24.06.2019

Валюта бағамы:

Аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру курстары өтеді

Афиша күні: 27.05.2019

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында, ү.ж. 27 – 29 мамыр аралығында «Базалық цифрлық дағдылар» және «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», 30 – 31 мамыр аралығында «Ашық үкімет» бағдарламалары бойынша аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру курстары өтеді.

«Базалық цифрлық дағдылар» курсының мақсаты - халықты базалық білімдермен, іскерліктермен және базалық ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларымен, одан әрі тиімді қолдану үшін ақпаратты іздеу, басқару, сақтау және алуға қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» курсының мақсаты - ақпараттық қауіпсіздік саласында өз білімдерін жетілдіру қажеттілігін қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын практикада қолдану.

«Ашық үкімет» курсының мақсаты - мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтыққа қол жеткізу, пайдаланушыларға өз пікірін білдіруге және мемлекеттік органдардан жедел жауаптар мен түсініктемелер алуға мүмкіндікті қамтамасыз ету.

Аталған курстарға қатысу тегін және ауданның кез келген тұрғыны қатыса алады.

Ескертпе: Курстарға қатысушыларға жеке басын куәландыратын құжатпен келу міндеттеледі.

Өтетін орны: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебі, С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі, О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі, А.Жанпейсов атындағы №105 орта мектебі, Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектебі, Ү.Томанов атындағы №183 орта мектебі, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі, №185 орта мектебі, №186 орта мектебі, №111 орта мектебі, Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі, №28 орта мектебі, №109 орта мектебі, №108 орта мектебі, №107 орта мектебі, №106 орта мектебі, №199 орта мектебі, №79 орта мектебі, №113 орта мектебі, №80 мектеп-гимназиясы, №85 орта мектебі, №99 орта мектебі, №269 орта мектебі, №279 орта мектебі, №272 орта мектебі, №273 орта мектебі, №274 орта мектебі, №275 орта мектебі, №277 орта мектебінің ғимараты.


«Базалық цифрлық дағдылар» оқыту курсының бағдарламасы:

1. Кіріспе (семинар өткізу жоспарымен және тренермен танысу)

2. Дербес компьютерлер туралы басты мәліметтер. Дербес компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы

2.1. Компьютердің негізгі компоненттері.

2.2. Операциялық жүйе туралы басты мәліметтер.

2.3. Операциялық жүйенің негізгі функциялары (интерфейспен, бағдарламалармен, папкалармен және файлдармен жұмыс істеу).

2.4. Дербес компьютерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

3. Интернет желісінде жұмыс жасау, бұлттық деректерді сақтау мұрағаттарын пайдалану

3.1. Дүниежүзілік тор және оның компоненттері туралы түсінік.

3.2. Веб-сайттарды браузер арқылы іздеу, таңдаулы веб-сайттарды сақтау.

3.3. Деректерді бұлтты сақтау туралы түсінік, оларды қолдану. Бұлтты мұрағаттардың негізгі мысалдары (Google Disk, Yandex.Disk, бұлт Mail.Ru бұлты және т. б.).

3.4. Электрондық поштамен жұмыс.

4. Microsoft Office офистік пакеті

4.1 Офистік бағдарламалар туралы жалпы мәліметтер.

4.2 Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы жалпы мәліметтер.

4.3 Microsoft Excel электрондық кестелер редакторы туралы жалпы мәліметтер.

4.4 Microsoft PowerPoint презентацияларымен жұмыс жасау бағдарламасы туралы жалпы ақпарат.

5. Әлеуметтік инженерия, дербес компьютерлермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік және құпиялылық

5.1. Дербес компьютерлерді қорғау (күрделі құпия сөзді орнату және үнемі ауыстыру, бұзудан қорғау, дербес және жеке деректердің сақталуын қамтамасыз ету және т.б.).

5.2. Лицензияланған вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды орнату, пайдалану және жаңарту

5.3. Алмалы-салмалы тасығыштарды алдын- ала вирусқа қарсы тексеру (флеш-жинақтағыштар, CD-дискілер және т.б.).

5.4. Әлеуметтік инженерия және компьютерлік этика (компьютерлерге қолданудағы «зияткерлік меншік» және «авторлық құқық» ұғымдарының мәні, авторлық құқықтардың бұзылуы және олардың алдын-алу тәсілдері).

6. Жұмыс іздеу және кәсіби біліктілікті арттыру үшін цифрлық технологияларды пайдалану

6.1. Жұмыс іздеу және кәсіби біліктілікті арттыруға арналған цифрлық технологиялар мүмкіндіктері.

6.2. Қазақстанда жұмыс іздеуге арналған негізгі порталдар.

6.3. Кәсіби біліктілікті арттыруға арналған негізгі онлайн-ресурстар.


«Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» оқыту курсының бағдарламасы:

1. Кіріспе (семинар өткізу жоспарымен және жаттықтырушымен танысу)

2. Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

2.1. Ақпараттық қауіпсіздік

2.2. Әлеуметтік инженерия

3. Антивирус және қауіпсіздік әдістері

3.1. Лицензияланған антивирустық бағдарламалық қамтылымды орнату, пайдалану және жаңарту

3.2. Қауіпсіздіктің ішкі қатерлері

3.3. Қауіпсіздіктің сыртқы қатерлері

3.4. Компьютерді қорғау (күрделі парольді орнату және үнемі ауыстыру, бұзудан қорғау, дербес және жеке деректердің сақталуын қамтамасыз ету және т.б.).

3.5. Резервтік деректер

4. Компьютерлік этика


«Ашық үкімет» оқыту курсының бағдарламасы:

1. Ашық үкімет

1.1. Ашық үкіметке кіріспе

2. Ашық деректер

2.1.Ашық деректер жиынтығын іздеу, қарау және жүктеу;

2.2. Ашық деректер жиынтығына түсінік беру;

2.3. Деректерді жариялауға және өзектендіруге өтінім беру;

2.4. Ашық деректер порталының API-ін пайдалану;

2.5. Жазылу және хабарламалар алу.

3. Ашық НҚА

3.1. Нормативтік-құқықтық актілер/РӘТ жобаларын іздеу және талдау нормативтік құқықтық актілердің түрлері бойынша сүзгіні өзгерту;

3.2. Нормативтік-құқықтық акті/РӘТ жобасы үшін түсінік беру және дауыс беру процесі;

3.3. Нормативтік-құқықтық актілердің/РӘТ архивтік жобаларын іздеу және қарау;

3.4. Жазылу және хабарламалар алу.

4. Ашық бюджеттер

4.1. Бюджеттік бағдарламалар жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген нысандарын, материалдарды іске асыру туралы есептерді (шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелері) іздеу және қарау;

4.2. Бюджеттік бағдарламалар жобаларына, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген нысандарына, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерге түсінік беру және материалдарға дауыс беру процесі (шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық есептілік, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау нәтижелері);

4.3. Жазылу және хабарламалар алу;

4.4. Бюджеттік бағдарламалардың архивтік жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген нысандарын, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді іздеу және қарау.

5. Ашық диалог

5.1. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының блогына өтініш беру;

5.2. Интернет-конференцияларға қатысу;

5.3. Сауалнамаларға қатысу;

5.4. Ұялы байланысының сапасына шағым беру.

5.5. Жазылу және хабарламалар алу.

5.6. Пайдаланушылардың өтініштеріне МО берген жауаптарды бағалау

6. Сұрақтар-жауаптар

7. Практикалық сабақтар

  • Жарияланған күні: 16.05.2019 11:26
  • Жаңартылған күні: 16.05.2019 18:35
  • Көргендер саны: 80
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі