18.09.2019

Валюта бағамы:

Әлеуметтік қорғау

2019 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:

- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2019 жылы 225,6 млн. теңге және қосымша 842,6 млн. теңге бөлінді. 2019 жылдың 1 шілдесіне жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 12270 алушыға 726,6 млн. теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2019 жылға 130017,0 мың теңге қаражат қаралып, 2019 жылдың 1 шілдесіне 1579 отбасына 71275,7 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешіміне сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмектер аудан бойынша 646 адамға 57516,6 мың теңге берілді.

Жазасын өтеп келгендер туралы

2019 жылдың 1 шілдесіне пробация қызметінде- 42 азамат есепте тұрады. Оның ішінде - 4 азаматтың жұмысы бар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 19 азамат, мәжбүрлі еңбек атқаратыны – 8 адам.

Жыл басынан аудандық пробация қызметінің есебіндегі тұрған 17 азамат жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде тіркеліп, оның4-і қоғамдық жұмысқа, тұрақты жұмысқа 8 азамат жіберілді.

Қармақшы ауданы әкімдігінің «2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылдың 6 ақпанында №896 қаулысымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленді. Квота бойынша пробация есебіндегі 6 азаматты жұмысқа орналастыру межеленді. Жыл аяғына дейін белгіленген квоталар толығымен орындалуға жұмыс жасалады.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық пробация қызметі мекемесімен бірлесіп бұрын сотты болған азаматтарды қайта қоғамға биімдеу, басқа қылмыстық құқық бұзушылық жасауға орын алмау үшін екі жақты спорттық келісім жоспар құрылды. Үстіміздегі жылдың 6 айдың қорытындысымен 2 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 34 спортшы қатысты.

2019 жылдың наурыз айының 27 жұлдызында пробация қызметінің есебіндегілер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағытындағы қызмет түрлеріне сәйкес әлеуметтік оңалту шарасы («Ашық есік») өткізілді.


2019 жылдың І тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:

- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2019 жылы 225690,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылдың 1 сәуіріне жаңа форматтағыатаулы әлеуметтік көмек 1685 алушыға 30399,6 мың теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2019 жылға 130017,0 мың теңге қаражат қаралып, 2019 жылдың 1 сәуіріне 1338 отбасына 39428,6 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 45 балаға 1022,6 мың теңге;

- 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 78 адамға 13786,5 мың теңге;

-туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 52 адамға 3307,7 мың теңге;

- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 5 балаға 287,8 мың теңге;

Жазасын өтеп келгендер туралы. Бүгінгі таңда пробация қызметінде 46 азамат есепте тұрады. Оның ішінде 30 азаматтың жұмысы бар, 1 азамат қамауда, 6 азамат жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған - 3 азамат, студент-2, мүгедек -2, мәжбүрлі еңбек атқаратыны - 2.

Жыл басынан аудандық пробация қызметінің есебіндегі тұрған 15 азамат жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде тіркеліп, оның4-і қоғамдық жұмысқа жіберілді.

Қармақшы ауданы әкімдігінің «2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылдың 6 ақпанында №896 қаулысымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленді. Квота бойынша пробация есебіндегі 6 азаматты жұмысқа орналастыру межеленді. Жыл аяғына дейін белгіленген квоталар толығымен орындалуға жұмыс жасалады.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық пробация қызметі мекемесімен бірлесіп бұрын сотты болған азаматтарды қайта қоғамға биімдеу, басқа қылмыстық құқық бұзушылық жасауға орын алмау үшін екі жақты спорттық келісім жоспар құрылды. Үстіміздегі жылдың 3 айдың қорытындысымен 1 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 24 спортшы қатысты.

2019 жылдың наурыз айының 27 жұлдызында пробация қызметінің есебіндегілер мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бағытындағы қызмет түрлеріне сәйкес әлеуметтік оңалту шарасы («Ашық есік») өткізілді.


