30.05.2020

Валюта бағамы:

Жастар саясаты

Жастар саясаты бойынша 2019 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қармақшы ауданы бойынша жалпы халық саны 54 317 адам, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар 13419. Жастар жалпы халықтың 24,7 % құрайды. Ерлер саны 7084, әйелдер саны 6335. NEET сантындағы жастармен жұмыс жасаудың барысы:

Аудандығы NEET санатына жататын жастар санының көрсеткіші де төмендеп келе жатыр. NEET санатына жататын жастар санының көрсеткіші 2019 жылдың қаңтар айына 52 жасты (Жоғарғы білімі бар- 10, орта және арнаулы орта- 42) құраған болатын, қазіргі таңда бұл көрсеткіш – 20 жасқа төмендеді. Жыл басынын бері 32 жас NEET санатына қатарынан шығарылды.

Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа орналасқан – 12 жас, «Бизнес періште» жобасы арқылы өзін – өзі қамтыған – 3 жас (3 жас- арнаулы орта);кәсіп ашқаны – 13 жас, әскерге аттанған – 1 жас, оқуларын жалғастырған –2 жас, жастар тәжірбиесі бойынша -1жас.

Жыл басынан бері «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша ауданымызда 110 жас оқыды оның 34 жасы қаржыландырылды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курсында 5 топ оқытылып, 97 жас қамтылды. Жастар тәжірибесі 152 жас қамтылып, тұрақты жұмысқа-18 жас орналасты, қоғамдық жұмысқа – 102 жас жолданды.

Жастар орталығының жұмысын жетілдіру бойынша:

2019 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға аудандық бюджеттен 19 886 000 теңге қаралды, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 6 500 000 теңге.

Аудандық жастар орталығының 2019 жылғы бюджеті 13 386 000 теңгені құрап отыр (2018 жылы 9 057 000 теңге). Орталықта бүгінде 8 (2 тех персонал) қызметкер жұмыс жасайды. Мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асырылуы бірінші кезекте жастар мамандарының жұмысының көрінісі екені анық.

Осы ретте, барлық кент және ауылдық округтердегі жастар мамандарының біліктіліктерін арттыру мен жаңашыл идеяларды жүзеге асыруды талқылауда республикалық және облыстық жастар ұйымдары өкілдері мен республикаға және облысқа танымал тренерлердің қатысуымен скайптық жүйе арқылы аптасына 1 рет (бейсенбі күні сағат 16:00-де) оқыту курстары жүргізілуде.

2018 жылдың ІV-ші тоқсанында жастар арасында жүргізілген сауалнама (1250 жас) қорытындысында 871 жас (69,6 %) ауыл шаруашылығымен айналысуға ниетті екендіктерін білдірді.

Сол себепті, жастар орталығы жанынан «Бизнес періште» жобасын пилоттық негізде жүзеге асырылды. «Жаңатұрмыс» ШҚ-на қарасты Иіркөл ауылдық округінің аумағынан 5 гектар егін шаруашылығына қолайлы жерде 3NEET санатына жататын жұмыссыз жас түрлі дәнді-дақылдарды (картоп, сәбіз, қауын, қарбыз т.б) егіп өнім жинаған болатын. 15-17 маусым аралығында «Жақаев ізбасарлары» еңбек оқыту лагері ұйымдастырылды. Лагер «Бизнес періште» жобасына қатысушыларға асар ретінде өткізіліп, 30 жас қамтылды. Олар жас егіншілерімізге картоп, қауын-қарбыз егуде және қос тігу мен көпір салуға көмектесті.

Жосалы кенті орталығында орналасқан «Тәуелсіздікдің 20 жылдығы» саябағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлер парк жұмысын жандандырды. Аптаның әр жұма және сенбі күндері ауданға қарасты барлық кент және ауылдық округтердің жастарының кешендімәдени-көпшілік кештері өткізілді.

Қармақшы ауданы бойынша білім беру мекемелерінің 2019-2020 оқу жылына қажетті мамандар тізіміжасақталған болатын. Қажетті мамандарды ауылға жұмысқа шақыруда өңіріміздегі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Болашақ университеті және М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің бітіруші түлектерімен кездесулер өткізілді.

2018 жылдың аяғында жастар арасында өзін-өзі басқаруды жетілдіруде оқушылар және жастар мәслихаттары құрылды. Оқушылар мәслихатында 29 оқушы, жастар мәслихатында 29 жас жастар орталығымен бірлесіп көптеген жұмыстар жасауда.

Ашық сана өкілдерін қалыптастыруда аптаның әр жұма күні ауыл әкімдері мен мектеп директорларының ауыл жастарымен бейресми кездесулері жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

Жастар жылы аясында Жастар орталығы жанынан «Жас талап» бастауышпартия ұйымы өз жұмыс бастады. Қазіргі таңда өз өтініштерін білдіріп, ұйым қатарына 20 жас еңгізілді.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық-бұзушылық:

Қылмыстың алдын-алуда ауданда кешенді іс шара жоспары бекітіліп, түрлі спорттық және мәдени көпшілік шараларға жастар тартылды. Шара барысында қоғамдық қабылдаулар мен мемлекеттік бағарламалар және жобалар туралы кеңестер берілді.

Сәуір-маусым айлары аралығында көше мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың, сондай ақ адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылықтың алдын алу бағытында аудан әкімдігінің бөлімдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері бірлесескен топ құрылып, түнгі 21:00 – 01:00 аралығында рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды.

Қолайсыз отбасылардан шыққан арнайы есепте тұратын, мінез-құлқы қиын жастар мен жасөспірімдерге белсенді жастардан тәлімгерлер аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып бекітіліп, адресті жұмыс жасалған болатын.

Қармақшы ауданы бойынша 2018 жыл бойынша 13 жас, ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 жас поробация қызметіне есепке алынған. Қуаңдария ауылдық округ территориясында орналасқан шекара заставасында жастардың патриоттық рухын көтеру мақсатында 3 экскурсия ұйымдастырылды. Пробацияда есепте тұрған және білім беру мекемелеріндегі мінез-құлықтары құқықбұзушылыққа икемді жастарды сала мамандарын қатыстыра отырып «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастырылып және қіші футболдан турнир өткізілді. Мақсаты азаматтар мен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

VІ. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша:

Қармақшы ауданы бойыншажыл басынан бері жастармен жұмыс жасауда 110 шара өткізілді.

Шілде және тамыз аралығында маусымдық жұмыспен қамтуда «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы шілде және тамыз айларында ауданда 100 жас жұмыспен қамтылды.

Ауыл жастарын әлеуметтендіруде «Ауыл DAY» жастар керуені өткізілді. Керуен 18 маусым-3 шілде күндері аралығында 10 елді мекен қамтылып, 3000 астам жас тартылды. Жоба барысында жастар арасында діни экстремизм, тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, ауылдағы жұмыссыз жастарды тарта отырып, оларға кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бағытында оқыту курстарын, тренингтер, кездесулер әр түрлі бағыттағы спорттық және мәдени шаралар өткізілді.

«Ақмешіт адалдық алаңы» жобасы аясында қазан айының 2-19 күндері аралығында кент және ауылдық округтер мен Байқоңыр қаласындағы мектептердегі жоғарғы сынып оқушылармен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Діни экстермиз мен терроризмнің алдың алу»,«Қылмыстылықтың алдын алу» бойынша түрлі бағыттағы кездесулер өткізілді.

Көңілді тапқырлар клубы қозғалысының 20 жылдығына арналған «DRIVE» жайдарман ойындарының көңілді тапқырлар үйірмесі жұмысы бастау алды.Сәуір айында бастау алған «Жастар бірлікке» жайдарман ойындарының финалдық кезеңге дейінгі сайыстары Ақтөбе, Көмекбаев, Ақжар, Төребай би ауылдық округтерінде өткізілсе, финалдық ойын аудан әкімінің кубогі үшін сайыс Жосалы кенті орталығындағы Мәдениет үйінде өткізіліп жеңімпаз командалар облыстық премер лигаға және мектеп лигасына жолдама алды.

6 қараша күні облыстық жастар орталығы ғимаратында «Қармақшы және Байқоңыр қаласының облыстағы бір күні» байқауы өткізілді. Байқау барысында аудан жастары белсенді түрде және жоғары деңгейде өнер көрсетті. Байқау барысында қобызпен домбырадан ән шашу,аудан жастарының төл туындыларынан көрме, стритбол ойын түрінен жарыс, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Отан алдындағы борышын атқарудан жалтару» тақырыптарында дебат ойындары, ауданнан шыққан танымал тұлға Н. Құлмырзаевпен және Қармақшы аудандықжастар ресурстық орталығының директоры Ә. Ыбрахиммен «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында кездесу және мерекелік кеш өткізілді.

14 қараша күні кент орталығындағы жоғарғы сынып оқушыларының арасында "Ашық есік" күні аясында Қуаңдария ауылдық округінде орналасқан "Қосшың" заставасына экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар экскурсия барысында оқыту жаттығуылары, әскери сарбаздардың бір күндігімен танысты. Экскурсия жастардың патриоттық рухын көтеруге мол мүмкіндік жасады.

20 қараша күні «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталағы»КММ-нің ұйымдастыруымен «Қармақшы жалынды жастар мекені» тақырыбында жастар форумы өткізілді. Жастар форумының басталуы, Ұлттық тренерлер пулының жетекшісі Сабыржан Кеңшіліктің ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі мамандарының арасында келер жылы волонтерлар жылы болғандықтан, «Еріктілік тақырыбында» секциялық жұмыстарды ұйымдастырды.

Жастар үйі ғимаратында дебат және тенис ойындарынан «Аудан әкімінің кубогі» өткізілді. Жастар форумы аясында аудан әкімі М.Қалдарбеков ауданымызда өз саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген жастарға арналған алғаш рет «Жас Шың» жастар сыйлығын табыстады. Жастар форумының жабылу салтанатына облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ. Жанұзақов қатысып, аудан жастарына ізгі тілегін білдіре отырып, облыс әкімінің орынбасары Н. Байқадамовтың алғыс хатын табыстады. Форум соңында жыл бойы белсенділік танытқан жастар аудан әкімінің және басқарма басышсының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жыл қорытындысымен «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Атырау қаласында өткен форумда «Үздік жастар ортылығы» номинациясымен марапатталып республикамыздағы үздік 5 орталық қатарына қосылған болатын.

Оған қоса, Ресей Федерациясындағы Новосибирск қаласының жастар орталықтарымен тәжірбие алмасу жұмыстары жүргізілді.


Жастар саясаты бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша жалпы халық саны 54 317 адам, оның ішінде 13 419 жас. Жастар жалпы халықтың 24,7 % құрайды. Оның ішінде, ерлер саны 7084, әйелдер саны 6335 (Қызылорда облысы статистика департаментінің мәліметі). Жұмыссыз жастар саны 468 жас, оның 52 жасы NEET санаты.

Аудан бойынша 14-29 жас аралығында – 13 419 жас бар (оқушылар - 1721 жас, студенттер – 1926 жас, жұмыссыздар – 468 жас, бала күтінімдегі аналар – 931, тұрақты жұмыс жасайтындар – 4152, Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1523, жеке кәсіпкерлер – 464, шетелде – 49, өзге облыстарда – 691, әскерде – , жоғары немесе орта арнаулы білімі жоқ жастар саны – 143 т.б).

Бүгінде орталықта 6 қызметкер жұмыс жасайды. Мекеме бюджеті 2018 жылы 9 млн 057 мың болса, 2019 жылы 11 млн 763 мың теңгені құрады. Аудан жастарының 30 % астамы тұратын Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының орындалуын жүзеге асыратын екі қызметкер жастар орталығы жанынан өз жұмысын бастады.

2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқудың бірінші легі бойынша 40 тұрғын тіркелген, оның ішінде 20-сы жас.Аудандық жастар ресурстық орталығының мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асуы бірінші кезекте жастар мамандарының жұмысының көрінісі екені анық. Алайда, мемлекетімізде жастар саясатын жүзеге асырушы жастар мамандарын оқытатын, біліктілігін арттыратын орталықтар жоқ. Осы ретте, барлық кент және ауылдық округтердегі жастар мамандарының біліктіліктерін арттыру мен жаңашыл идеяларды жүзеге асыруды талқылауға, оқыту курстарын жүргізу мақсатында скайптық жүйе арқылы аптасына 1 рет (бейсенбі күні сағат 16:00-де) оқыту курстарын өткізілуде. Оқытуға облыстық жастар басқармасының қызметкерлері, «Жастар» ҒЗО қызметкерлері, «Ұлттық жастар мамандары» оқыту академиясы өкілдері, республикалық жастар ұйымдары басшыларын қатыстыра отырып пікір алмасу платформасы қалыптыстырылуда. Нәтижесінде, оқытудан өткен мамандардың біліктілігі артып, кең көлемді тәжірбие алатын болады.

Пробацияда есепте тұрған және білім беру мекемелеріндегі мінез-құлықтары құқықбұзушылыққа икемді жастарды сала мамандарын қатыстыра отырып Қызылорда қаласында орналасқан түзету мекемелеріне және Қуаңдария ауылында орналасқан әскери бекетке 6 экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда. «Жастар корпусы» Жас проджект жобасы бойынша аудан бойынша 12 жеңімпаздыңішінде «Бастау-Бизнес» оқыту курстарында 5 жоба жеңімпазы оқуға қатысып, бизнесін жалғастыруға ниет білдірді.«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының І бағытында ұйымдастырылып отырған кәсіптік оқытуды ватсап және әлеуметтік желілерде кең көлемде ақпаратандырылды. 15-17 маусым аралығында «Жақаев ізбасарлары» еңбек оқыту лагері ұйымдастырылды. Лагер «Бизнес періште» жобасына қатысушыларға асар ретінде өткізіліп, 20 жас қамтылды. Олар жас егіншілерімізге картоп, қауын-қарбыз егуде және қос тігу мен көпір салуға көмектесті.

Маусымдық жұмыспен қамтуда «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы ауданда биыл 100 жасты жұмыспен қамтылды. Облыс әкімдігі мен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры (бұдан әрі - Қор) арасындағы келісімге сәйкес Қорға аудан бойынша 1 әлеуметтік маңызды жоба ұсынылды.

Аудандық білім, спорт бөлімдері мен жастар орталығы бірлесіп мемлекеттік нысандардағы спорт залдарды кешкі уақыттарда жастарға пайдалануға берудің кестесі бекітілді. Тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, жастар спортпен тұрақты түрде шұғылдануға мүмкіндік жасалды. Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қорқыт» кіші футбол лигасы құрылып, ішкі чемпионат жүргізілді. Аудандық «DRIVE» жайдарман ойындары жүргізілу үстінде.

Ауыл жастарын әлеуметтендіруде «Ауыл DAY» жастар керуені өткізілді. Жоба барысында жастар арасында діни экстремизм, тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, ауылдағы жұмыссыз жастарды тарта отырып, оларға кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бағытында оқыту курстарын, тренингтер, кездесулер әр түрлі бағыттағы спорттық және мәдени шаралар өткізілді.

Пробацияда есепте тұрған жастармен кіші футболдан сайыс өткізілді және «Қоқыт ата» мемориалдық кешеніне экскурция ұйымдастырылды. Аудандық бюджет есебінен үстіміздегі жылы жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған 10 нысанның қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жастар үйі жанынан 2018 жылдың қазан айынан бастап коворкинг орталық жұмыс жасауда. Бүгінгі күні жас кәсіпкерлердің демеушілігімен үстел теннисі және түрлі ойындар, музыкалық аппарат алынды.


Жастар саясаты бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша жалпы халық саны 54 317 адам, оның ішінде 13 419 жас. Жастар жалпы халықтың 24,7 % құрайды. Оның ішінде, ерлер саны 7084, әйелдер саны 6335 (Қызылорда облысы статистика департаментінің мәліметі). Жұмыссыз жастар саны 167 жас, оның 52 жасы NEET санаты.

Аудандық жастар ресурстық орталығы 2018 жылдың ІV-ші тоқсанында жастар арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама қорытындысында аудан жастарының басты мәселе деп санайтыны; 41,1 % - жұмыссыздық, 33,2 % - тұрғын-үй, 12,5 % - кәсіп ашу десе 13,2 % - әр-түрлі мәселелерді көрсетті. Бүгінде орталықта 8 қызметкер жұмыс жасайды. Мекеме бюджеті 2018 жылы 9 млн 057 мың болса, 2019 жылы 13 млн 386 мың теңгені құрады. 2019 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқудың біріншілігі бойынша 40 тұрғын тіркелген, оның ішінде 20-сы жас.

Аудандық жастар ресурстық орталығының мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асуы бірінші кезекте жастар мамандарының жұмысының көрінісі екені анық. Алайда, мемлекетімізде жастар саясатын жүзеге асырушы жастар мамандарын оқытатын, біліктілігін арттыратын орталықтар жоқ. Осы ретте, барлық кент және ауылдық округтердегі жастар мамандарының біліктіліктерін арттыру мен жаңашыл идеяларды жүзеге асыруды талқылауға, оқыту курстарын жүргізу мақсатында скайптық жүйе арқылы аптасына 1 рет (бейсенбі күні сағат 16:00-де) оқыту курстарын өткізілуде. Оқытуға облыстық жастар басқармасының қызметкерлері, «Жастар» ҒЗО қызметкерлері, «Ұлттық жастар мамандары» оқыту академиясы өкілдері, республикалық жастар ұйымдары басшыларын қатыстыра отырып пікіралмасу платформасы қалыптыстырылуда. Нәтижесінде, оқытудан өткен мамандардың біліктілігі артып, кең көлемді тәжірбие алатын болады.

Пробацияда есепте тұрған және білім беру мекемелеріндегі мінез-құлықтары құқық бұзушылыққа икемді жастарды сала мамандарын қатыстыра отырып Қызылорда қаласында орналасқан түзету мекемелеріне және Қуаңдария ауылында орналасқан әскери бекетке 6 экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда. «Жастар корпусы» Жаспроджект жобасы бойынша аудан бойынша 12 жеңімпаздың ішінде «Бастау-Бизнес» оқыту курстарында 5 жоба жеңімпазы оқуға қатысып, бизнесін жалғастыруға ниет білдірді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының І бағытында ұйымдастырылып отырған кәсіптік оқытуды ватсап және әлеуметтік желілерде кең көлемде ақпаратандырылды. Облыс әкімдігі мен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры (бұдан әрі - Қор) арасындағы келісімге сәйкес Қорға аудан бойынша 1 әлеуметтік маңызды жоба ұсынылды.

Аудандық білім, спорт бөлімдері мен жастар орталығы бірлесіп мемлекеттік нысандардағы спорт залдарды кешкі уақыттарда жастарға пайдалануға берудің кестесі бекітілді. Тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, жастар спортпен тұрақты түрде шұғылдануға мүмкіндік жасалды. Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қорқыт» кіші футбол лигасы құрылып, ішкі чемпионат жүргізілуде. Аудандық бюджет есебінен үстіміздегі жылыжастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған 10 нысанның қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жастар үйі жанынан 2018 жылдың қазан айынан бастап коворкинг орталық жұмыс жасауда. Бүгінгі күні жас кәсіпкерлердің демеушілігімен үстел теннисі және түрлі ойындар, музыкалық аппарат алынды.


Жастар саясаты бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қармақшы ауданы бойынша жалпы халық саны 54 317 адам, оның ішінде 13 419 жас. Жастар жалпы халықтың 24,7 % құрайды.Оның ішінде, ерлер саны 7084, әйелдер саны 6335 (Қызылорда облысы статистика департаментінің мәліметі). Жұмыссыз жастар саны 487 жас, оның 120 жасы NEET санаты.

Аудан бойынша 14-29 жас аралығында – 13 419 жас бар (оқушылар - 1897 жас, студенттер – 1926 жас, жұмыссыздар – 470 жас, бала күтінімдегі аналар – 920, тұрақты жұмыс жасайтындар – 4152, Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар – 1523, жеке кәсіпкерлер – 169, шетелде – 49, өзге облыстарда – 691, әскерде – 121, жоғары немесе орта арнаулы білімі жоқ жастар саны – 143 т.б).

Аудандық жастар ресурстық орталығы 2018 жылдың ІV-ші тоқсанында жастар арасында сауалнама жүргізген болатын. Сауалнама қорытындысында аудан жастарының басты мәселе деп санайтыны; 41,1 % - жұмыссыздық, 33,2 % - тұрғын үй, 12,5 % - кәсіп ашу десе 13,2 % - әр-түрлі мәселелерді көрсетті.

Бүгінде орталықта 6 қызметкер жұмыс жасайды. Мекеме бюджеті 2018 жылы 9 млн 057 мың болса, 2019 жылы 11 млн 763 мың теңгені құрады.

Аудан жастарының 30 % астамы тұратын Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде мемлекеттік жастар саясатының орындалуын жүзеге асыратын екі қызметкер жастар орталығы жанынан өз жұмысын бастады.

Пробацияда есепте тұрған және білім беру мекемелеріндегі мінез-құлықтары құқықбұзушылыққа икемді жастарды сала мамандарын қатыстыра отырып Қызылорда қаласында орналасқан түзету мекемелеріне және Қуаңдария ауылында орналасқан әскери бекетке 6 экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда.

«Жастар корпусы» Жас проджект жобасы бойынша аудан бойынша 12 жеңімпаздың ішінде «Бастау-Бизнес» оқыту курстарында 5 жоба жеңімпазы оқуға қатысып, бизнесін жалғастыруға ниет білдірді.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының І бағытында ұйымдастырылып отырған кәсіптік оқытуды ватсап және әлеуметтік желілерде кең көлемде ақпаратандырылды.

Маусымдық жұмыспен қамтуда «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы ауданда биыл 100 жасты жұмыспен қамту көзделуде.

Облыс әкімдігі мен «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры (бұдан әрі - Қор) арасындағы келісімге сәйкес Қорға аудан бойынша 1 әлеуметтік маңызды жоба ұсынылды.

Аудандық білім, спорт бөлімдері мен жастар орталығы бірлесіп мемлекеттік нысандардағы спорт залдарды кешкі уақыттарда жастарға пайдалануға берудің кестесі бекітілді. Тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, жастар спортпен тұрақты түрде шұғылдануға мүмкіндік жасалды.

Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Қорқыт» кіші футбол лигасы құрылып, ішкі чемпионат жүргізілуде.

Аудандық бюджет есебінен үстіміздегі жылы жастардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған 10 нысанның қайта жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жастар үйі жанынан 2018 жылдың қазан айынан бастап коворкинг орталық жұмыс жасауда. Бүгінгі күні жас кәсіпкерлердің демеушілігімен үстел теннисі және түрлі ойындар, музыкалық аппарат алынды.

Мамыр-маусым айында жас кәсіпкерлердің қаржысымен жастар үйінің жанынан стрит-варкаут алаңын салу жоспарлануда.


Жастар саясаты бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Ауданда 2016 жылдың қарашасынан бастап «Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімініңжанынан "Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Бүгінде орталықта 6 қызметкер жұмыс жасауда. Мекеме бюджеті 2018 жылы 9 млн 057 мың теңге, 2019 жылы мекеме бюджеті – 9 650 000 теңгені құрап отыр. Аудан бойынша 14-29 жас аралығында –12 342 жас бар. Жалпы жастар халықтың 22,8 пайызын құрап отыр.

Аудандағы жұмыссыз жастардың саны 395 болса, оның ішінде NEET санатындағы жастар саны 112 жас. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2 пайыз.

Жалпы, 2018 жылы NEET және осал топтардағы жастармен жұмыс жасау, нысаналы топтармен адресті жұмыстарды күшейту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 40 әр түрлі бағытта іс-шара, 22 спорттық шара, 30 акция, 100-ге жуық кездесу, 27 рейд, 9 экскурсия ұйымдастырылып- өткізілген шараларға 7000-ға жуық жанама қатысушы жастар тартылды.

2018 жылы «Жастар жарқын болашаққа» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті, бұл шара барасында әр аталым бойынша жыл үздіктерінен 10 жас марапатталды. Шара барасында «Жастар корпусын» дамыту жобасының көрмесі ұйымдастырылды. (zhasproject.kz)

Сонымен қатар ауданымза тұңғыш рет «Жастар жылына» орай «Қармақшы жалынды жастар мекені» атты аудан жастарының балы өткізілді, Шара барысында аудандық жастар саясаты саласында қызмет атқарып жүрген мамандармен бірге белсенді жастар және «Жастар корпусын» дамыту жобасының жеңімпаздары облыс әкімі орынбасарының, аудан әкімінің және жастар саясаты мәселелері басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыған 107 азамат болса, оның ішінде 35-іжастар. Қазіргі таңда 9 жас несие алып өз кәсібін жүргізуде.

Биылғы жылы «Жастар корпусын дамыту» жобасы бойынша Қармақшы ауданынан 27 жоба ұсынылып, 13 жоба жеңімпаз болып танылды. Аудан бойынша 13 жобаға 42 жас қатысып отыр. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы саласы бойынша - 3 жоба, ұлттық қолөнерді дамыту бойынша - 5жоба, балалар ойын-сауық орталығы – 2 жоба, тамақ өнімдері - 2 жоба, сән салоны - 1 жоба.

Ағымдағы жылы жазғы маусым кезінде туған жерді көркейту-көгалдандыру мақсатында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында студент және жұмыссыз 100 жас жұмыспен қамтылды. Жасыл ел сарбаздары орман шаруашылығы мекемесіне қарасты «Тұқымбағында» көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Қармақшы ауданы бойынша 2017-2018 оқу жылында жалпы 652 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде 640 оқушы жоғары және орта арнаулы оқу орнына оқуға түскен. «Серпін 2050» бағдарламасымен ауданымыздың 53 жасы колледждер мен университеттерде білім алуда.

2018 жылы ауданда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жалпы 54 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 183,3 млн теңге несие берілді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2018 жылы жергілікті бюджеттен жалпы 14 млн 94 теңге бөлінген, оның 5 млн 037 мың теңге қаржысына төрт әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда:

1) «Жастар арасындағы құқық бұзушылық, діни экстремизм көріністерінің алдын алу» жобасы;

2) «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту» барысында шараларды ұйымдастыру» жобасы;

3) «Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру» жобасы;

4) «Қармақшы ауданында аулалық клубтар және көңілді тапқырлар клуб жұмыстарын үйлестіру» жобасы.

2019 жылы «Жастар жылын» кең көлемде атап өтуде аудандық кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, «Қармақшы – жалынды жастар мекені» жобасы жүзеге асырылады. Жобада әр айға арнайы атау беріліп, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен турнирлер, фестивалдер ұйымдастырылады. Аудандар арасында алғаш болып жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған «КОВОРКИНГ» орталықтар ашылған болатын, келер жылы осындай бес орталықты ашуды жоспарлап отырмыз.

Жастарымыздың өзін-өзі басқаруын жетілдіру де ауданымызда оқушылар және жастар мәслихаттары құрылды, жас депутаттарымыз жастарымыздың мәселесін оңтайлы шешуде ұсыныстарын айтып, мәселесін талқылайтын ашық алаң қалыптастырады және шешу жолында еңбек ететін болады.

«Прогресс» аудандық дебат үйірмесінің жұмысы үйлестіріліп, аудандық, облыстық, республикалық турнирлер мен арнайы аудан әкімінің кубогі ұйымдастырылатын болады.

Одан бөлек, «DRIVE» аудандық көңілді тапқырлар үйірмесінің жұмысы бастау алады, аудандық лига жасақталып, аудан әкімінің кубогі үшін сайыстар өткізіледі.

Елбасы жолдауын жүзеге асыруда, аудан жастарын елжанды азамат болып қалыптастыруда «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы құрылса, киелі Қорқыт елінің қыр сырын жастар арасында насихаттауда, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруда «Жиһанкез» жас өлкетанушылар қозғалысыбарлық кент және ауылдық округтерде жұмысын бастайтын болады.

Жастар арасында «Жастар жырлайды» атты жас жыраулар мен термешілер байқауы және «Жастардың да айтары бар!» атты жас ақындар айтысы.

Ұлттық кодты сақтай отырып төртінші өнеркәсіптік революцияға жастарымызды дайындауда аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Робототехника» үйірмелері өз жұмыстарын ауылдық елді-мекендерде ұйымдастырыладыжәне «Ой DAY» облыстық ІТ және робототехника байқауы өткізіледі.

Мемлекеттік жастар саясаты туралы республикалық, облыстық және жергілікті басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар электрондық ақпарат құралдарында 30 дан аса мақала жарық көрді. Сонымен қатар, сайттар (Бақ.кз, Кызылорда ньюс) пен (фейсбук, в.контакте,тағы да басқа) әлеуметтік желілерде үнемі жасалған жұмыстар ақпараттандырылып отырады.

  • Жарияланған күні: 09.01.2019 04:46
  • Жаңартылған күні: 07.01.2020 19:50
  • Көргендер саны: 1486
Астана 20 жыл
Қызықты ақпарат
Сіз электронды үкіметтің порталы арқылы қызмет алдыңыз ба?
Халықтан сұхбат

Оқиғалар күнтізбесі