Мемлекеттік сатып алу саласындағы камералдық бақылау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті тарапынан Қызылорда облысы бойынша барлық аудандарда семинарлар ұйымдастырылуда.

Осы семинарларда мемлекеттік сатып алу барысында камералдық бақылау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу туралы Қағидасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы»2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай-Заң) 14-бабының9) тармақшасына сәйкес әзірленіп, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібі айқындалған.

Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Камералдық бақылауды уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырып тексеружолымен, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижелері бойынша Заңның 14-бабының3-тармақшасы және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармақшасы негізінде Заңның 30-бабында және Қағидада белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ, тұрақты негізде жүргізеді.

Осыған орай,Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында 25214 лоттар бойынша 110989457,9 мың теңгеге камералдық бақылау жасалынды.

Соның ішінде 216 лот бойынша 822035,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталып хабарламалар жолданды.

Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

Аудит объектілерінің шығыс операцияларын тоқтату әрекеттерін қолдануғажеткізбеу мақсатында, Қызылорда облысы бойыншаІшкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы№392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен белгіленген тәртіп сақталуы керек екендігіне Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс берушілерінің назарын аударады.

Қызылорда облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

бас маманы

Қ. Қамзаев

  • Дата публикации: 24.04.2019 04:48
  • Дата изменения: 24.04.2019 16:49
  • Просмотры: 348
20-летие Астаны
Интересное
Получали ли Вы услуги на портале электронного правительства?
Опрос населения

Календарь событий