2018 жылдың қорытындысымен аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтажазаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:

- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылы 224930,0 мың теңге бөлінді. 2019 жылдың 1 қаңтарына жаңа форматтағыатаулы әлеуметтік көмек 4823 алушыға 224930,0 мың теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2018 жылға 122425,0 мың теңге қаражат қаралып, 2019 жылдың 1 қаңтарына 1715 отбасына 122424,9 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 117 балаға 6203,0 мың теңге;

- 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 77 адамға 5555,5 мың теңге;

-туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 92 адамға 12361,5 мың теңге;

- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 6 балаға 1298,0 мың теңге;

- 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне және Жеңіске үлес қосқаны үшін соларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек: облыстық бюджеттен 494 адамға 35545,9 мың теңге, жергілікті бюджеттен 24 адамға 1803,8 мың теңге;

- 26 сәуір – Чернобыль АЭС-да апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 21 адамға 1515,1 мың теңге;

- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 34 азаматқа 245,3 мың теңге;

- өмірлік қиын жағдайдын туындауына байланысты әлеуметтік көмек3 отбасына 1082,2 мың теңге;

- 29-тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 49 адамға 3535,3 мың теңге төленді.

Жазасын өтеп келгендер туралы. 2018 жылы аудандық пробация қызметінің есебіндегі 24 азамат жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынды.Оның 13-і тұрақты жұмысқа, 4-і қоғамдық жұмысқа жіберілді. Қайырылымдылық көмек алғандар – 4 адам. 1 азамат ұсынылған жұмыстан өз еркімен бас тартты. Спорт саласы бойынша жыл басынан 9 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 151 спортшы қатысты. Мәдениет саласы бойынша 15 іс-шараға 216 пробация қызметінің есебіндегі азаматтар қатысты. Қармақшы аудандық ауруханасында пробация қызметінің есебінде бақылауда тұрған барлық азамат тіркеуге алынған. Тегін медициналық көмекке жүгінген – 24 азамат. Психологиялық көмек алған – 4 адам. Аудан әкімдігінің «2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы №678 қаулысымен жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленді. Квота бойынша 5 азамат жұмысқа орналастырылды.


2018 жылдың ІІІ тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:

- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылы 236171,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылдың 3 тоқсанында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2940 алушыға 155351,3 мың теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2018 жылға 102109,0 мың теңге қаражат қаралып, 2018 жылдың 1 қазанына 1611 отбасына 88615,5 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 112 балаға 12278,0 мың теңге;

- 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 77 адамға 5555,5 мың теңге;

- туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 67 адамға 8465,4 мың теңге;

- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 6 балаға 969,0 мың теңге;

- 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне және Жеңіске үлес қосқаны үшін соларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек: облыстық бюджеттен 494 адамға 35545,9 мың теңге, жергілікті бюджеттен 24 адамға 1803,8 мың теңге;

- 26 сәуір – Чернобыль АЭС-да апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 21 адамға 1515,1 мың теңге;

- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 34 азаматқа 245,3 мың теңге;

- өмірлік қиын жағдайдын туындауына байланысты әлеуметтік көмек 2 отбасына 721,4 мың теңге;

- 29-тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 49 адамға 3535,3 мың теңге төленді.


2018 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға мемлекет тарапынан төмендегідей төлемдер төленді:

- Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке2018 жылы 236171,0 мың теңге бөлінді.2018 жылдың 1 жартыжылдығында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 3528 алушыға 92370,5 мың теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2018 жылға 102109,0 мың теңге қаражат қаралып, 2018 жылдың 1 шілдесіне 1529 отбасына 65995,6 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер:

- үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 100 балаға 3490,5 мың теңге;

- 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 77 адамға 5555,5 мың теңге;

-туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 61 адамға 5940,3 мың теңге;

- гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 6 балаға 639,9 мың теңге;

- 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ҰОС ардагерлеріне және Жеңіске үлес қосқаны үшін соларға теңестірілген тұлғаларға біржолғы әлеуметтік көмек: облыстық бюджеттен 494 адамға 35545,9 мың теңге, жергілікті бюджеттен 24 адамға 1803,8 мың теңге;

- 26 сәуір – Чернобыль АЭС-да апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 21 адамға 1515,1 мың теңге;

- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 34 азаматқа 245,3 мың теңге;

- өмірлік қиын жағдайдын туындауына байланысты әлеуметтік көмек 1 отбасына 360,7 мың теңге төленді.


2018 жылдың І тоқсанында аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж 3252 азаматтарға мемлекет тарапынан 79 млн 655 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері төленді.

- Атаулы әлеуметтік көмекке 2018 жылы 236171,0 мың теңге бөлінді. 2018 жылдың 1 тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек 346 отбасының 1618 адамына 27124,4 мың теңге төленді.

-Тұрғын үй көмегін көрсетуге 2018 жылға 102109,0 мың теңге қаражат қаралып, 2018 жылдың 1 тоқсанында 1404 отбасының 5035 мүшесіне 41429,3 мың теңге төленді.

Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен берілетін әлеуметтік көмектер: - үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек 93 балаға 2013,0 мың теңге; - 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек 77 адамға 5555,5 мың теңге; -туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы науқастарға қосымша тамақтануға әлеуметтік көмек 54 адамға 3222,7 мың теңге; -гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауыратын, диспансерлік есепте тұрған балаларға дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік көмек 6 балаға 310,8 мың теңге.


2017 жыл қорытындысы Аудандағы тұрмысы төмен аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша әлеуметтік төлемдер.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген және мұқтаж 13950 азаматтарға мемлекет тарапынан 242 млн 047 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем түрлері төленді.

Әлеуметтік көмекке 2017 жылы 6 879,0 мың теңге бөлінді.

2017 жылдың 12 айында атаулы әлеуметтік көмек 46 отбасының 193 адамына 5 824,5 мың теңге төленді. Қалған 1054,5 мың теңгесі үнемделіп, бюджетке қайтарылды.


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында 6568 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 121,4 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 40 алушыға 3,2 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді;

- 1470 отбасына 58,7 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

- 5026 балаға 59,5 млн.теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді;


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында 6084 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 127,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 37 алушыға 1,9 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді;

- 1324 отбасына 29,1 млн теңгеге тұрғын үй көмегі төленді;

- 4138 балаға 28,9 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді;


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2017 жылдың І тоқсанында 11784 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 297,3 млн.теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 286 алушыға 6,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 37 адамға азайды;

- 1909 отбасына 96,5 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 2 отбасына көбейіп отыр;

- 5777 балаға 104,0 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 66 балаға, төленген қаржы көлемі 5,0 млн теңгеге артты.

- жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 997 адамға 66,3 млн теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2016 жылдың қорытындысымен 8214 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 215,9 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 256 алушыға 4,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 20 адамға азайды;

- 1696 отбасына 72,9 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 62 отбасына азайды;

- 5280 балаға 77,2 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы төленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 51 балаға, төленген қаржы көлемі 2,7 млн теңгеге артты.

- жергілікті бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 982 адамға 61,2 млн теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.


Әлеуметтік көмек. Аудан және Байқоңыр қаласы бойынша 2015 жылдың қорытындысымен 12363 аз қамтамасыз етілген және мұқтаж азаматтарға 300,1 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді:

- 323 азаматтарға 6,3 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді, 2014 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 9 адамға, ал төленген қаражат көлемі 0,7 млн теңгеге азайды;

- 1907 отбасына 78,0 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалды, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көмек алушылар саны 167 отбасына, төленген қаражат көлемі 45,6 млн теңгеге азайды;

- 5711 балаға 99,0 млн теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы ттөленді, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жәрдемақы алушылар саны 180 балаға, төленген қаржы көлемі 12,6 млн теңгеге артты.

- жергілікті және республикалық бюджеттің есебінен жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 4422 адамға 116,8 млн теңгеге әлеуметтік көмектер төленді.

  • Құрылған күні: 05.10.2017 13:34
  • Жаңартылған күні: 04.07.2019 11:29
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі