орта , 1 негізгі мектеп жұмыс жасайды Биылғы жылы 624 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 220-ы Байқоңыр қаласы, 404-і Жосалы, Төретам, Ақай кенттерімен Қармақшы ауылдық мектептерінен. Дәстүр бойынша байқау сынақ қыркүйек айынан басталды. Аудан мектептеріндегі ұйымдастырылған тестілер нәтижесі бойынша қыркүйек айында орташа балл-55,7 болса, қазан айында орташа балл-53,6 балл, қараша айында 69,6 балл болды, желтоқсанда-67,1, қаңтар айында-73,1 баллмен қорытты. Ақпан айының байқау сынақ қорытындысы бойынша 624 бітірушінің 523-і ( 84%) қатысып,орташа баллдық көрсеткіші 76,5 , наурыз айында 508 бітіруші қатысып орташа балл 93,6 болды.
Биылғы жылы жаңа форматтағы екі кезеңге бөлінген өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ білім алушыларды қорытынды аттестаттау. Мектептерде тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім болып табылады. Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.(«Білім туралы»заңы 9.04.2016ж №501-У-ЗРК)
Аудандық білім бөлімі тарапынан мемлекеттік қорытынды аттестатттау мен ҰБТ –дегі өзгерістер жобасымен мектептерде ата-аналар, бітірушілер, пән мұғалімдерімен бірлескен түсіндірме жиналыстары өткізіліп баспасөз бетінде мақала жарияланды. ҚР БҒМ-нің №660 бұйрығымен, ҰБТ-ді өткізудің жоба ережелерімен таныстырылды.
Биылғы жылға Жаңақорған ауданындағы қосымша білім беретін дайындық орталығына бару үшін 300 бітірушіге 7200,0 мың теңге, тегін байқау сынақ кітапшасымен қамту үшін 532 мың тг қаржы бөлінді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес оқушыларды үйден мектепке және мектептен үйге тегін тасымалдау стандартына сәйкес Жосалы кент орталығындағы №250 мектеп-лицейдің, Төретам кентіндегі №80, №269, №279 мектеп оқушылары күнделікті тасымалмен қамтылса,Т.Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің 19 оқушысы шалғай елді мекендегі үйлеріне тоқсан сайын тасымалданады.Тоқсан сайын тасымалданатын 19 оқушы мектеп жанындағы интернатта жатып білім алуда.
Жалпы білім беретін мектептерде 6-9 сынып оқушылары арасында «Халықтар достығы» тақырыбында аудандық шығармалар байқауы ұйымдастырылып, облыстық байқауда №183 мектептің 6 сынып оқушысы Жаудетова Аяулым 3 орынды, №274 орта мектептің 7 сынып оқушысы Баданова Айдана 2 орынды иеленді;
Облыстық «Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» атты шығармалар байқауына №274, №26, №183 орта мектептердің 10-11 сынып оқушылары қатысып, №105 орта мектептің 11 сынып оқушысы Әбдіхамизова Гүлсезім 1 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында 1-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалаарының XІІ Республикалық «Зерде» конкурсының ІІ ( облыстық ) кезеңіне 6 оқушы қатысып, ІІІ орындармен №80 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы Ұ.Айбекова, 3 сынып оқушысы Ә.Ниязова, №279 орта мектептің 4 сынып оқушысы М.Шынасылова, №85 орта мектептің 3 сынып оқушысы Е.Жалғасбаев, І орынмен №109 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ұ.Бекмаханова иеленді. Алматы қаласында –өткен Республикалық байқауда №109 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ұ.Бекмаханова 2 орынды жеңіп алды.
2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінен №250, №27, №185, №183, №26, №274 мектептерден 9 оқушы жүлделі орын алды. Нәтижесінде, №274 орта мектептің 10 сынып оқушысы Сыланова Айжан Республикалық конкурстың қрорытынды кезеңіне қатысып, 2 орынды жеңіп алды.
Аудан мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары қашықтық олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
2016-2017 оқу жылына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінен 9 оқушы жүлделі орындарды иеленіп, 5 оқушы Республикалық кезеңіне қатынасты. Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне №250, №277, №26, №27 мектеп оқушылары қатынасып, нәтижесінде №277 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Құндызбаева Карина (қазақ меткебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінен) І орынды және №26 орта мектептің 10 сынып оқушысы Қарабарақов Әскербек ( қазақстан тарихы пәні ) ІІ орынды жеңіп алды.
2017 жылы 31 наурыз айында өткен Облыстық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға-талантты ұстаз » байқауының жоғары сынып оқушыларына арналған тапсырмалар бөліміне №183 орта мектептің «Болашақ» тобы қатысып, 1 орынды жеңіп алды.
Аудандық 6-9 сынып оқушылары арасында «Астана-ЭКСПО-2017» және «Универсиада – 2017 универсиада тарихы» атты сырттай шығарма байқауы өткізіліп, облыстық байқауға оқушыларымыз жолдама алып, жүлделі орындарды иеленді. 2017 жылы 30 қаңтар айында аудандық «Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушыларына арналған «ЭКСПО-2017 – Болашақ энергиясы» тақырыбында эссе байқауында оқушыларымыз жүлделі орындармен облыста да жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Аудандық «ЭКСПО-2017» болашақ бастауы оқушылар арасындағы шығармашылық жұмыстар көрмесі 2017 жылы 15 наурызда аудандық оқушылар үйі базасында ұйымдастырылды. Оған әрбір 5 секция бойынша өткізілген көрмеге оқушыларымыз жоғарғы көрсеткіште қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Аудандық «Балалар бастауы-2017» балалар әлеуметтік жобаларының «Болашақ энергиясы» атты республикалық ғылыми жоба байқаудың аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі атанды.
Облыстық «ЭКСПО тарихы» атты сайысқа №80 мектеп-гимназияның 10-9 сынып оқушыларынан 3 оқушы ( Қожахметов Даниел, Мұратбеков Алмат, Уразалиев Азамат) қатысып, жүлделі 3 орынды жеңіп алды.
Дарынды оқушыларды айқандау, кәсіби бағдар беру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірлесуімен өткен «Абай сыйы - 2017» атты 11 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың І –ші кезең он-лайн режимінде өткізіліп, осы қашықтықтан алған жоғары баллмен №106 орта мектептің 2 оқушысы ІІ кезеңіне Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында өткен олимпиадада Мұса Қаракөз І орын, қазақстан тарихы пәні бойынша жеңіп, 50 пайыз жеңілдікті осы оқу орнына сертификат, ІІ орынды Исағалиева Ақмарал ІІ орынды , 40 пайыздық оқу орнына жеңілдікті жеңіп алды.
2017 жылы 10 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Аудандық 2017 жылы 27 қаңтарда «Жаһандық әлемдегі Тәуелсіз Қазақстан: білім мен ғылымның жетістіктері» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Үштілділікке байланысты.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетітің үштілділікке байланысты жылдық жоспарына сәйкес аудандық оқушылар үйін базасында 2017 жылдың қаңтар айының 10-ы күні «Бастауыш сынып бойынша қазақша және ағылшынша бейімделген аудармаларды ұйымдастыру. «Үздік аударма» байқауы»; 20.01.2016 күні №26 мектеп базасында «Үздік ағылшын тілі пәні бірлестігі» байқауы;
13.02.2016 жылы күні аудандық оқушылар үйі базасында «Үш тілді білу-әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыбында оқушылар арасында шығармалар байқауы өткізілді.
Облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтың Қызылорда облысы бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бойынша наурыз айында жұмыстар өткізіліп жұмыстың орындалғаны жөнінде кесте толтырылып, дәлелдемелер жинақталды.

Білім жетілдіру курсы туралы

«НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығының жалпы білім беру ұйымдарының басшыларының бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 30-ы қаңтары және 27 ақпан күніекі лек бойынша 8 мектеп директоры Астана қаласына;
«НЗМ» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы Қызылорда филиалына 2017 жылдың 30 қаңтар күні «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша 7 педагог;
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 27.03.-31.03.2017 ж. аралығында мектеп директорының 2 оқу ісі жөніндегі және 2 тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қызылорда қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында біліктілігін арттырды.
Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 30 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында №250 мектеп базасында 25 бастауыш сынып мұғалімдеріне және 20.02.-10.03.2017 ж. аралығында №30 мектеп базасында 25 бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда филилының ұйымдастырылуымен көшпелі біліктілік арттыру курстары болып өтті.
2017 жылдың 15 қаңтарында Дүр Оңғар ауылындағы №11 балабақшада «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында апатты жағдайлар қауіпін төмендетудің тиімді жолдары» тақырыбы бойынша облыстық семинар өтті. Сонымен қатар Жосалы кент орталығындағы №1 санаториялық ясли-бақшасында бірінші және екінші санатқа өтетін тәрбиешілердің әдістемелік шығармашылық шеберхана отырысын өткізуді ұйымдастырылды. Наурыз айынының 31 жұлдызында Ақай ауылындағы №23 «Балдырған» ясли-бақшасында «Ұйымдастырылған оқу қызметің жаңаша ұйымдастырудын әдістемелік тәсілдері» тақырыбы бойынша облыстық әдістемелік семинар жоғары деңғейде өтілді.
Аудандағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің меңгерушілерінің, толық жұмыс күнімен жұмыс жасайтын шағын орталықтарының әдіскерлерінің 1 алқа кеңесі өткізілді.Оңда Қармақшы аудандық білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Т.Көмекбаев
атындағы №250 мектеп-лицей жанындағы «Балапан», №185 мектеп

жанындағы «Ақерке» шағын орталықтарында «Білім беру салаларына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің әдіс-тәсілдері», «Балаларды оқыту-тәрбиелеу ісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануы» тақырыбы бойынша Төретам кентіндегі №22 «Гаухартас», Ақтөбе ауылындағы №16 «Перизат» балабақшаларында атқарылып жатқан жұмыстарының барысын бақылау қорытындысы туралы қаралды.


Білім беру саласы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы білім бөліміне қарасты 28 жалпы білім беретін орта мектеп,1 негізгі мектеп барлығы 29 мектеп жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылындағы 13566 оқушы мектеп партасына отырды (оның ішінде Байқоңыр қаласындағы оқушылар саны – 4772 бала) . 1836 педагог қызметкерлер білім беруде.Олардың 99-ы (6%) жоғары санатты,714-і (39%) бірінші санатты, 440-ы (24%) екінші санатты, 583-і (32%) санатсыз мамандар.

Биылғы жылдың ерекшелігі, аудан бойынша 1-ші сыныпқа келетін 1860 оқушы жаңартылған білім мазмұны (12 жылдық білім беру жүйесі) бойынша білім алуға көшеді. 1-сыныпқа арналған оқулықтар түгел дерлік жаңа бағдарламаға сәйкес жаңартылып, оларға сабақ беретін 85 педагогтың 71-і (83,5%) арнайы даярлықтан өтті. (Байқоңыр қаласы бойынша бойынша 1 сыныпқа 645 оқушы қабылданады)

Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы №275, №277 орта мектептерде 75 оқушы бірінші сыныпта орыс тілінде Қазақстан білім беру стандартымен оқыту енгізіледі.Байқоңыр қаласында жаңадан 2 мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізде балабақша ашу жоспарлануда. Ол №276 бастауыш мектебінің жабылуына сәйкес сол мектептің ғимаратында және екінші балабақша бұрынғы оқу-өндірістік комбинатының ғимаратында орналасады.

Аудан бойынша 57 (31 балабақша, 26 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 3615 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығында балалар мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері», Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 2016 жылға 259 педагогты оқыту жоспарланып, 2016 жылдың 1 жарты жылдығында 211 педагог біліктілігін арттырды ( ол 81,4 %) .

Ән-әуез, бейнелеу және технология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және дене тәрбиесі пәндері бойынша жоспарланғаны 174 педагог, оқығаны 140 педагог немесе 80,4 %.

Байқоңыр қаласында орналасқан мектептерге физика, химия, математика, робототехника,биология, география кабинеттеріне құрал-жабдықтар сатып алуға 116,0 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында инклюзивті оқыту енгізілген. 2009 жылдан бастап Төретам кенті №80 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалармен арнаулы сыныптар жұмыс жасаса, 2012 жылдан бастап №30 орта мектепте 18 оқушы инклюзивті оқумен қамтамасыз етілген. Ауданда «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс жасайды. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде педагог-логопед, педагог-психолог, педагог-дефектолог, ЛФК маманы, сурдо-педагог мамандар жұмыс жасайды. Жалағаш ПМПК көшпелі сараптау комиссиясының қорытындысы бойынша түзету кабинеті 25 баламен жұмыс жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген. Бағдарламаға сәйкес мектептердің жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептер үлесін дамыту мақсатында №26, №279 мектептермен №21,№20 балабақшаларында қосымша арнайы сыныптар мен топтар ашу жоспарлануда.

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына және үйге тегін жеткізумен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартына сәйкес , Қармақшы ауданы бойынша жалпы білім беретін №250 №80 №99 №269 орта мектептерден 465 бала күнделікті тасымалмен, №185 орта мектептен 17 оқушыға елді мекендерден тоқсан сайынғы тасымал ұйымдастырылды. Қазіргі таңда Төретам кентіндегі №269 орта мектептің оқушы тасымалдайтын 959 СД Паз 3206-110 маркалы автобусы жарамсыз күйде.2016 жылдың 22 шілдесінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің қаулысы шыққандығын және Төретам кент әкімдігі мен «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы акционерлік қоғамы арасындағы сақтандыру келісім шартының 2016 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін болуына байланысты аталған, «Қазақмыс» сақтандыру компаниясы автобус шығынына есептеу жұмыстары жүргізіліп толық өтейтіндігін мәлімдеген.Қазіргі таңда Төретам кенті әкімдігімен бірлесіп, осы мәселені шешу қажеттілігі бар.

Оқулықпен қамтылуы: Аудан бойынша 2016-2017 оқу жылына жоспарланған 90412 дана оқулықтар, оның ішінде 1 сыныптың барлық пән оқулықтары, 8 сыныптың барлық пән оқулықтары, 9 сыныптың дінтану, 4 сыныптың ағылшын пәні мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алу үшін республикалық бюджеттен Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері үшін 53052,0 мың теңге, Қармақшы ауданы мектептері үшін облыстық бюджеттен 11902,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 39799,0 мың теңге барлығы 104 753 мың теңге бөлінді. Байқоңыр қаласындағы қазақ мектептері үшін 29119158 теңгеге, 34758 дана оқулық 10797 дана оқу әдістемелік кешендер, көркем әдебиет, электронды оқулықтар, қармақшы ауданы үшін 44857 дана оқулық алынды. Қаралған қаржы көлемінде баспалар және оқулықтарды тасымалдау қызметіне келісім шарттар уақытылы жасалынып, оқулықтар 20 тамызға дейін толық тасымалданып болды. Жалпы Қармақшы және Байқоңыр қаласындағы мектептерге 90412 дана келіп оқулықпен қамту 100 пайызды құрайды.

Оқытудың жаңашыл әдістемелерін енгізуде ауданда 1 мектеп-лицей мен 1 мектеп-гимназия жұмыс жасаса биылғы жылы кент орталығындағы №105 орта мектеп лицей бағытына ауыстырылды.

Облыс әкімінің «100 Нақты Қадам» Ұлт Жоспарын (79-қадам) жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының білім беру жүйесінде жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді ұйымдастырудың 2016 жылға арналған өңірлік іс-шаралардағы №6-тармағы бойынша №80 мектеп-гимназия, №105 және №250 мектеп-лицейлерде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін қосымша қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Жоғары білікті мамандарға жекелеген курстармен ақы төлеу үшін 3 мектепке 1500 сағатқа аталған қаржысы қаралып, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап енгізіледі.

Білім бөліміне қарасты стамотология кабинеттерімен кент орталығындағы №250, №121 және Ақай ауылындағы №99 орта мектептер жабдықталған. Қазіргі таңда №250 мектеп-лицейіндегі стомотология кабинеті құжаттандырылып, мамандармен қамтамасыз етіліп жұмыс жасауда. Ал, №121 және №99 орта мектептердегі стомология кабинеттерінің жұмыс жасауы үшін құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан мектептеріндегі медициналық кабинеттер түгел дерлік медициналық лицензиямен қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылы 1 қыркүйектен бастап 2674 оқушы ыстық тамақпен қамтылады, оған 43898,0 мың теңге бөлініп тұр.

«Мектепке жол акцияларын» белсенді түрде өткізіп, демеушілік көмектер көрсетуді ұйымдастыруда. Акцияны ұйымдастыру мен өткізу туралы білім бөлімінің 22.07.2016 жылдың №414 бұйрығы шығып, іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді. 2016 жылдың 19 тамыз күні «Бақытты балалық шақ мекені» тақырыбында аудандық акция өткізіліп тұрмысы төмен, жартылай жетім, қамқоршылықтағы отбасынан 55 баланың тізімі анықталып, 775000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оған аудандағы 43 мекеме демеушілік ретінде қатысты. Жалпы 20 тамыз аралығында 115 оқушыға 1175,0 мың теңге көлемінде көмек жасалынды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылдың 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының өткізілуі жарияланды.

«Қармақшы таңы» газетіне 30.07.2016 жылдың № 59 санды нөмерінде «Мектепке жол» акциясының өтілуі мен аудан халқын акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасау хабарланды. Қамқоршылықтағы, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын акцияға қатыстыру мақсатында тізімі жасалынды. 1-10 тамыз аралығында 240 балаға 1633,000 мың теңге көлемінде демеушілік жасалды.

Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы

Жалпы 2016 жылдың ІІ- жартыжылдығына қажетті отын қорын жасақтауға аудандық бюджеттен 91557,3 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде сұйық отынға 81747,3 мың теңге (837 816,1 литр), қатты отынға 9809,8 мың теңге қаржы бөлінді.

Білім мекемелерінің сұраныстары бойынша қажетті құралдардың қаражаттары нақтыланып, мектептердің электр қондырғылардың техникалық ақаусыз жағдайына және техника қауіпсіздігінің сақталуына сәйкес күтім жасауға 2 664,0 мың теңге, №106 мектептің жылу жүйесін жөндеу жұмыстарына 6 227,0 мың теңге, мектептердің жылу жүйесіне және бу қазандықтарға бөлшектер алуға 14951,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда заттары алынып, орнатылды. Қазіргі таңда барлық мектептердің жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы 1 апаттық мектептің (Қуаңдария ауылы) құрылысын бастау үшін 2016 жылы облыстық бюджеттен 20,0 млн.теңге қаржы бөлініп қазіргі таңда облыстық құрылыс басқармасы арқылы конкурс өткізіліп, мектептің салынатын жері белгеленген.Қазіргі таңда жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар Байқоңыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақшаның жылу жүйесін газдандыру мақсатында аудандық бюджеттен 6 587,18 мың теңге және облыстық бюджеттен 45 911,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қалған қаржы 179,0 млн теңге үнемделген қаржы есебінен атқарылады. Қазіргі таңда білім және Ғылым министрлігімен қаржыны жылжыту жөнінде жұмыстар атқарылуда. Жұмыстарды атқаруға тиісті конкурстар жарияланды.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 3 мектепке 13239,0 мың теңге бөлінді. (№250 мектеп-лицей-3146,0 мың теңге, №85 мектепке-3866,0 мың теңге, №106 мектепке-6227,0 мың теңге).

Екі мектептің, атап айтқанда Жосалы кентіндегі №250 мектеп-лицейдің және Төретам кентіндегі №85 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Қазіргі таңда Иіркөл ауылындағы №106 мектептің бу қазандығының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмысын атқаруда.

Ағымдағы жылдың тамыз айында "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы" бағдарламасы бойынша Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 11 932,0 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда келісім -шарт жасалынды.Жөндеу жұмыстары аяқталуда.


Білім беру саласы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Жүктеу...20,8КБ

  • Құрылған күні: 05.10.2017 13:51
  • Жаңартылған күні: 09.10.2019 10:25
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі