30.05.2020

Валюта бағамы:

Бейнероликтер

Құрметті кәсіпкерлер!

Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясында халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті модернизациялауға қолдау көрсетуге бағытталған «ІСКЕРЛІК БАЙЛАНЫСТАР» құралына қатысуға шақырады

Жоба екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде еліміздің аумағында оқыту жүргізіледі. Қатысушылар шетелдік және отандық бизнес-тренерлердің жетекшілігімен өз кәсіпорындарының дамуының бизнес-жоспарын жасау үшін қажетті дағдылар мен білім алатын бизнес-тренингтер өтеді.

Екінші кезең қатысушылар үшін шетелде ақысыз тақырыптық бизнес-тәжірибе жинақтаушылықтан өтуді көздейді, бұл сонымен қатар шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату мақсатында да жүзеге асырылады.

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін қойылатын талаптар:

Қатысушы лауазымы басшының орынбасарынан (кәсіпорынның жоғарғы және орта буыны басшылары) төмен болмауы тиіс.

Қатысуға асығыңыздар!

Анықтама телефондары: 8/7242/ 400202, 8/7242/ 400874.

Қатысуға өтінімдер мен басқа да құжаттар Кызылорда қаласы Әйтеке би көшесі, 28-де орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету бөлімінде қабылданады (Кулмахан Салауат, Наурызбаев Талғат).

  • Жарияланған күні: 26.01.2018 04:07
  • Жаңартылған күні: 09.01.2019 00:35
  • Көргендер саны: 1088
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі