16.12.2018

Валюта бағамы:

Жұмыспен қамту

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2018 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

2018 жылдың 3 тоқсанында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 4535 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын (1326 адам) қоса есептегенде/ тіркеуге алынды.2018 жылдың 1 қазанына аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 988 адам, тіркелген жұмыссыздар үлесі 3,9 пайызды /Қармақшы ауданы - 3,0 пайызы, Байқоңыр қаласы бойынша – 0,9/ құрайды.

2018 жылдың 9 айында 1144 адам тұрақты және уақытша жұмысқа, оның ішінде тұрақты жұмысқа 807 адам орналастырылды. (оның ішінде: мүгедек - 27 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 9 адам, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 560 адам) /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).

2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 839 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 9 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілер саны - 59, бос жұмыс орындар саны - 69.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2018 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

2018 жылдың 1 жартыжылдығында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 3289 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласы қаласын (939 адам) қоса есептегенде/ тіркеуге алынды.2018 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 936 адам, тіркелген жұмыссыздар үлесі 3,7 пайызды /Қармақшы ауданы - 2,9 пайызы, Байқоңыр қаласы бойынша – 0,8/ құрайды.

2018 жылдың 6 айында 992 адам тұрақты және уақытша жұмысқа, оның ішінде тұрақты жұмысқа 704 адам орналастырылды. (оның ішінде: мүгедек - 22 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 2 адам, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 99 адам) /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).

2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 604 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 6 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілер саны - 38, бос жұмыс орындар саны - 42.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2018 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24,8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны - 23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері - 13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары - 10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны - 1,3 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2% құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі - 5,6%.

2018 жылдың 1 тоқсанында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 1799 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласы қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды.2018 жылдың 1 тоқсанында аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1293 адам, тіркелген жұмыссыздар үлесі 3,9 пайызды /Байқоңыр қаласы бойынша 2,4/ құрайды.

2018 жылдың 1 тоқсанында 159 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. (оның ішінде: мүгедек - 29 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 10 адам, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 246 адам) /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).

2018 жылы аудан бойынша 775 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 151 жаңа жұмыс орындары ашылды

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 1 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Жұмыс берушілер саны - 8, бос жұмыс орындар саны - 8.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24,8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны - 23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері - 13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары - 10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны - 1,3 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2% құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі - 5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі - 5,6%.

2017 жылдың 12 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 3624 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды.2018 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 264 адам, тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,1 пайызды құрайды.

2017 жылдың 12 айында 878 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. (оның ішінде: мүгедек - 29 адам, жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар – 10 адам, 16-29 жасқа дейінгі жастар – 246 адам) /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/).

2017 жылы аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1099 жаңа жұмыс орындары ашылды, немесе жоспар 137,3 пайызға орындалды. Оның ішінде 802 тұрақты жұмыс орны, 297 уақытша жұмыс орны.

Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 12 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жылдық жоспар 100 пайызға орындалды. Жұмыс берушілер саны - 87, бос жұмыс орындар саны - 127.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 9 айында жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2742 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1090 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды.
2017 жылдың 9 айында 656 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 13 мүгедек, 7 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 246 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2017 жылы 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 770 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 473 тұрақты жұмыс орны, 297 уақытша жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 9 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-87, бос жұмыс орындар саны-127.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 25.3 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,2 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 2 тоқсанында халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 1148 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 1111 адам, жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрайды.
2017 жылдың 2 тоқсанында 416 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 11 мүгедек, 5 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 211 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2017 жылы 759 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 432 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 327 тұрақты жұмыс орны, 105 уақытша жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 8 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-77, бос жұмыс орындар саны-110.
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2017 жылдың 2 тоқсанында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-24,6% құрап отыр. 2017 жылдың 2 тоқсанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-65 адам, жұмысқа орналасқаны-11 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-34 адам, жұмысқа орналасқандар-5 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2017 жылдың 1 тоқсанында халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 1130 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 711 адам, жұмыссыздық деңгейі 2,8 пайызды құрайды.
2017 жылдың 1 тоқсанында 241 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 3 мүгедек, 3 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 146 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде.
Аудан бойынша 2017 жылы 750 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 2 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-18, бос жұмыс орындар саны-22, жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне -251 (98,0%), жұмысқа орналасқандар-241 адам (21,4 %).
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2017 жылдың 1 тоқсанында тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-17,6% құрап отыр. 2017 жылдың 1 тоқсанында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны - 19 адам, жұмысқа орналасқаны - 3 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-15 адам, жұмысқа орналасқандар - 3 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2016 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес Қармақшы ауданында экономикалық белсенді халық саны – 24.8 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны -23,5 мың адам болса, оның жалдамалы қызметкерлері-13,3 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары-10,1 мың адам, жұмыссыз халық саны-1,4 мың адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3 % құрады. Жастар жұмыссыздық деңгейі-5,5%, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі-5,6%.
2016 жылы халықты жұмыспен қамтуда жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 3823 жұмыссыз адам /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ тіркеуге алынды. Бөлімде есепте тұрған аудан бойынша жұмыссыз азаматтардың саны /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/ – 130 адам, жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызды құрайды.
2016 жылы 1537 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 41 мүгедек, 14 адам жазасын өтеп келгендермен пробация есебінде тіркеуде тұрған азаматтар, 757 адам 16- 29 жасқа дейінгі жастар /Байқоңыр қаласын қоса есептегенде/.
Аудан бойынша 2016 жылы 742 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жыл көлемінде жаңа жұмыс орындары 897, оның ішінде тұрақты орны-789 (106,3%), уақытша жұмыс орындары-108 орын, Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 12 рет (жоспар 12 рет) бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді, жұмыс берушілер саны-132, бос жұмыс орындар саны-255, жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне -251 (98,0%) Жұмыссыз ретінде хабарласқандар саны-3823 адам, жұмысқа орналасқандар-1537 адам (40,2 %).
Жүгінген нысаналы топтардың (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, мүгедектер, оралмандар) жұмысқа орналасу мәселесімен өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесінің жоспары -41%, 2016жылы тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі-47,7% құрап отыр. 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыс іздеуші ретінде хабарласкандар саны-81 адам, жұмысқа орналасқаны-41 адам, жазасын өтеп келгендердің хабарласқандар саны-49адам, жұмысқа орналасқандар-21 адам.


Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі бойынша 2015 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Жұмыссыздық және жұмыспен қамтылу деңгейі туралы:

2016 жылдың 1 қаңтарына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан жұмыссыздар саны 2584 адам. Қазіргі таңда есепте тұрған жұмыссыздар саны 872 адам, тіркелген жұмыссыздық үлесі 3,5 пайызды құрайды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайызға көбейіп отыр. Жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрады.Жалдамалы жұмысшылар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеген. Ауданда жалдамалы жұмысшылар санының төмендеу себебі, биылғы жылы ауданның ірі мекемесі «Жосалы жол дистанциясы» мекемесі жабылып, Қазалы ауданына қосылды. Сонымен бірге «ППС Ойл трэйд» ЖШС өз жұмысын тоқтатты.Байқоңыр қаласында жұмыс орындары қысқартылуда. Ауданда 6 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 62 азамат жұмыспен қамтылды.

  • Жарияланған күні: 04.10.2017 12:00
  • Жаңартылған күні: 04.10.2018 11:59
  • Көргендер саны: 1337
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі